Облыста «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында қанша адам жұмыспен тартылды?

0

«Жұмыспен қамтудың жол картасы»  Жамбыл облысындағы халықты жұмыспен қамтамасыз етудің және әлеуметтік мәселелерді шешудің тиімді құралына айналды.

Өңірде аталған бағдарлама аясында 831 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішінде 180 жоба әлеуметтік нысандардың инфрақұрылымын дамытуға, 200 жоба – ТКҮШ, 327 жоба – инженерлік-көлік инфрақұрылымын дамытуға, 124 жоба елді мекендерді абаттандыруға бағытталған.

Өңірде 19 599 жаңа жұмыс орнын құру көзделуде. Жұмыспен қамтылған жұмысшылардың кемінде жартысы жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасуы керек.

Бүгінгі таңда 821 жобаны іске асыру басталған десек, оған 14 мыңнан астам адам, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 7 мың адам тартылған.

Бағдарлама тұрғын үй мәселесін шешуге де өз үлесін қосуда.  Оның шеңберінде 706 пәтерлік 12 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған, бұл тұрғын үй кезегіндегілердің баспана мәселесін 2 пайызға төмендетеді деп күтілуде.

«Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыру нәтижесінде өңір бойынша материалдық-техникалық база жаңартылып, денсаулық сақтау мен спорт нысандарының қол жетімділік деңгейі артады. 20 мыңнан астам ауыл тұрғындары таза ауыз сумен қамтылып, орталықтандырылған сумен жабдықталған тұрғындар үлесі 72 пайыздан 75,4 пайызға дейін өспек. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайда жолдардың үлесі 59,5 пайыздан 77,2 пайызға дейін, абаттандырылған аулалар үлесі 9,7 пайыздан 31 пайызға дейін артуы көзделген.

Сонымен қатар, Қордай ауданындағы Масанчи, Сортөбе, Булар батыр, Қаракемер ауылдары газдандырылады. Табиғи газбен 50 мыңнан астам адам қамтамасыз етілмек.

Ағымдағы жылы Қордай ауданынындағы дүнген отбасылары дәстүр бойынша  көкөніс дақылдарын өсірумен айналысатын Шу ауданына аттанған болатын.

Шу ауданына жұмыс сапары барысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев фермер Лұқмар Сандуров пен тағы екі отбасы мүшелері еңбек ететін  егіс алқабына ат басын бұрды. Олар 150 гектар жерге пияздың «Манас» сортын өсіруде.

Масаншы ауылының тұрғыны магистралды каналдың жағасына қуатты сорғыш пен су резервуарын орнатып, сол арқылы тамшылатып суару әдісін қолданып отыр.

Диқаншылардың өздерінің айтуынша, биыл олар бір гектардан кем дегенде 80 тоннадан пияз жинауға ниетті. Өз өнімдерін еліміздің әр аймақтарына жеткізбек.

Айта кету керек, биыл Қордай ауданынан 467 дүнген отбасы келіп, егіс жұмыстарын жүргізу үшін 8300 гектардан астам жер алған. Қордай ауданының ауылдарындағы  қайғылы оқиғалардан кейін кейбіреулер дүнген ағайындардың іскерлік белсенділігіне қатысты теріс болжамдар жасаған болатын.

Алайда, бүгінгі таңда бұл еңбекқор халықтың өкілдері өздерінің сүйікті ісімен айнылысып, құнарлы Шу жерінде егістік жұмыстарын сәтті жүзеге асыруда.

Бердібек Сапарбаев Л.Сандуровқа пияз өсімінің жақсы жағдайы үшін ризашылығын жеткізіп, қолданылған тыңайтқыштардың сапасы, жұмылдырылған еңбек күші мен жалақы мөлшеріне көңіл бөлді. Сонымен қатар, өінімді келесі көктемге дейін шығынсыз сақтап отыру үшін қолайлы қоймалар салуға кеңес берді.            

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.