Жамбылда ҚХА мүшелері мен қоғам белсенділері марапатталды

0

Осыдан тура 25 жыл бұрын, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Осы айтулы күнге мерейтойлық медаль белгіленген болатын. Ол елдегі қоғамдық келісімді нығайтуға және Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан азаматтарға беріледі.

Осы орайда Жамбыл облыстық әкімдігінде «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 25 жыл» мерейтойлық медалімен салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Медальдар Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне, этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне, қоғам белсенділеріне берілді.

– ҚХА-ның негізгі міндеті – елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекет пен азаматтық институттар арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде ұлтаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылық пен халықтың бірлігін нығайту үшін көп жұмыс атқаруда. Біздің еліміздің өркендеуінің кепілі – түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен сыйластық. Мен баршаңызды ҚХА мерейтойымен құттықтаймын, – деді жиналғандарға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Ол сондай-ақ облысымыздағы 70-тен астам этномәдени бірлестік көптеген ұлттардың мәдениеті, тілдері мен дәстүрлерін дамытуға өз үлестерін қосып отырғандығын атап өтті.

– ҚХА түрлі ұлттың бірлігін көрсетеді. Біз бір болсақ, біз жеңілмейміз. Тек жақын адамдар ғана қиын кезеңдерден өтіп, барлық қиындықтарды бірге жеңе алады, – деді облыс әкімі.

Ал «Днепро» украин ұлттық мәдени орталығы»  қоғамдық бірлестігінің төрағасы Федор Клименко ҚХА құрылған күн адамдардың жүрегінде өшпес із қалдыратын даталардың бірі екенін атап өтті.

«ҚХА – бұл бірліктің қазақстандық моделін құруға үлес қосқан бірегей институт», – дейді ол.Сонымен қатар, облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Айгүл Кабиева өз сөздерінде тұрақтылық пен өзара құрметтің маңыздылығы туралы айтты.Бердібек Сапарбаев барлығына жемісті жұмысы үшін алғысын білдіріп, алдағы жоспар-жобаларына  табыс тіледі.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.