Ш.Уәлиханов кітапханасына жарты жылда Абай жайында 236 дана кітап түсті

0

Биыл қазақ әдебиетінің асқар биігі Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы. Кеше ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының ұсынысын қолдап 10 тамыз – Абай Құнанбайұлының туған күнін «Абай күні» деп белгіледі. Біз осылайша ақын, ғұлама, ойшыл, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор хакім Абайдың туған күнін жыл сайын тойлаймыз.

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында жыл басынан бері түрлі мәдени іс-шаралар өтуде. Кітапханада «Абай мұрасы» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Абай жолы ұлы туынды» онлайн әдебиет әлемі, «Абай жүрген ізбенен…» онлайн Абай оқулары өтіп, кітапханашылар мен оқырмандар Абайдың әндерін, өлеңдерін, қарасөздерін, күйлерін орындап, кітап көрмесіне онлайн шолулар жасауда.

Сонымен бірге ақын мерейтойына орай республикалық, облыстық, аудандық кітапханалар арасында челлендждер ұйымдастырып, әлеуметтік желіде 100- тен астам Абай шығармашылығы насихатталып, біз ұсынған челлендж облыс кітапханаларында жалғасын тауып, бұл цифр бірнеше есеге көбейді. Тағы бір ерекше жаңалығымыз 10 тамыз күні кітапхананың фейсбук әлеуметтік желісін Абай күніне арнаймыз. Сол күні біздің парақша арқылы ақынның өмірімен танысып, өлеңдерін тыңдап, кітап қорындағы әдебиеттерге онлайн шолулар ұйымдастырылады.

Кітапхананың алтын қоры, асыл қазынасы – кітаптар. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында кітапханамызға Абай шығармашылығын дәріптейтін 67 атау санымен, барлығы 236 дана кітап келіп түсті.

Абай поэзиясы – даналықтың, махаббат пен адалдықтың поэзиясы, оның мол мұрасын жаңаша ұғыну жалғасып, кітапхана өз оқырмандарына Абай мұрасын насихаттау жұмысын тыңғылықты түрде жалғастыра береді.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.