Қайырымдылық – қайырлы іс. 100 қап картоп таратты

0

Бірі білсе, бірі білмес Құмтиын ауылында «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының өкілі Марат аға Оспанов тұрады. Ағамыздың жан сүйсіндірер қарапайымдылығы өз алдына бөлек тақырып десек, қайырымды амалдары да бір төбе екен. Жолығып, тілдескен кейін Марат ағаны жақсылық арқалаушы, жомарт жанға балағанбыз. Бүгінде ауданның орталығынан аудан әкімдігі қажетті заттармен жабдықталған жұмыс бөлмесінде берген екен. Жұмысқа білек сыбана кіріскеніне көп уақытта болмаған. Дегенмен жұмысының алғашқы шымылдығын ізгі шарамен ашқанды жөн көріпті.

Игі іске иілген азамат өз қаражатына 100 дана картоп сатып алып, аудандағы мүмкіндігі шектеулі балаларға, тұрмыстық табысы төмен және бала асырап алған отбасыларға үлестірген.

– Төрткүл дүниені дүр сілкіндірген аты жаман індет қай-қайсымызға болсада сесін көрсетті. Біріміздің жақынымыз ауырып, абдырақ қалсақ, енді біріміз табысымыздан айырылдық. Осы орайда тұрғындарға қолымнан келгенше көмегімді көрсеткім келді. Көріп тұрғандарыңыздай қазір Құмтиын, Қаракемер ауылдарына 60 қап, Аса ауылына 40 қап картопты жеткізіп бердік. Бұл да бір көмек болсын, – деді Марат Балпықұлы бізбен әңгімесінде.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.