Қарабалаев: Учаскелік полицейлер құрылыс жүріп жатқан нысандарды тексеруі тиіс

0

Бүгін Тараз қаласының аумағындағы қылмыстық істер жөнінде өткен арнайы жиын барысында қала әкімі Айтқазы Қарабалаев құрылыс жүріп жатқан нысандарды учаскелік полицейлердің тексеруі керектігін айтты.

Көпқабатты тұрғын үйлердің шатырларын жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан үйлер бойынша мердігер мекемелермен жиналыс ұйымдастырылып, жөндеу жұмыстарының қарқынын арттыру бойынша тапсырмалар берілді. Қазіргі уақытта 80 көп қабатты тұрғын үйден тек 27 тұрғын үй бойынша жөндеу жұмыстары аяқталған.

Жиынға Таразқаласы прокурорының м.а. — Б.Төлеуов, Тараз қаласының полиция басқармасы басшысы — А.Заурбеков, қала әкімінің орынбасары — А.Есеналиев, қала әкімінің аппарат басшысы — Д.Абдуқасымов, ұйымдастырушылық-инспекторлық бөлімше басшысы – А.Мейрхан, Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі басшысы — Ғ.Ералиев, Тараз қаласы әкімдігінің ТЖКШ, ЖК және АЖ бөлімі басшысы З.Тұрсынұлы, аумақтық округ бас инспекторлары, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару қызметін көрсетуші мекемелер («Жасыл Ел-Тараз» ЖШС, «Сұлтанқазы» ЖШС, «Сәрсенбай» ЖШС, «Нұрлы-Тараз» ЖШС, ЖК «Махмудов Т.», ЖК «Баймуханбетов Б.», ЖК «Тазалық», ЖК «Жамбай») басшылары, Тараз қалалық полиция басқармасының учаскелік полиция қызметкерлері және кәмелетке толмаған жастар ісі жөніндегі инспекторлар қатысты.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.