Жамбыл облысында секс-притон жойылды

0

Жамбыл облысында жезөкшелікпен айналысатын притон жойылды, – деп хабарлайды Жамбыл облысы ДП баспасөз қызметі.

Жаңатас қаласында Сарысу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жезөкшелікпен айналысу үшін притон ашқан 33 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлімі (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған адам кінәсін мойындады.

Сонымен қатар, 12 адам ҚР ӘҚБтК 449-бабы (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша жауапқа тартылды. ҚР ӘҚБтК 450-бабы 1-бөлігі (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну) бойынша құқық бұзушылық анықталған.

Бір адам «сутенер» ретінде, екі әйел жезөкшелікпен айналысқаны үшін тіркеуге алынды. 

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.