Биыл Байқадамда 950 гектар жерден өнім алынды

0

Ауыл тұрғындарының қолда бар малымен мен сатып алынған малға азық дайындау үшін, «Саудакент-2019» ауыл шаруашылығы кооперативіне 300,0 гектар тәліми егістік, 2793,0 гектар шабындық және 3811,75 гектар жайылымдық жер берілді. «Саудакент 2019» кооперативі 300,0 гектар жаздық арпа егіп  өнімі 195 тонна және бірлескен қызмет арқылы «Мұрат» шаруашылығы мен 500 гектар  жаздық арпа егіп, өнімі 325 тонна болды.

Бірлескен қызмет арқылы «Игілік» ӨК 102 гектар, «Жанторе» ЖШС мен 32 гектар суармалы егістік алқабына дәндік жүгері егілді. «Саудакент 2019» кооперативі 8 га жүгеріден 48 тн өнім, 8 га көп жылдық шөптерінен 20 тн өнім алынды.

Барлығы 950 га жер егістік егілді. Жалпы егістік егуге 15 тонна тыңайтқыш, 9 тн жанар-жағар май жұмсалды. Шөпті орып, арпаны жинауға,тасымалдауға  5  тонна жанар-жағар май жұмсалды.  Осы жиын терінге коопертив жұмысшыларға 3 200 000 теңге жалақы төленді. 

 «Саудакент 2019» кооперативі 350 рулон таудың шөбі, Шу  бойынан берілген шабындық жерде коопертив мүшелеріне қамыс шөбі 3500  теңгеден 1300 рулон дайындалды.

Кооперативтерді жабдықтау және/немесе құру.

Кооперативтерді жабдықтау5 — адамнан құралған 901 мүшелері сайланды. Жалпы кооперативті қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтауға 20 дана техникалар мен қондырғылар 87 млн 380 мың теңгеге лизингке берілді. 1- Комбайн ЕСІЛ, 3 – дана Трактор тиісті тіркемелерімен (тұқым сепкіш, 2- соқа, кун, тырма т.б.) алынды.

 Сонымен қатар «Саудакент 2019» кооперативіне 3 га жер бөлінді.

Айта кетейік, Сарысу ауданы Байқадам ауылдық округ тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту пилоттық жобасы қалай жүзеге асып жатыр? Толығырақ тоқталсақ, Сарысу ауданы, Байқадам ауылдық округі 2019 жылы «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» жобасы аясында пилоттық ауылдық округі ретінде таңдалды.

Округте аула саны — 984, халық саны — 6006 адам. Мақсаты: қарапайым заттар экономикасын арттыру, яғни, ауладағы жерді игеру, мал өсіру және жұмыссыздық деңгейін төмендету. Пилоттық жоба бойынша 2,5 пайызбен 5 жылға жалпы сомасы — 915 млн 571 мың тенге тұрғындарға несие берілді. Пилоттықтық жоба 5 — бағытта жүргізілді.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.