Онлайн кітапхана оқырманға жол тартты

0

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы қоғам көшінен көз жанарынан айырылған жандарды қалдырмай, ол кісілерді қоғамдық ортаға тарту мен өзін-өзі дамытуға, нығайтуға, өз бетінше ізденулерін тәжірибе жүзінде жүзеге асырып, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Логос» онлайн кітапхана жұмысын бастады.

Іс–шарада кітапханашы онлайн кітапхана 2018 жылғы 12 сәуірде Ресей Федерациясының Қоғамдық палатасында волонтерлік жобасы аясында көру қабілеті шектеулі адамдар үшін ұйымдастырылғанын айтып, облыстың зағип оқырмандарын кітапханаға тіркеп, нәтижесін терең түсіндірді.

Онлайн кітапханаға тіркелу – зағип оқырмандар үшін ұялы телефон арқылы әлдеқайда жеңіл. «Логос» онлайн кітапханасына біздің арнайы кітапханаға тіркелу арқылы оқырмандар 14359 автордың 69 жанр бойынша 61 мыңнан аса кітабын, 8601 диктордың кітап оқудағы еңбегімен, 11286 белсенді оқырмандар мен 110 аймақтық кітапханадан ұялы телефонмен кітап оқудың жаңа жолдарын үйреніп, әлемнің 20-дан астам тілін меңгеруге мол мүмкіншілік алады.

Сонымен қатар, келген қонақтарға Павлодар қаласы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасының 50 жылдығына орай ұйымдастырған «Біз тұратын өлке» республикалық байқауына жіберілген, туған өлкеміздің тарихынан шыр шертетін «Тараз – тарихымыздың темірқазығы» атты бейнеролик көрсетілді.
Сондай-ақ көзі көрмейтін және әлсіз көретін жандарға саусақ ұшымен сезіну, өздеріне тиімді құралдар арқылы қоғамдық өмірге бейімдеу арқылы, білімін толықтыру, ақпараттық сұраныстарын қамтамасыз ету мақсатында шығарылған тактильді кітаптарға шолу жасалды.
Іс-шараға аудандық кітапханалардың «Зағип оқырмандарға қызмет көрсету» бөлімдерінің кітапханашылары, «Қазақ Соқырлар Қоғамының» мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.