Close Menu
    Оқылып жатыр

    Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

    02/11/2026

    Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

    02/11/2026

    Ташкентте қазақстандық футболшылар уланып ауруханаға түсті

    02/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 3 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

      02/11/2026

      Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

      02/11/2026

      Ташкентте қазақстандық футболшылар уланып ауруханаға түсті

      02/11/2026

      Бақыланатын мобильді аударымдар шегі өзгерді

      02/11/2026

      Бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

      02/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Әблязов жақтастарын «Ақ жолды» қолдауға шақырды

    Әблязов жақтастарын «Ақ жолды» қолдауға шақырды

    Ел іші 02/12/2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Өзін Қазақстанды 30 жылға жуық үздіксіз билеген экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «бас жауымын» деп атайтын қуғындағы банкир Мұхтар Әблязов парламент сайлауында өз жақтастарын «Ақ жол» партиясын қолдауға шақырды. Бұл туралы ол 1 желтоқсан күнгі тікелей эфир кезінде мәлімдеді.

    Ол не себепті «Ақ жол» партиясын қолдауға шақырып жатқанын былай түсіндірді:

    «Не үшін Ақжол? Себебі, оның аймақтарда бөлімшелері бар, адамдары, ғимараты бар. Біз ЖСДП-ны қолдауға шақырған кезде бөлімше жетекшілері жан-жаққа бытырай қашып, тығылып, тек Алматы мен астанадағы бөлімшелерін ғана таба алдық. Көп адам өтініштерімен жүріп, қайда өткізерін білмеді. «Біз нені көздеп отырмыз? «Нұр Отан» партиясының айтарлықтай көп дауысынан айырылып, көп адам басқа партияға дауыс берсе деп отырмыз. Соның нәтижесінде орталық сайлау комиссиясы, сайлау учаскелерінде жұмыс істейтін мұғалімдер тұтас фальсификациямен айналыса бастайды. Ал біз оларды әшкерелеп, анықтап, сайлау нәтижесінің мойындалмауына қол жеткіземіз. Соның салдарынан жаппай наразылық туындайды. Көшеге көп адамды алып шығамыз» деді Әблязов.

    Қазақстан соты «экстримистік ұйым» деп таныған, бірақ Еуропарламент «бейбіт ұйым» деп есептейтін «ҚДТ» (Қазақстанның демократиялық таңдауы) қозғалысының жетекшісі саналатын Мұхтар Әблязов бүған дейін жақтастарын сайлауда «ЖСДП»-ны (жалпыұлттық социал-демократиялық партиясын) қолдауға шақырған еді. Бірақ ол ұйым парламент сайлауына бойкот жариялады.

    Қазір Францияда тұрып жатқан Әблязов өз жақтастарын өзге партияға дауыс беруге шақыруын «Нұр Отаннан» басқа партияны қолдау арқылы 10 қаңтарда өтетін сайлауда жаппай заңсыздықты әшкерелейміз, сайлау нәтижесін жарамсыз етуге қол жеткіземіз» деп түсіндіріп жүр.

    Азаттық Радиосының жазуынша, Әблязов мәлімдемесінен кейін «Ақ жол» партиясы адам қабылдауды екі айға тоқтатқан.

    «Партия басшысы Азат Перуашев Азаттыққа жауап беруден бас тартты. «Ақ жол» мүшесі, мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов «ертеңгі күні Әблязов партия мүшелерін біз толтырдық» деп айтпас үшін, осындай жалған мәлімдемелерге жол бермес үшін партияға адам қабылдауды екі айға тоқтаттық» деп мәлімдеді» деп жазды Азаттық.

    Қазақстанда мәжіліс және мәслихат сайлауы 10 қаңтарға белгіленген. Елдегі ресми тіркелген алты партияның бесеуі (ЖСДП-дан басқасы) сайлауға қатысатындарын мәлімдеп, депутаттық үміткер кандидаттарының тізімін ұсынып қойды.

    Оқылып жатыр

    Тоқаевтың Түркия сапары: жергілікті БАҚ не жазып жатыр?

    29/10/2026

    Мемлекеттік көмек кімге жетуі керек? Депутат Назгүл Тау пікір білдірді

    29/10/2026

    Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

    12/10/2026

    «Халық Кеңесі Құрылтайға балама мекеме емес» — Тоқаев

    24/09/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

    02/11/2026

    Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

    02/11/2026

    Ташкентте қазақстандық футболшылар уланып ауруханаға түсті

    02/11/2026

    Бақыланатын мобильді аударымдар шегі өзгерді

    02/11/2026

    Бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

    02/11/2026

    Қазақстанда мәслихат депутаттығына үміткерлердің үгіт-насихат науқаны басталды

    02/11/2026

    Сәтбаев университеті SU Labs Street жобасын таныстырды

    31/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.