Respublica партиясының Алматы облыстық филиалы сайлауалды үгіт-насихат науқанының қорытындысын шығарып, сайлауалды штабтың жұмысын түйіндеді, деп хабарлайды Tarazy.kz
Штабтың қорытынды отырысында 2026 жылғы 2–23 қараша аралығында атқарылған жұмыстар талқыланды. Осы уақыт ішінде облыс аумағында 239 үгіт-насихат іс-шарасы ұйымдастырылып, оларға 28 185 адам қатысты. Науқан барысында сайлау заңнамасын бұзу деректері тіркелген жоқ.
Жиында штаб басшылары мен кандидаттар сайлаушылармен кездесулерде көтерілген мәселелерді, тұрғындардан түскен ұсыныстар мен өтініштерді саралады. Сонымен қатар алдағы сайлау күніне дайындық барысы пысықталды.
Штаб төрағасы Ержан Дүйсекенов қорытынды отырысты өткізіп, науқанға атсалысқан кандидаттарға, партия белсенділері мен жақтастарына алғысын білдірді. Ол сайлауалды жұмыстың нәтижелі өтуіне үлес қосқан барлық әріптесіне ризашылығын жеткізіп, кандидаттарға сәттілік тіледі.
Жиынға партияның жастар қанатының мүшелері, кандидаттар, ReWomen өкілдері мен партия жақтастары қатысты.
Осылайша, сайлауалды үгіт-насихат кезеңі аяқталды. Ендігі маңызды кезең – 29 қарашада өтетін сайлау.
