Коронавирус ауруханасында жарылыс болып, 9 адам қаза тапты

0

Түркияның Газиантеп қаласындғы коронавирус ауруханасында жарылыс болып, арты өртке ұласып, салдарынан тоғыз адам қаза тапты. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожаның сөзіне сілтеме жасаған Анадолу агенттігі хабарлады.

Агенттіктің жазуынша, жарылыс Санко университеті ауруханасының жан сақтау бөліміндегі жасанды тыныс аппаратындағы ақаудан болған. Жарылыстың нақты себебі анықталып жатыр.

Тірі қалған науқастар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Бірі жолда қайтыс болды.

Аурухана басшылығының мәлімдеуінше, қайтыс болғандардың жасы 56 мен 85 аралығында.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.