2026 жылғы қыркүйекте шетелден Қазақстанға 12,3 млрд теңге (27,2 млн доллар) көлемінде ақша аударылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,1 млрд теңгеге немесе 40 пайызға аз, деп хабарлайды Tarazy.kz
Қазақстанға ақша ең көп жіберген елдер:
АҚШ – 2,8 млрд теңге (6,2 млн доллар);
Түркия – 1,7 млрд теңге (3,7 млн доллар);
Өзбекстан – 1,2 млрд теңге (2,6 млн доллар).
Ал осы кезеңде Қазақстаннан шетелге ақша аудару жүйелері арқылы шамамен 34,8 млрд теңге (77,09 млн доллар) жіберілген, деп жазады Ranking.kz. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 36,8 млрд теңгеге немесе екі есеге аз.
Қазақстаннан ақша ең көп аударылған елдер:
Өзбекстан – 14,6 млрд теңге (32,3 млн доллар);
Түркия – 7,8 млрд теңге (17,3 млн доллар);
Ресей – 3,3 млрд теңге (7,3 млн доллар).
Ақша аударымдары неге азайды?
Дереккөздің мәліметінше, көрсеткіштердің күрт төмендеуіне Еуропалық одақтың Ресейге қарсы 21-санкциялар пакеті әсер еткен.
Атап айтқанда, санкциялық тізімге «Золотая Корона» төлем жүйесінің операторы әрі төлем орталығы саналатын «Платежный центр» РНКО және «Мобильная карта» коммерциялық емес ұйымы енгізілген.
Бұл шектеулер халықаралық ақша аудару арналарының жұмысына әсер еткен.
