Сабина Алтынбекованың кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды

0

Бүгін тұрмысқа шыққан волейболшы Сабина Алтынбекованың күйеуі кім екені белгілі болды.

Алматыдағы Нұр-Мүбәрәк мешітінің бас имамы Қайрат Жолдыбайдың жазуынша, Алтынбекова Саят Салманұлы деген адаммен некесін қидырған.

«Бүгін мешітімізде Саят Салманұлы мен Сабина Алтынбекова ақ некелірін қидырды. Жаратқан некелерін баянды етіп, екі дүниенің бақытын нәсіп етсін!» деп жазды дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы.

Бұған дейін Сабина Алтынбекова Instagram парақшасында «Бұл жылды ең керемет ер адамның әйелі ретінде аяқтаймын» деп жазған еді.

Сабина Алтынбекова 2014 жылы Қытайда өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында «турнирдің ең сымбатты спортшысы» атанған соң көпшілікке кеңінен танылды.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.