Әйелдердің бала туу жасы ұлғайып барады

0

Статистика Қазақстанның көпшілік өңірінде бала туу кезіндегі әйелдердің орташа жасы орташа республикалық деңгейден жоғары болғанын көрсетті, – деп хабарлайды «Атамекен» арнасы.

Елімізде өткен жылы 397799 нәресте өмірге келіпті. ҰЭМ статистика комитеті аналардың бала туу кезіндегі орташа жасын есептеді. Комитеттің мәліметінше, өткен жылы сәби сүйген аналардың орта жас мөлшері 28,7 болыпты. Ал 2008 жылы – 28,1 жасты құраған.

Балалы болған аналардың ішінде қалалық әйелдердің орта жасы 29,0 (2008 жылы – 27,8), ауылдық мекендердегі орта жас – 28,3 (2008 жылы – 28,4) құрады.

Статистика Қазақстанның көпшілік өңірлерінде бала туу кезіндегі әйелдердің орташа жасы орташа республикалық деңгейден жоғары болғанын көрсетеді. Мысалы Алматы қаласында орташа жас 29,8 болса, Нұр-Сұлтан қаласында 29,6 екен.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.