Меркіде Ауылшаруашылық күні аталып өтті

0

Меркі аудандық мәдениет үйінде ауылшаруашылық саласының қызметкерлері күні аталып өтті. Бұл күні егін, мал шаруашылығын дамытып жүрген азаматтар құметке бөленді. Салтанатты жиын аудан әкімі Нұрсипатов Руслан Маратұлының құттықтау сөзімен ашылды.

“Бұл мереке – жерде еңбек ететін, мал шаруашылығымен айналысатын, өнеркәсіптегі жұмыс жасайтын, еліміздің және өңіріміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге талмай үлес қосып жүрген азаматтарымызға құрмет көрсететін күн. Елдігімізді еселеп, мемлекеттігіміздің нығайту жолында ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдаудың арқасында жаңа деңгейге көтеріліп, ел экономикасын дамыту мен ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырудағы жетекші күшке айналды. Халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы ауыл шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты екені белгілі.

Меркі ауданында ауыл шаруашылығының қай бағытын алсақ та мол табыс табуға өте қолайлы өңір болып табылады. Биылғы жылы көптеген диқандар үшін өте қиын болды. Еліміздің барлық аумағында жазғы құрғақшылық егістіктен мол өнім алуға әсерін тигізді. Дегенмен, Меркі ауданында уақытылы әрекет жасаған диқаншылар құрғақшылыққа қарамастан нәтижелі жұмыстар атқарды. Осы мерейлі мерекемен құттықтап, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Қамбаларыңыз астыққа, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын,Тәуелсіздігіміз баянды еліміз қуатты болсын», -деді аудан басшысы.

Сонымен қатар, аудан әкімі Нұрсипатов Руслан Маратұлы жыл бойы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, «Меркі ауданына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, сондай-ақ, аудан әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарыда салтанатты түрде тапсырылды.

Келесі кезекте Аудандық мәслихат хатшысы Мұратбек Болысбекұлы өз сөзінде: Құрметті аудан тұрғындары ауылшаруашылық қызметкерлерін құттықтауға рұқсат етіңіздер. Ауылшаруашылық саласы еліміздің экономикасының басты бағыты, мемлекетімізді азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырған саланың бірі. Сондықтан осы салада аямай еңбек етіп, экономикамыздың дамуына үлес қосып кележатқан азаматсыздар. Еңбектеріңіз жемісті, табысты болсын, деп мерекелік лебізін білдіріп, алғыс хаттарын табыстады.

Сондай-ақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қамбарбек Иманалиев өз сөзінде: Ауылшаруашылық қызметкерлері мына бүгінгі сіздермен біздердің ұлық мерекеміз құтты болсын. Ауылшаруашылық қызметкерлері бұл, бүкіл еліміздің азық-түлікпен қамтамасыз етілуін, таза экологиялық өңдеуменен тамақтануын қамтамасыз ететін, азаматтардың бірі»,- деп аудан халқын мерекемен құттықтады.

Салтанатты іс-шара аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.