Таразда өртенген үйдің шатыры бюджет есебінен жөнделеді

0

Таразда көп қабатты тұрғын үйде болған өрттің неден шыққаны әлі анықталмай жатыр.

Шығын көлемі де нақтыланбаған. Мамандар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Естеріңізде болса, 5-ықшам аудандағы үйлердің бірінің шатыры отқа оранып, түгел жанып кеткен болатын. Тілсіз жау 1200 шаршы метр аумақты шарпыған. Қызыл жалынды өрт сөндірушілер 3 сағат бойы арпалысып, әрең өшірді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қазір 120 пәтерлі баспана толықтай су, газ, электр желісінен ажыратылған. Тұрғындардың барлығы маңайдағы мектептерге орналастырылды.

«Қазір жүріп тексеріп жатыр. Подъездерді. Қалай анықтайды кеткен жерлерінің бәрін бекітіп тегістейді. Сосын осының бәрін қайтадан подъезбен суын, светін қосамыз. Екі мектепте жатақхана қазір матрастарын бәрін түсірдік. Әрқайсысына 100 матрастан», – деді қала әкімі Қайрат Досаев.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.