Жамбыл облысына 250-ден астам спорт алаңшасы қажет

0

Жамбыл облысында жыл соңына дейін 200-ден астам спорт алаңы салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 86-сы Тараз қаласында, қалғанын 10 ауданда салу жоспарланып отыр. Бұл бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Аталған жобалар бюджет қаражаты мен демеушілік қолдау негізінде жүзеге асады. Өңірде осы бағытта арнайы зерделеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде аймаққа 252 спорт алаңшасының қажеттілігі анықталды. Сонымен қатар жөндеуді қажет ететін 203 нысан нақтыланып, бүгінгі күнге дейін оның 132-і ретке келтірілді.

Айта кету керек, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметі бойынша, қазір өңір халқының 29 проценті бұқаралық спортпен тұрақты түрде шұғылданады.

«2019 жылы аудан бойынша 120 спорт алаңшасын бітіру жоспарланып отыр. Жалпы, бұл алаңдардың ішіне футбол, волейбол, баскетбол, одан басқа стрит орталық алаңшалары кіреді», – деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.