Тараз қаласы әкімі аппаратының басшысы ауысты

0

Тараз қаласы әкімінің 2022 жылдың 15 маусымындағы өкімімен Тасеменов Айбек Жаханбайұлы Тараз қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.

Ол 1985 жылы 27 мамырда Қостанай облысы, Арқалық қаласында туылған.
2008 жылы Алматы заң академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша, 2011 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «қаржы» мамандығы бойынша және 2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын 2008 жылы Жамбыл облысы әкімияты ішкі саясат басқармасында штаттан тыс қызметкер – лектор болып бастаған.
2009 – 2014 жылдары Жамбыл облысы әкімияты ішкі саясат басқармасының бас маманы, бөлім басшысы;
2014 – 2019 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының индустрияны дамыту және инвестиция бөлімінің басшысы;
2019 – 2020 жылдары Нұр-Сұлтан қаласында «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының Стратегиялық дамыту және автоматизация бөлімінің бас менеджері;
2020 – 2021 жылдары «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамының Инвестициялық жобалар бөлімінің бас маманы;
2021 – 2022 жылдары Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» акционерлік қоғамының Жылжымайтын мүлікті басқару департаментінің бас маманы.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.