Облыс әкімі мемлекеттік қызметшілерді марапаттады

0

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыс бойынша филиалында болып, бірқатар мемлекеттік қызметшілермен кездесіп, дәріс оқыды.

Аймақ басшысы өз сөзінде мемлекеттік қызметтің маңыздылығы мен жауапкершілігі туралы айтып өтті.

– Мемлекеттің дамуы мен өркендеуі мемлекеттік қызметшінің білімі мен біліктілігіне,  нәтижелі де ұтымды еңбегіне тікелей байланысты.

Сондықтан мемлекеттік қызметші болу – үлкен абырой әрі үлкен жауапкершілік.

Халықтың сенімін ақтау – мерейлі міндет. Ел тәуелсіздігі жылдарында мемлекеттік қызмет саласында бірқатар реформалар жүзеге асырылып келеді.

Мемлекеттік аппараттың, мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиімділігі мен айқындығы жүйелі түрде артып келеді. Бизнеске әкімшілік салмақ салу түбегейлі азайтылды, жемқорлыққа қарсы заңнама жетілдіріліп, қоғамдық бақылаудың аясы кеңеюде,-деді өз сөзінде Нұржан Нұржігітов.

Басқосуда облыстағы мемлекеттік қызметшілердің жетістіктері жөнінде де айтылды.

Айталық, соңғы 10 жылда мемлекеттік қызметке адалдығы үшін жергілікті атқарушы органдардағы 87 мемлекеттік қызметші мемлекеттік наградалармен марапатталса, 24 маман «Үздік мемлекеттік қызметкер» төсбелгісін иеленіп, 1 қызметкер «Халық алғысы» медалімен наградталған.

Облыс әкімі мемлекеттік қызметшілердің мәдениеті, сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік қасиеттерінің, меритократия қағидатының сақталу өзектілігі жайлы атап өтті.

Кездесу соңында бірқатар мемлекеттік қызметшілер марапатталды. Атап айтқанда, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Кенжебек Олжабай мен білім басқармасының бөлім басшысы Күлзира Дәрібаеваға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі табысталды. Басқа да қызметкерлер облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатына ие болды.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.