Жамбыл облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі офицерінің өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2022 жылдың 27 шілдесінде ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаментінің офицері Азат Үмбетұлы Қордай аудандық орталық ауруханасында қайтыс болды. Өлімнің алдын ала себебі миға қан кетуімен байланысты екен анықталды.
Дерек бойынша ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», — делінген хабарламада.
ҰҚК мәліметінше, Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады және қажетті көмек көрсету шараларын қабылдап жатыр.