Таразда танымал кәсіпкердің қызын ұрлап әкеткен: оқиғаның мән-жайы айтылды

0

Таразда белгілі кәсіпкердің қызына жасалған қылмыстың жай-жапсары жарияланды. Оны 100 миллион теңге өтемақы талап ету үшін ұрлап кеткен, – деп хабарлайды 24.kz.

Әйелге тапа-тал түсте шабуыл жасап, күштеп көлікке отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткен. Жолда жәбірленуші қарсылық көрсетпек болған, бірақ оны ұрып-соғып, байлап қойған. Ол үш күн тұтқында болып, кейін босатылған.

Ұрлау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, қылмыскерлер ұсталып, сотталған. Алты адам 5 жылдан 13 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

«Мені үйге кіргізгенде бірден қолыма кісен салып, аяғымды лентамен орап, алғашқы екі күнде бір үйде ұстады, кейін неге екені белгісіз, олар мені екінші үйге апарды, басқа үйде ұстады. Жалға алынған, кейін түсінуім бойынша. Үш күн бойы скотчпен оралған және кісенделген күйі отырдым», – деді Светлана Ильичева-Мосунова.

 «Жамбыл облысында 10 жылда мұндай қылмыс болған жоқ. Полиция органдары бұл қылмысты тез арада ашты. Барлық айыпталушы әшкереленіп, қамауға алынды. Қылмыстық істі тергеу барысын облыс прокуратурасы қадағалады. Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, өйткені оған сотталғандар апелляциялық шағым түсірген», – деп түсіндірді Жамбыл облысы прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасының прокуроры Сайын Сағындық.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.