Пірімқұлова Ұлжан туралы мәлімет

0

Пірімқұлова Ұлжан Мұратқызы 1996 жылы 4 наурызда Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Абай ауылында дүниеге келген. Абай атындағы орта мектептте 1-11 сынып оқып, 2013 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық университетке түскен. Жоғарғы оқу орнында 4 жыл білім алып, қызыл дипломмен тәмамдаған. 2017 жылы қыркүйекте Мойынқұм ауылындағы № 8 кәсіптік колледжіне биология пәнінің мұғалім болып еңбек өтілін бастаған. Бір жылдан соң, 2018 жылы қыркүйекте «Экологиялық орталық» КММ-ға әдістемелік бөлім меңгерушісі қызметіне тағайындалған.

Бес жылдық еңбек өтілінде аудандық, облыстық және республикалық ғылыми, спорттық сайыстарға және семинарларға қатысқан. Сондай-ақ, бірнеше шәкірті облыстық және республикалық сайыстарда жүлделі орындарға ілігіп, алғыс хаттар иеленген. Жамбыл облыстық кәсіподақ басшысының алғыс хатын иеленген.

Тұрмыста, ұл мен қыз тәрбиелеп отыр.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.