Close Menu
    Оқылып жатыр

    Хиджап VS лицензия: министрліктің қатаң талабы

    08/09/2026

    Cobalt көш бастап тұр: Ең көп сатылған көліктер аталды

    08/09/2026

    60 емес 386 млн екен! Жапаровтың хатшысы «Бишкек Арена» шығынан айтты

    08/09/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 9 сентября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Хиджап VS лицензия: министрліктің қатаң талабы

      08/09/2026

      Cobalt көш бастап тұр: Ең көп сатылған көліктер аталды

      08/09/2026

      60 емес 386 млн екен! Жапаровтың хатшысы «Бишкек Арена» шығынан айтты

      08/09/2026

      Арман Шораев 20 тәулікке қамалды

      08/09/2026

      Алматыдағы тұңғыш президент саябағы жабылды

      08/09/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Абайдың 175 жылдығына арналған 300 шара онлайн форматқа ауысты – министр

    Абайдың 175 жылдығына арналған 300 шара онлайн форматқа ауысты – министр

    Ел іші 14/06/2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың мәліметінше, ел Президентінің тапсырмасына сәйкес, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған 300-ге жуық әртүрлі жоба онлайн форматқа көшірілді. Бұл турал inbusiness.kz хабарлайды.

    «Барлық мектептерде және жоғарғы оқу орындарында танымдық форматта тақырыптық іс-шаралар, конференциялар, Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқу конкурстары, поэзия кештері, семинарлар және басқа да әртүрлі форматты іс-шаралар онлайн режимінде ZOOM, BBB, Classroom, Teams, Webex платформаларында және әлеуметтік желілерде өткізілді. «Абай және рухани мұра» атты халықаралық конференциясы да Zoom-да өтті. Оған шетелдік және қазақстандық абайтанушы ғалымдар қосылды», – деді министр.

    Сондай-ақ, Абайға арналған спектаклдер онлайн режимде театрлардың ютуб каналынан көрермендерге жол тартуы тиіс.

    «Ең маңыздысы ретінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және ЮНЕСКО-ның бас директоры Одрэ Азуленің қатысумен Семей қаласында биылғы 10 қыркүйекте келесі шаралар жоспарланып отыр: біріншіден, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейінің бас ғимараты аумағында «Абай ұлдарымен» ескерткіші ашылуы тиіс. Екіншіден, ЮНЕСКО-мен бірлесіп «Абай мұрасы және әлемдік руханият» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізу жоспарланған. Үшіншіден, қазақстандық эстрада жұлдыздарының және опера әншілерінің қатысуымен көпфункционалды мәдени-спорт кешенінің 5000 орынға есептелген көрермен залында мерекелік гала-концертті өткізу көзделген», – деді мәдениет және спорт министрі.

    Бұдан бөлек, Қазақстан және UNESCO басшыларының қатысуымен «Этноауыл» этномәдени кешенінің ашылуы және Абай ауданында мәдени және спорттық іс-шаралар өтеді деп күтілуде.

    «Бұдан бөлек, ЮНЕСКО-ның Франция астанасы Париждегі штаб-пәтерінде танымал отандық және шетелдік абайтанушы ғалымдардың, әдебиеттанушылардың, жазушылардың, ақындардың қатысуымен халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын және гала-концертті өткізу 2020 жылдың 14-15 қазанында жоспарланған. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған бірқатар халықаралық, республикалық, өңірлік іс-шаралар сапалы деңгейде күз айында, бекітілген мерзімдерінде өткізілетін болады», – деді А.Райымқұлова.

    Абай Құнанбаев

    Оқылып жатыр

    Танымал тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеден өтті

    28/08/2026

    Бүгін — ұлы ойшыл Абайдың туған күні

    10/08/2026

    «Бұл — менің тағдырым»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    07/08/2026

    Елді дүр сілкіген қылмыс: Атыраудағы қанды оқиғаға қатысты сот басталды

    18/05/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Хиджап VS лицензия: министрліктің қатаң талабы

    08/09/2026

    Cobalt көш бастап тұр: Ең көп сатылған көліктер аталды

    08/09/2026

    60 емес 386 млн екен! Жапаровтың хатшысы «Бишкек Арена» шығынан айтты

    08/09/2026

    Арман Шораев 20 тәулікке қамалды

    08/09/2026

    Алматыдағы тұңғыш президент саябағы жабылды

    08/09/2026

    Даулы жеңіс: Көшпенділер ойыны шумен аяқталды

    07/09/2026

    Щучинскідегі 12 адам қаза болған жарылысқа қатысты үкім шықты

    07/09/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.