Автор: admin

Абай университетінің Филология факультетінде «Қытай тілі және қытайтану» кафедрасының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Tarazy ақпарат.  Кафедраның жабдықталуына Қытай Халық Республикасының Бейжің қаласында орналасқан «Beijing Feihua International Education Technology» компаниясының басшысы, беделді кәсіпкер Мэй Якун демеушілік жасады. Маусым айында екі мекеме арасында меморандумға қолқойылған болатын. Соның негізінде Мэй Якункомпаниясының қолдауымен университетке заманауи оқу жабдықтарын, атап айтқанда оқу құралдары менноутбуктер, компьютерлер, интерактивті тақталар, планшеттер мен принтерлерді сыйға тартты. «Қытай тілі және қытайтану» кафедрасын ашудың мақсаты — тілдік және мәдени құзыреттіліктерді жетілдіру арқылы екі ел арасындағы байланысты нығайту, қосдипломдық білім беру негізінде оқыту, академиялық ұтқырлық мәселесін жолға қою, қытай университеттерімен, ғылыми-зерттеу…

Read More

Қандай маман иесі болса да, теориялық білімді практикамен ұштастыра білу оның сапалы кадр болып қалыптасуына үлкен ықпал ететіні сөзсіз. Осы мақсатта «ЖАСҰО» РМК Алматы облыстық филиалына болашақ жолшылар жиі ат басын бұрады. Бұл жолы кезекті рет Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтының студенттері мекеме табалдырығын аттап қызу жұмыстармен танысты. Олар әр келген сайын қызығы көп мамандықтың қыр-сырын меңгеруге барынша ынта білдіреді. «Біздің мекемеге келген әр студентті, болашақта жолшы болам деген адамға барынша көңіл бөле отырып, оқығандарын практика жүзінде үйренуге мүмкіндік жасаймыз. Қысқы демалыс болсын, жазғы демалыста болсын біздің орталыққа жастар жиі келеді. Жолшы болу үшін қазірден бастап білім алса мықты…

Read More

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлайды Tarazy ақпарат Кремльге сілтеме жасап. “Владимир Путин Ново-Огаревода Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу өткізді”, – делінген Кремль сайтында жарияланған хабарламада. Бұл жаңалық 13 желтоқсан, жұма күні кешкі 22:00-де жарияланды. Алайда, кездесудің егжей-тегжейі ашып айтылмаған. Ново-Огарево – Мәскеу облысындағы Одинцов ауданының Усово ауылына жақын орналасқан XIX ғасырдағы тарихи усадьба. Бұл – Ресей Президентінің мемлекеттік резиденциясы, онда Владимир Путин жұмыс жиналыстарын және мемлекет басшыларымен кездесулер өткізеді. Ресейдің “Известия” басылымының мәліметінше, кездесу барысында тараптар сыртқы саясат мәселелерін талқылаған.

Read More

Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы (ЖАҰСО) жұмыс процесіне цифрлық технологияларды белсенді енгізуді жалғастыруда. Заманауи әдістерді қолдану арқылы қызметкерлердің кәсіби дайындығын жақсартуға және жұмыстың тиімділігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Осы бағыттағы маңызды бастамалардың бірі – виртуалды жаттығу құрылғысын енгізу. Бұл құрылғының көмегімен зертхана қызметкерлері VR көзілдірік (виртуалды шындық) арқылы тәжірибе жинақтап, арнайы емтихандар тапсыра алады. Бұл әдіс тек мамандар үшін емес, сондай-ақ студенттер үшін де пайдалы. Олар құрылғымен жұмыс істеу барысында практикалық дағдыларды меңгеріп, кәсіби тәжірибе жинауға мүмкіндік алады. ЖАҰСО орталық аппаратының IT маманы Кирилл Гриненко жақында Алматы филиалының қызметкерлеріне виртуалды жаттығу құрылғысын таныстырып, оның жұмыс принциптері мен артықшылықтарын көрсетті. Жаңа…

Read More

Талғар қаласының маңынан кәмелетке толмаған адамды өлтіру ісімен байланысты ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. «Талғар қаласының маңынан 30 жастағы ер адамның денесі табылды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол асылып, өз-өзіне қол салған. Марқұмның биыл 4 қазанда қаза тапқан кәмелетке толмаған Шерзат Полаттың ағасы екені анықталды.  Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық жағдайларды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде. Осы уақытта қылмыстық сипаттағы қандай да бір белгілер анықталмады», — делінген Алматы облысы полиция департаментінің хабарламасында. Полиция марқұм Шерзат Болаттың отбасы барлық уақытта полицейлердің қорғауында болғанын айтады. «Осы уақытқа дейін марқұмның отбасына төнген қандай да бір қауіп-қатер…

Read More

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы 5573 әскери бөлімінде арнайы мақсаттағы «Бүркіт» бөлімшесінің 25 жылдығына арналған пресс-тур өткізді, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Олар әскери қызметшілердің қызметімен және тұрмысымен танысып, әскери қалашық инфрақұрылымын аралады. Әскери қызметшілермен бірге қызметтік атмосфераны сезінді. Пресс-тур аясында қонақтар казармаларды, сондай-ақ, әскерилердің асханасын аралап, жауынгерлерге арналған тағамдардың сапасын бағалады. Әрбір қатысушы ас рационының барлық қажетті талаптарға сай екеніне көз жеткізді. Техника мен қару-жарақ көрмесінде құқықтық тәртіп әскерінің қолданысында бар қару-жарақ, байланыс құралдары мен түрлі жабдықтардың заманауи үлгілері ұсынылды. Әсіресе, арнайы мақсаттағы бөлімшелердің әрекет ету техникасының көрсетілімі қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды.…

Read More

2024 жылғы 2 желтоқсанда Алматы облысы Кеген ауданының орталығында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюсттің ашылу салтанаты өтті. Бұл шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асырылды. Сонымен қатар, Кеген ауылындағы балалар өнер мектебіне Заманбек Нұрқаділовтің есімі берілді. Ескерткіштің ашылу рәсімі Заманбек Нұрқаділов атындағы өнер мектебінің алаңында ұйымдастырылды. Салтанатты шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, танымал тұлғалар мен қайраткердің отбасы мүшелері қатысты. Ескерткіштің ашылуын облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов, қоғам қайраткерлері Тоққожа Естенов пен Болат Нұрғазиев ашып, Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов бюстің ашылу рәсімін орындады. Облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде қайраткердің ел дамуына қосқан зор үлесін…

Read More

Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алиев Данияр Абзалиденұлы, зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласының қызметкерлері және жергілікті тұрғындар қатысты. Қарқара ауылында мәдениет үйінің жоқтығы – ауыл тұрғындарының көптен бері көтеріп келе жатқан мәселелерінің бірі болған. Жаңа мәдени нысан ауыл халқының бос уақытын тиімді пайдалануға, іс-шара өткізуге арналған. Іс-шараға жиналған көпшілік мәдениет үйінің ішін аралап, аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалап, спорттық іс-шаралардың жеңімпаздарының марапаттау рәсіміне қатысты.

Read More

Осы жылдың 28 қарашасында Астана қаласындағы «EXPO» ХКО-да «KAZTRAFFIC-2024» ХХ халықаралық көрмесінің ашылуы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев қатысты, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Көрмеге 100-ден астам ірі халықаралық компаниялар келген. Экспозиция жол құрылысы, жөндеу, күтіп-ұстау және жол сапасын сараптау саласындағы әлемдік инновациялар мен технологияларға арналған. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы (ЖАҰСО) көрмеде автомобиль жолдарын салу, жөндеу және пайдалану сапасын бақылауды қамтамасыз ету саласындағы цифрлық жобаларын ұсынды. Бүгінде ЖАҰСО өндірістік және бизнес-процестердің тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін цифрландыру мен автоматтандыру элементтерін белсенді түрде енгізуде. ЖАҰСО-ның жобалары, жұмыс нәтижелері және даму перспективалары туралы толығырақ…

Read More

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ бірлесіп «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен жастар өкілдерін насихаттау «Fenomen Jas» әлеуметтік жобасын 2023 – 2024 жылдар аралығында жүзеге асырды, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Жоба мақсаты – талантты тұлғалардың тиісті сала мен қоғамның дамуына қосқан үлесі үшін ерекше еңбегін ынталандыру және таныту, әртүрлі жылдардағы премия лауреаттарын танымал ету, NEET жастарына рөлдік моделін қалыптастыру, менторлық мектебінің қызметін іске асыру, қазақстандық жастардың белсенді өкілдерін мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға тарту болып табылады. Жоба аясында Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарында…

Read More