Автор: admin
Алматыда Студенттер сарайының ғимараты опырылды, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушылары жарыса жазып жатыр. Ғимарат 2024 жылдан бері жөндеуге жабылған еді. Түймебаев басқаратын Қазұу ұжымы тарихи ғимаратты қиратып тынды. Ремонт деді, анау деді, мынау деді, сонымен Студенттер сарайы жоқ енді. 23-інен 24-іне қараған түні сарайдың төбесі ортасына түсті. Адамдар аман шығар. 2006 жылы студент кезімде осында жұмыс істеп алғашқы еңбекақымды алып едім. Біз үшін аяулы, ыстық мекен еді. Сахнасында талай концерт жүргізіп, қойылым қойдық. Жастық шақтың ең бір есте қалар күндері сонда өтті. Мына көріністі көру өте ауыр болды. 1989 жылы бой көтерген ғимарат әлі ескіре қойған жоқ…
Алматыда Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің (Satbayev University) корпоративтік басқару және стратегиялық жоспарлау жөніндегі проректоры Ержан Күлдеев ұсталды. Ол жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұл туралы журналист Михаил Козачков жазды. Ержан Күлдеев – оқу орнының танымал өкілдерінің бірі. Ол шамамен 40 жыл бұрын аталған университетке студент болып түсіп, кейін осы білім ордасында қызмет атқарып, оқытушылық және басшылық лауазымдарда жұмыс істеген. Кейін корпоративтік басқару және стратегиялық жоспарлау жөніндегі проректор қызметіне дейін көтерілген. Сондай-ақ оның ғылым саласындағы жетістіктері де аз емес. Ержан Күлдеев – әл-Фараби атындағы Қазақстан Республикасының ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты,…
Гренландия мен Антарктидада мұз жамылғысының азаюы соңғы онжылдықтарда айтарлықтай күшейді. Ғалымдар мұз массасының негізгі бөлігі теңіз суының жылынуына байланысты жоғалып жатқанын айтады, деп хабарлайды Tarazy.kz Malim.kz басылымының мәліметінше, 1979-2023 жымммлдар аралығында екі мұздық аймақ жалпы шамамен 12,5 триллион тонна мұз жоғалтқан. Бұл көлем АҚШ-тың құрлықтық аумағын шамамен 1,5 метр қалыңдықтағы мұзбен жабуға жетер еді. Зерттеушілердің есебінше, осы өзгерістер салдарынан әлемдік мұхит деңгейі шамамен 3,1 сантиметрге көтерілген. Ғалымдар 44 жылдық спутниктік бақылау деректерін талдаған. Зерттеуге 27 спутниктен, оның ішінде NASA аппараттарынан алынған мәліметтер негіз болған 45 тәуелсіз зерттеу енгізілген. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, жоғалған мұз массасының шамамен алтыдан бес бөлігі ауа температурасының…
Семейдің шетіндегі Водный кентінде 19 жастағы студент қыз мерт болды, деп хабарлайды Tarazy.kz 24 жастағы ер адам қызды пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді. Қайғылы оқиға үй маңындағы көшелердің бірінде болған. Куәгерлердің айтуынша, оқиға алдында көшеде жігіт пен қыздың арасында жанжал шыққан. Тұрғындар айғай-шуды естіп, сыртқа шыққанда жерде қанға боялған қызды көрген. Алдын ала мәлімет бойынша күдікті марқұмның бұрынғы жігіті болған. Қызға жедел жәрдем қызметкерлері көмек көрсеткенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Оған нақты қанша пышақ жарақаты салынғаны әзірге белгісіз. Марқұм Семейдегі «Қайнар» колледжінің үшінші курсында оқыған. Полиция күдікті көп ұзамай ұсталғанын хабарлады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалған. Бұл дерек…
Алматы қаласында биыл ашылған №227 мектептің оқыту тіліне қатысты әлеуметтік желілерде тараған ақпарат тұрғындар арасында алаңдаушылық туғызды. Кейбір ата-аналар мектептің аралас форматқа ауысуы мүмкін екені туралы қауесетке байланысты пікір білдіріп, оның қазақ тілінде білім беретін білім ордасы болып қалуын талап етті, деп хабарлайды Tarazy.kz Threads әлеуметтік желісінде Алтын City тұрғындарының бірі №227 мектептің аралас оқыту форматына көшуіне қарсылық білдіріп, жазба жариялаған. «Біздің аудан бойынша өзі екі-ақ қазақ тілді мектепекр. Баламыз қазақ тілді мектепке оқиды деп Медеу ауданындағы №220 мектептен шығарып, осы мектепке орналастырдық. Мектебіміздің аралас болуына қарсымыз», – деп жазды тұрғын. Аталған мәселеге байланысты Алматы қаласы Білім басқармасы ресми түсініктеме…
Заңгер Әділетхан Молдаханға қатысты апелляциялық шағым бойынша сот отырысы өтті, деп хабарлайды Tarazy.kz Сот алқасы істі қарап, бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде Әділетхан Молдаханға тағайындалған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы өз күшінде қалды. Еске салайық, Молдаханға әлеуметтік желілерде көрінеу жалған ақпарат таратты деген айып тағылған. Іс бойынша жәбірленушілер ретінде Алматы қаласы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Ержан Ұзабаев пен Алматы қаласы әкімшілік полиция басқармасының бұрынғы басшысы Серік Шумаев танылды. Сот процесі барысында мемлекеттік айыптаушы Әділетхан Молдаханды үш жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді, деп хабарлайды Tarazy.kz Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы: 1. Аймұрзаева Раушан Нұрғалиқызы – Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты 2. Акижанова Гаухар Берікқызы – Қарағанды облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қарағанды облысының халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкілі 3. Ақтаев Жандос Берікұлы – «Esti Bol Qory» қоғамдық қорының төрағасы 4. Алтай Алмас – «Eco-social» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, журналист 5. Алтынбеков Бекзат Қомарұлы – Қарағанды облысы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының төрағасы 6. Антоненко Андрей Иванович – дипломатиялық қызмет ардагері 7. Арсютин Николай Геннадьевич – «Орыс, славян және казак этномәдени…
Дәстүрлі аралас жекпе-жектен Қазақстан құрамасының өкілі Еркінғали Бүркіталин Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіске жетті, деп хабарлайды Tarazy.kz ҰОК таратқан сүйінші хабарда қазақстандық файтер 77 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған. Еркінғали Бүркіталин алтын жүлде үшін өткен ақтық бәсекеде Бахрейн өкілі Мухаммад Набиевті 3:0 есебімен жеңді. Осылайша, Еркінғали Бүркіталин Қазақстан құрамасының қоржынына бесінші алтын медальді салды.
Қазақстанның жергілікті маңызы бар жолдарында биыл 251 адам жол апатынан қаза тапқан. Қайғылы жағдайлардың 90 пайызы Түркістан, Алматы және Жамбыл облыстарына тиесілі, деп хабарлайды Tarazy.kz Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жергілікті маңызы бар жолдар әкімдіктердің құзыретіне жатады. Бұл жолдардағы негізгі себептердің қатарында көліктердің маңдайша соқтығысуы, кедергілер мен жануарларды қағу, сондай-ақ көліктің аударылуы бар. Министрлік Түркістан, Алматы және Жамбыл облыстарындағы жағдайды ерекше атап өтті. Өңір әкімдіктеріне жол қоршауларын және жол белгілерін орнату, жол жиегін қауіпсіз ету, шұңқырлар мен ойықтарды жою бойынша шаралар қабылдау тапсырылды. Сонымен қатар елді мекендердегі жол инфрақұрылымының жағдайы да алаңдатып отыр. Барлық жол-көлік оқиғаларының 80 пайызы және қаза болғандардың…
Қазақстанда доллар бағамы айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Тамыз айының басынан бері америкалық валюта 475 теңгеден 445 теңгеге дейін төмендеді. Әсіресе қыркүйек айында доллар бағамының құлдырауы айқын байқалды. Соңғы екі апта ішінде америкалық валютаның құны 450 теңге межесінен төмен түсті. Осылайша, соңғы бір жарым айда доллар бағамы шамамен 30 теңгеге арзандап отыр.