Автор: admin
Әлеуметтік желіде Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған жазба көпшіліктің назарын аударды. Instagram қолданушысы Ләззат Асанова Қазақстанның Тұңғыш президентіне саулық тілеп, «Ауырмаңыз, Нұрсұлтан аға!» деген жазба жариялаған, деп хабарлайды Tarazy.kz Автор өз жазбасында ел басқарудың үлкен жауапкершілік екенін айтып, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы күрделі кезеңдерде мемлекет тізгінін ұстаған тұлғалардың еңбегі тарихта қалатынын атап өткен. Оның сөзінше, Нұрсұлтан Назарбаев елдің қалыптасу кезеңінде экономика, сыртқы саясат және елорданы дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарды. «Халықтың алғысы мен ақ батасы – елге қызмет еткен азамат үшін ең үлкен марапат. Денсаулық – адамға берілген ең қымбат нығметтердің бірі. Сондықтан ел ағасына саулық пен ұзақ ғұмыр тілеу – халқымыздың ізгі…
Eurasian Resources Group акционерлер құрамында өзгеріс болғанын мәлімдеді. Компания мәліметінше, ERG акциясының 39,3 пайызын кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліпке тиесілі Nature Energy Solutions Ltd. сатып алған, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұл үлес бұрын акцияның 18,6 пайызына иелік еткен Патох Шодиевке және компанияның 20,7 пайыз акциясы тиесілі болған Александр Машкевичтің мұрагерлеріне қараған. Компания өкілдері ERG құрамындағы барлық кәсіпорын қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатқанын мәлімдеді. «Бұл өзгерістер бизнестің тұрақтылығын күшейтуге, корпоративтік басқару сапасын арттыруға және топтың ұзақмерзімді даму стратегиясын іске асыруға бағытталған», — деп жазылған хабарламада.
Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 99 доллардан төмен түсті. Бағаның төмендеуіне АҚШ президенті Дональд Трамптың АҚШ пен Иран Ормуз бұғазы арқылы кеме қозғалысын қалпына келтіру жөнінде келісімге келуі мүмкін деген мәлімдемесі әсер еткен, деп хабарлайды Tarazy.kz Сарапшылардың пікірінше, егер стратегиялық маңызы бар Ормуз бұғазы толық ашылса, әлемдік нарыққа мұнай жеткізілімі көбейіп, бұл бағаға қосымша қысым түсіреді. Бұған дейін трейдерлер Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты мұнай құны 110 доллардан асып кетуі мүмкін деп болжаған еді. Айта кетейік, бүгін АҚШ-тағы мерекеге байланысты биржалар уақытша жұмыс істемеді. Нарықтағы негізгі сауда-саттық сейсенбі күні қайта жалғасады.
Алматыда із-түссіз жоғалған Ерзат Егінбай көз жұмғаны белгілі болды. Қаралы хабарды марқұмның жақындары жеткізді, деп хабарлайды Tarazy.kz Алайда туыстары оның неден қайтыс болғанын нақтылаған жоқ. Айта кетейік, 25 жастағы алматылық Ерзат Егінбайды жақындары төрт күн бойы іздеген еді. Ол 19 мамырда түсте жұмыстан шығып кетіп, қала маңындағы ауылдарға қатынайтын автобусқа отырған. 23 мамырда туыстары мен достары оны Еңбекшіқазақ ауданындағы Космос ауылынан іздеді. Себебі жігіт дәл осы ауылдан автобустан түскені анықталған. Қазір Ерзат Егінбайдың өліміне не себеп болғаны белгісіз.
Қарағанды қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығына қарасты 5451 әскери бөлімінде мектеп оқушылары арасында «Жас Бүркіт» әскери-патриоттық сайысы ұйымдастырылды. Ауқымды іс-шараға қаладағы 10 мектептің командалары қатысып, өзара бақ сынасты, деп хабарлайды Tarazy.kz Сайыстың негізгі мақсаты – жасөспірімдердің әскери-патриоттық рухын көтеру, салауатты өмір салтын насихаттау және Отан қорғауға деген қызығушылығын арттыру. Қатысушылар әскери дайындық элементтері, саптық жүріс, эстафеталық жарыстар мен түрлі спорттық тапсырмалар бойынша сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды Нұркен Әбдіров атындағы мектеп иеленді. Ал 2 орынға №77 мектеп командасы лайық деп танылса, 3 орынды №48 мектептің оқушылары еншіледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер әскери бөлім басшылығы тарапынан дипломдар…
Алматыда блогер әрі кәсіпкер Сауле Ермаханова пластикалық операциядан кейін қайтыс болды. Қайғылы жағдай туралы марқұмның қызы әлеуметтік желіде мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Туыстарының айтуынша, 15 мамыр күні Сауле Ермаханова жеке клиникаға жоспарлы липосакция жасатуға барған. Дәрігерлер ота жергілікті анестезиямен өтіп, шамамен бір жарым сағатқа созылатынын айтқан. Алайда операция бірнеше сағатқа жалғасқан. Марқұмның қызының сөзінше, туыстарына ұзақ уақыт бойы ешқандай ақпарат берілмеген. «Бір сағат. Бір жарым. Екі. Үш. Сұрақтарға жауап бермеді. Тек үнсіз отырды», – деп жазды ол. Оның айтуынша, анасының қайтыс болғанын отбасы тек кешкі сағат 18:00 шамасында білген. Ал жедел жәрдем клиникаға тек 19:00-де келген. Туыстары операция бөлмесінде нақты…
Кәрім Мәсімовтің халықаралық іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы, қызметтік өкілетін асыра пайдалану және қаржы жымқыру фактілері бойынша күдікке ілінген Азамат Қапеновтің есімі тағы бір даулы оқиғамен байланыстырылып отыр. Ең қызығы, аталған іс те дәл Кәрім Мәсімов ҰҚК-ні басқарған кезеңде тоқтатылған. Бұл туралы журналист Михаил Козачков мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Журналистің айтуынша, Азамат Қапеновтің мансабы Кәрім Мәсімовтің қызы Тәмилла Кәрімге үйленгеннен кейін күрт өзгерген. Оған дейін ол қарапайым кәсіпкер болған әрі бұзақылық ісі бойынша сотталып үлгерген. Алайда отбасылық мәртебесі өзгерген соң, бұрынғы қылмыстық ісі бойынша толық ақталып шыққан. “Бұл материал жарық көргеннен кейін Қапеновтің қазіргі адвокаттары әлеуметтік желіде мені қаралап, түрлі…
АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранмен келіссөздер туралы мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы күрт құлдырады, деп хабарлайды Tarazy.kz 20 мамырдағы сауда-саттық барысында мұнай бағасы бір күнде шамамен 6 пайызға төмендеген. Бұған Трамптың Вашингтон мен Тегеран арасындағы келіссөздердің соңғы кезеңге жақындағанын мәлімдеуі себеп болған. Бұл туралы Yahoo Finance жазды. Атап айтқанда, шілде айына арналған WTI маркалы мұнай фьючерстері 5,89 долларға, яғни 5,66 пайызға арзандады. Нарық қатысушылары Иран мұнайының әлемдік нарыққа қайта оралуы мүмкін екенін және Ормуз бұғазының ашылуы ықтимал екенін айта бастаған. Трамп Иранмен келіссөздердің шешуші кезеңіне жеткенін айтып, Тегеранның әрекетін «ақылға қонымды» деп бағалаған. Сондай-ақ ол бейбіт келісімге келу үшін Иранға келесі…
Алматы облысында республикалық маңызы бар жолдарды орташа жөндеу бойынша 307 шақырым 11 жоба жүзеге асырылуда. Оның 6 жобасы Кеген және Райымбек аудандарында, 1 жоба Ұйғыр ауданында, 3 жоба Еңбекшіқазақ және 1 Қарасай аудандарында іске асырылуда, деп хабарлайды Tarazy.kz Кеген және Райымбек аудандарындағы «Кеген-Нарынқол» автомобиль жолының 0-37, 37-74 шақырым, «Көкпек-Кеген – Тюп» автомобиль жолының 26-41, 68-88 шақырым аралығын орташа жөндеу. Ұйғыр ауданындағы «Көктал– Қорғас» автомобиль жолының 230-272 шақырым аралығы бойынша былтыр 42 шақырым ресайкерлеу жəне жабынның төменгі қабаты салынды. Еңбекшіқазақ ауданында «Байсейт-Кокпек-Чунджа-Коктал», 0-6, 40+700-42+800 шақырымда жұмыстар аяқталуға жақын. Еңбекшіқазақ және Қарасай аудандарындағы «Алматы-Байтерек-Байдибек би-Лавар» 43-47, 76-88, 89-108 шақ., «»Алматы – Төнкеріс…
«Таза Қазақстан» акциясы аясында «Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркі мен Алматы қаласындағы №214 жалпы білім беретін мектеп ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды, деп хабарлайды Tarazy.kz Акцияның ашылу салтанатына «Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркінің экологиялық ағарту және туризм бөлімінің басшысы Руслан Сембайұлы мен мектеп басшысы Ахметова Света Ағабекқызы, мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты. «Мұндай игі шаралар оқушылардың табиғатқа, экологияға жанашырлығын арттырып, мәдениетті қалыптастырады. «Көлсай көлдері» жеткізіп, отырғызған ағаштар мектебімізге сән береді, қаламыздың экологиясының жақсаруына үлес қосады. Бүкіл республика көлемінде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосу әр адамның парызы. Бүгін біз де осы бір игі іске үлес қостық. Бұл ары қарай да…