Author: admin

Дәрі-дәрмектер тек дәрігердің нұсқаулығымен ғана сатылу керек. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Маңғыстау облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Айнагүл Жүнісбекова мәлімдеді. Елімізде дәрілік заттарды рецептуалды өткізу Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығымен бекітілген. Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларымен регламенттеледі. Қазақстан бойынша 2019 жылдың 21-ші мамырындағы есеп бойынша 7792 дәрілік заттың атауы тіркелген. Оның ішінде дәрігердің рецепті бойынша 6 033-і, ал, нұсқаулықсыз 1759-ы сатылады. Ал, тұрғындардың кейбірі қатаң түрде дәрігердің нұсқаулығымен ұсынылатын дәрілер туралы білмейді. Қандай да бір аурудың белгілері байқалған жағдайда, дәрігердің көмегінсіз емделгісі келеді. Рецепт бойынша сатылатын дәрілік заттардың тізбесіне тоқталсақ: микробқа қарсы…

Read More

Ықылас Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінде қалалық «Jambyl-Taraz» қоғамдық-саяси газетінің ұйымдастыруымен жас зияткерлердің «Кітап оқып, миллионер бол!» байқауының марапаттау рәсімі өтті. «Jambyl-Taraz» қалалық газеті 2018 жылдың 30 қарашасында 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай жарияланған жоба аясында ақылдастар алқасының құрамы бекітіліп, қала мектептерінің оқушыларына 100 кітаптың тізімі ұсынылды. Бес айға созылған білімділер бәйгесінде мыңдаған оқушы кітапты жанына серік етті. Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі мен Д.А.Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып байқауды ұйымдастыруға атсалысты. Әлеуметтік желілерде #кітапоқыпмиллионербол, #читайкнигистаньмиллионером хэштегімен 3000-ға жуық жазба жарияланды. Орта есеппен, осы уақыт аралығында 20000-нан астам әдебиет нұсқалары оқылды. Ең көп оқылған әдебиеттердің қатарында…

Read More

«Тақтар ойыны» сериалының сегіз маусымында 6887 кейіпкер қаза тапқан. Бұл туралы The Washington Post газеті жазды. Бірінші маусымда экранда 59 адам жан тапсырса, сериалдың соңғы маусымында  4548 адам өлген. Сериалдың барлық серияларында кісі өлтіру саны бойынша Драгон көш бастады: оның кесірінен 1426 кейіпкер қаза болды. 1278 жанның жанын алған Арья Старк екінші орынды иеленсе,  үшінші орында — Рейгаль 273 адамды өлтірген. Айта кетейік, 2011 жылдан бері HBO телеарнасының тапсырысымен түсірілген әлемге әйгілі «Тақтар ойыны» сериалы аяқталды.

Read More

Елімізде ең көп сұранысқа ие Жоғары оқу орындарының рейтингі жарияланды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі Тәуелсіз аккредиттеу агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. ҚР ЖОО-ларының ТОП-20 басты рейтингі Орны ЖОО Қорытынды көрсеткіштер (Баллдар) 1 ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 295327 2 Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 152765 3 С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 68944 4 ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 44957-40262 Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 5 ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 37372-32767 АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 6 С.Д. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ 29034-28743 М.ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАСТЫ ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ТҰРАН УНИВЕРСИТЕТІ 7 ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ…

Read More

Forbes журналы әлемдегі ең қымбат брендтердің биылғы рейтингін жариялады. Aplle корпорациясы 9-шы жыл қатарынан көш басындағы орнын сақтап келеді. Сарапшылар америкалық корпорацияның құнын 205,5 миллион долларға бағалаған. Бір жыл ішінде бренд бағасы 12%-ға өскен. Сондай-ақ, алғаш рет 200 миллион доллардан асып отыр. Рейтингте алғашқы бестікті тек технологиялық компаниялар иеленіп тұр. Apple корпорациясынан кейін екінші орында Google келеді. Құны 167,7 миллион доллар деп бағаланған. Өткен жылғы нәтижесімен салыстырғанда бұл компанияның құны 27 %-ға өскен. Үздік үштікті Microsoft түйіндеуде. Бренд құны 125,3 миллион доллар көлемінде. 2018 жылғы құнынан 20 % жоғарылаған. Сондай-ақ, алғашқы бестікке Amazon ($97 млн) мен Facebook ($88,9 млн) енген. Ең қымбат брендтер ондығында технологияға қатысы жоқ компаниялар да бар. Атап айтсақ, Coca-Cola (6-орын — $59,2 млн), Disney (8-орын —…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстан Президентіне әдебиеттің қазіргі жағдайы мен дамуы, Жазушылар одағының атқарған жұмыстары және алдағы жоспары жөнінде мәлімет берілді. Сонымен қатар Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет биыл елімізде өтетін Азия елдері қаламгерлерінің форумына дайындық мәселесі жайлы баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық рухани әлеуетті ілгерілету ісінде ақын-жазушылар қауымы маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Соңында Мемлекет басшысы Жазушылар одағының жұмыстарына жоғары баға беріп, қаламгерлерге шығармашылық табыс тіледі.

Read More

Статистика Қазақстанның көпшілік өңірінде бала туу кезіндегі әйелдердің орташа жасы орташа республикалық деңгейден жоғары болғанын көрсетті, – деп хабарлайды «Атамекен» арнасы. Елімізде өткен жылы 397799 нәресте өмірге келіпті. ҰЭМ статистика комитеті аналардың бала туу кезіндегі орташа жасын есептеді. Комитеттің мәліметінше, өткен жылы сәби сүйген аналардың орта жас мөлшері 28,7 болыпты. Ал 2008 жылы – 28,1 жасты құраған. Балалы болған аналардың ішінде қалалық әйелдердің орта жасы 29,0 (2008 жылы – 27,8), ауылдық мекендердегі орта жас – 28,3 (2008 жылы – 28,4) құрады. Статистика Қазақстанның көпшілік өңірлерінде бала туу кезіндегі әйелдердің орташа жасы орташа республикалық деңгейден жоғары болғанын көрсетеді. Мысалы Алматы қаласында…

Read More

ҚР Білім және ғылым министрлігі бірыңғай кешенді тестілеу ережесін бекітті. Ережеге аталған ведомствоның басшысы Күләш Шәмшидинова қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. Бұл ережеде оқуға түсуші қандай құжаттар тапсыру керектігі көрсетілген. Атап айтқанда, өтініш, білімі туралы құжат, 3×4 көлеміндегі екі фотосурет, 086-У формасындағы медициналық анықтама, тестілеуге қатысу үшін төлем жасалғаны туралы түбіртек ұсынылады. Жеке куәлігінің көшірмесімен бірге салыстыру үшін құжаттың өзі де көрсетіледі. Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтінім бергендерге құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат тапсырылады. Белгілі болғандай, тестілеуге қатысу үшін өтінім қабылдау шаралары 3-25 шілде аралығында іске асырылады.

Read More

Бокс 2020 жылғы Токио Олимпиадасының бағдарламасында қалады. Бірақ бәсекені Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Халықаралық әуесқой бокс федерациясының (AIBA) ұйымдастыруына түбегейлі қарсы. ХОК атқарушы комитеті өз ұстанымдарын маусымның 24-26-і күндері Лозаннада өтетін сессияға ұсынбақ. Соңғы шешім осы отырыста қабылданады. ХОК атқарушы комитеті АІВА-дағы қаржы, басқару, этика және төрешілік сұрақтарын шешу мақсатымен 2018 жылдың 30 қарашасында арнайы комиссия құрған болатын. Ұйымдағы шешімін таппаған мәселелер қаралып, барлығы қадағаланған. Олар ұйымдағы мәселелерді егжей-тегжейлі тексере келе, боксты 2020 жылғы Токио Олимпиадасының спорттық бағдарламасында қалдыруды жөн деп шешті. Токиодағы бокс бәсекесі мен барлық іріктеу сындары ХОК бекіткен негізгі қағидалар аясында өтуі тиіс. Оған AIBA-ның қатысы болмайды. Егер…

Read More

Аргентиналық футболдың аңызы Диего Марадонаны полиция қызметкерлері Буэнос-Айрес әуежайында тұтқындады, – деп хабарлайды The Sun. Оған Марадонаның бұрынғы сүйіктісі жазған арыз себеп болды. Росио Олива мен Марадона 6 жыл кездескен. Жұп былтыр желтоқсанда ажырасқан еді. Енді Олива 58 жастағы экс-футболшыдан 5 миллион фунт стерлинг көлемінде «материалдық шығын» талап етіп отыр. Марадона өз еліне Мексикадан келген болатын. Әуежайда құқық қорғаушылар оны тұтқындап, істі сот қарап жатқанын ресми ескертті. Соттың алғашқы қаралымы 13 маусымға жоспарланған.

Read More

Италияда болған жол-көлік оқиғасында зардап шеккендердің арасында қазақстандықтарда болған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның СІМ-не сілтеме жасап. Олардың ішінде бесеуі ауруханаға жеткізілген. Ал қалған төртеуі қонақүйлерге жатқызылды. Зардап шеккен қазақстандықтар омыртқа, бұғана, қабырға сынуы және басқа да түрлі жарақаттар алған. Жергілікті дәрігерлер оларға тексеріс жүргізіп, өз кеңестерін береді. Қазақстанның елшілері зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр. Олардың туыстары бұл оқиға жайлы хабардар. Қазақстанның Италиядағы елшілігімен мына нөмір арқылы хабарласуға болады: +390636301130. Жол-көлік оқиғасы таңғы уақытта Монтериджони және Бадессе қалаларындағы Сиена – Флоренция магистралінде болған. Оқиғаның нақ себебі анықталып жатыр, бірақ автобустың жолда оң жағына аударылғаны хабарланған. Куәгерлердің сөзінше, жолдан шығып кеткен автобус жырада өсіп тұрған…

Read More

Тараз қаласы көшелерінің жол жабындыларын қалпына келтіру – өзекті мәселердің бірі. Бүгінде облыс әкімінің тапсырмасына орай бұл бағытта барлық көшелерді түгендеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде бұған дейін коммуналдық меншікте ұзындығы 996 шақырым құрайтын барлығы 576 көше тіркелсе, түгендеу жұмыстары барысында 1531 шақырымды құрайтын 1330 көше анықталды. Сондай-ақ, қаладағы көше жабындыларын реттеу үшін арнайы үш жылдық Жол картасы бекітілген болатын. Картаға сәйкес, бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар (мектептер, балабақшалар, денсаулық сақтау) нысандар орналасқан және қоғамдық көліктер қатынайтын, инженерлік жүйелермен толығымен қамтылған, көшелер жөнделу көзделуде. Бұл бағытта биыл ағымдағы жөндеу жұмыстарына бюджеттен 100,0 миллион теңгеге бөлініп, 22000 шаршы метрді құрайтын 86 көшені (қоғамдық…

Read More

«Жолдарда жөндеу жұмыстары жүріп жатса немесе керісінше жол нашар күйде болса және ұзақ уақыт бойы жөндеу жұмыстары жүргізілмесе, азаматтар Интерактивті картаның www.publicbudget.kz сайты арқылы картадан объектіні тауып  өз пікірін қалдыра алады. Жоба қызметкерлері хабарламаларды бақылап, жедел шаралар қабылдайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Арман Тұрлыбек «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында хабарлады. Карта – сыртқы ресурстарға бөлінген бюджеттік қаражаттарды көрсетуге және бақылауға, шағымдар мен пікірлерді жинауға және ақпараттарды талдауға арналған көпшілікке қолжетімді қызмет. Бюджеттің ашықтығы мен елдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірегей тәжірибесі. Әкім орынбасарының айтуынша, картада бөлінген қаражат пен жүргізілетін жұмыс уақытының көлемі туралы ақпараттар көрсетілген. Осылайша, біз азаматтық…

Read More

Украинаның экс-президенті Петр Порошенконың үстінен мемлекетке сатқындық жасады және өз лауазымын асыра пайдаланды деген айып тағылып, қылмыстық тексеру басталды, деп хабарлайды Atameken Business. Мемлекеттік тергеу бюросының мәліметі бойынша тексеру жұмыстары  президент әкімшілігі басшысының  бұрынғы орынбасары Виктор Януковичтің көмекшісі болған Андрей Портновтың өтініші бойынша басталған. Істі бастауға 2018 жылдың 25 қарашасында Украинаның әскери теңіз күші Қара теңізден Азов теңізіне өтуі түрткі болған. Ал орталық аппараттың тергеушілері сотқа дейінгі тергеу басталғанын және біріңғай реестрге тіркелгенін растады.

Read More

21 мамырда Мәскеу метросының Солнцев бағытында жолаушылары бар 3 пойыз жолда тоқтап қалған. Пойыздарда жалпы саны мыңға жуық адам болған. Бұған дейін «Интерфакс» агенттігі пойыздардың техникалық ақауға байланысты тоқтағанын жазады. Пойыздар Мәскеу уақытымен кешкі сағат жетілер шамасында «Шелепиха» және «Хорошев» станциялары арасында тұрып қалған. Жер астында бірнеше сағат отырған жолаушыларды кейінірек жөндеуден өткен пойыздардың көмегімен станцияға жеткізген.

Read More

Жуалы ауданында, кәсіпкер «Бурное Солар» күн электр станциясының бас директоры Капенов Нұрлан Нұрғалиұлы өз қаржысын «Бауыржан Момышұлы» қайырымдылық қоғамдық қорына аударып, өз есебінен Б.Момышұлы ауылында орналасқан 2 қабатты тұрғын үйден 3 бөлмелі пәтер сатып алып, осы пәтердің кілтін Б.Момышұлы ауылының тұрғыны 6 қыздың анасы Еділбаева Қалипа Сарекешқызының отбасына сыйға тартты. Баспаналы болған көпбалалы отбасының көзайым қуанышын бөлісуге аудан әкімі Нарбай Ергебеков, аудандық мәслихат хатшысы Ерғали Тілеубеков, аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Естемес Аманбеков, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сейітхан Жұмашев қатысты. Кәсіпкер Капенов Нұрлан Нұрғалиұлы, аудан басшыларымен бірге отанасы Қанипа Еділбаеваға екі қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан үш…

Read More

Синоптиктер 23-25 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап. Қазақстанның батысына жылжыған антициклон жылдам өтіп кетеді және оның орнына Ресейдің еуропалық бөлігінен суық атмосфералық фронттар келе бастайды. Осыған байланысты оңтүстікте найзағай жарқылдап, жауын-шашын болады. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында нөсер жаңбыр жауады. Ауа температурасы климаттық нормадан 2…6°С-қа төмендейді. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда алдағы түнде -3°С үсік жүреді.

Read More

Омандық жазушы әрі мұғалім Джоха Альхартхи (Jokha Alharthi) әдебиет саласы бойынша 2019 жылғы халықаралық Букер сыйлығын иеленді. Бұл туралы ұйымның ресми сайты хабарлады. Жазушы әйел белгілі әдеби жүлдені «Аспан денесі» (Celestial Bodies) деп аталатын романы бойынша жеңіп алды. Шығармада отарлық саясаттың көрінісі омандық үш апалы-сіңілі қыздардың тәлім-тәрбиесі арқылы баяндалады. Букер сыйлығы жеңімпазы атанған Джоха Альхартхи 50 мың фунт стерлинг алады. Ережеге сай оны аудармашы Мэрилин Бутпен теңдей бөлісетін болады. – Бәрінен бұрын Мэрилин Бутқа алғысым шексіз. Шығарманы шеберлік шыңына жеткізіп аударғаны үшін рақметімді айтамын, – деді жазушы. Джоха Альхартхи – Оман еліндегі алғашқы роман жазушы қаламгер. Бірінші рет ағылшын тіліне аударылды. Сондай-ақ, ол Парсы шығанағы…

Read More

Иран төменбайытылған уран өндірісінің көлемін төрт есе арттырды. Бұл туралы Tasnim агенттігі Иран атом энергиясы ұйымының өкілі Бехруз Камальвандиге сілтеме жасап хабарлайды. Камальвандидің айтуынша, 20 мамырдан бастап Иран ядролық жағармай өндірісін көбейту шешімін қабылдаған. Оның айтуынша, ел Халықаралық ато энергиясы ұйымына (МАГАТЭ) осы жағдай туралы хабардар еткен. Сонымен қатар, Камальванди бұл шешімнің центифугалардың көбейетіні туралы еместігін айтады. Иран байытылған урна өндірісінің көлемін 3,67 есеге таза өндірістік күштің арқасында қол жеткізген. Ирандағы мұндай шешімнің себебі АҚШ тарапынан ядролық келісімнің бұзылуы мен америкалық Санкциялар деп аталады. Қалған мүшелері СВПД – Германия, Франция, Ұлыбритания, Қытай және Ресей тиіс пікірінше, иран билігінің ұйғарымымен тез арада осы мәселені шешуі керек. АҚШ…

Read More

Біржан Сөктай Жамбыл облысы әкімінің жаңа кеңесшісі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tarazy ақпараттық агенттігі. Біржан Сартбекұлы Сөктай 1981 жылы Талас ауданында дүниеге келген. Ол Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Қазақ тілі әдебиеті және ағылшын» мамандығы бойынша тәмамдаған. Біржан Сартбекұлы өз еңбек жолын 2003 жылы Жамбыл облыстық телеарнасынан бастаған. Одан кейінгі әр жылдары Республикалық «КТК», «ОРТ» «Еуразия», «МИР» телерналарында еңбек етіп, шыңдалды. Атырау және Ақмола облыстық телеарналарында басшылық қызметтi де атқарды. «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметiнде, «Түркістан» газеті бас редакторының орынбасары болып қызмет етті. Б.Сөктай 2018 жылдың қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі болып…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Волонтерлік – жастардың әлеуметтік лифті» атты Қазақстан-Ресей жастарының ынтымақтастық форумына қатысты. Форум алдында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей жастарының STARTUP-жобаларының көрмесін аралады. Сондай-ақ, Қостанай облысы Жастарға қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Жиынға қатысушыларға арналған сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев аталған форумның білім мен тәжірибе алмасуға, пікірлестер тауып, ортақ мақсаттар мен жоспарлар жасауға мүмкіндік беретінін атап өтті. – Қазақстан – жас әрі жастардың мемлекеті! Жастарымыз – дамудың қозғаушы күші. Барлық мемлекеттік органдардың міндеті – жастардың өзін өзі жақсы танытуына жағдай жасау және олардың оң бастамаларына қолдау көрсету, – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев өз баяндамасында елімізде еріктілердің қозғалысына айрықша…

Read More

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанда «бесінші буын» байланыс желісін енгізу мәселелері туралы кеңес өткізді. Бұл туралы үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады. Кеңес барысында цифрлық экономика мен заттар интернетін дамыту үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге жаңа технологияны енгізудің ықпалы талқыланды. Үкімет басшысы берілетін деректердің ағымының жылдамдығы мен өткізгіштік қабілетін арттыру ТКШ, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, денсаулық сақтау салаларында жобаларды іске асыруда телемедицианы дамыту, Smart City компонентерін енгізу, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың тиімділігін арттыру т.б. тұрғысынан салмақты серпін беретінін баяндады. ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметтерінше, Қазақстан АҚШ, Оңтүстік Корея, Швейцария, Эстония елдерімен қатар жаңа желіні енгізуді пилоттауға көшкен…

Read More

Сарапшылар ғасыр соңына дейін климат қалай өзгеретіні жайлы өз болжамдарын жасады. Олар әлемдік мұхит деңгейі қаншалықты көтерілетінін басты назарға алған. Мұздықтарды зерттеумен айналысатын ғалымдар тобы Гренландия мен Антарктикадағы жағдайды бақылаған. Олар ғаламдық жылыну әсерінен мұздықтардың жылдам еруіне алаңдауда. Зерттеушілер 2100 жылға қарай әлемдік мұхит деңгейі 7 футқа дейін (2,13 метр) көтеріледі деп болжауда. Мұның салдарынан 1,79 миллион шаршы километр жер су астында қалуы мүмкін. Оның ішінде Лондон, Лос-Анджелес, Нью-Йорк пен Рио-де-Жанейро қалаларына төнер қауіп көп. Сондай-ақ аралдық мемлекеттер жер бетінен жойылуы мүмкін, – деп жазады The Independent. Әлемдік мұхит деңгейі 2 метрге көтерілетін болса, 187 миллион адам жаңа қоныс іздейтін…

Read More

Парламенттің, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының белсенді қатысуы негізінде мемлекеттік шешімдердің әділдігін қамтамасыз ету керек. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте айтты, – деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекет басшысы елімізде жемқорлықтың дендеп кеткеніне алаңдаушылық білдіріп, бұның қоғамға қауіпті дерт екенін айтты. «Жыл сайын Қазақстанда орташа есеппен 2 мыңнан астам сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс тіркеледі. Мыңнан аса адам жауапқа тартылады. Бұл – батпандап кіріп, мысқалдап шығатын кесел. Осы ауруды қазір шұғыл түрде емдемесек, ертең кеш болуы мүмкін», – деді Қазақстан Президенті. Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлықтың ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттің болашағына нұқсан келтіретінін…

Read More

Күні кешегі 9 мамыр – Жеңіс күнін Жамбыл ауданы Бірлесу-Еңбек ауылының тұрғындары ерекше көңіл-күйде атап өтті. Ерекше дейтін себебіміз, еліміздегі ретрокөліктерді құрастырумен айналысатын бірден-бір автошебер Мейірхан Кәрібаев сонау Алматы қаласынан 1940 жылы шығарылған, ел ішінде «вильс» деген атаумен белгілі болған «Газ-67» көлігін айдап келіп, ауыл тұрғындарына тың тарту жасады. Мейірхан Баймаханұлы өзімен бірге белгілі режиссер Ермек Тұрсынов түсірген «Шал» фильміндегі басты рөлді сомдаған Ерболат Тоғызақовты ерте келіпті. Осы күні қарапайым ауыл тұрғындары көне көлікті тамашалап, белгілі актермен шүйіркелесіп, бір жасап қалды. Ал біз үшін айтулы автошебердің өзімен сұхбаттасудың сәті түсті.– Мереке күні Алматыдан ауылға арнайы атбасын бұрып келуіңіздің бір себебі…

Read More

«ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы 2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстанда шығарылған көліктердің нақты санын мәлім етті. Жылдың алдыңғы 4 айында қазақстандық автозауыттан 12 870 автокөлік шығарылған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 42,2 пайызға жоғары. Барлық көлікті құрастыруға кеткен қаржы – 83,9 миллиард теңге. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда жеңіл автокөлік өндіру 37,9 пайызға артқан. Тек сәуір айында 3 368 автокөлік сатылып, рекордтық көрсеткіш ретінде тіркелді. Есепті уақытта ең көп сатылған көлік маркалары: 1) Lada – 4664 2) Hyundai – 3405 3) KIA – 1240 4) Skoda – 290 5) Chevrolet – 233 6) JAC – 160 7) UAZ – 116 8) Ravon –…

Read More

Түркиялық «Yildirim Holding» компаниясы мен Жамбыл облысының әкімдігі Жамбыл облысында сода өндіру зауытының құрылысы бойынша келісімге қол қойды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Зауыттың жылдық қуаты – 400 мың тонна. «Біздің компания Жамбыл облысында кальцийленген сода өңдеу зауытын салады. Жобаға 300 млн доллардан астам қаражат құюды көздеп отырмыз. Бүгінгі күні Сұркөл кенінде барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Негізгі кен өндіру келісімдері бұрын жасалған. Сол себептен, қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама мен техникалық-экономикалық негіздеме жұмыстарын әзірленуде. Жамбыл облысының әкімі толығымен қолдау көрсетуге дайын. Біз былтыр тиісті меморандумға қол қойған болатынбыз. Биыл енді толық келісімге қол қойылып отыр», – деді компания басқарма төрағасының орынбасары Альп…

Read More

Футболдан ел премьер-лигасының ХІ турын «Тараз» Шымкентте «Ордабасыға» қарсы өткізді. Ойында алаң иелеріне 3:0 есебімен есе жіберіп, ұпайсыз қайтты. Ордабасы ойындағы екі голын бірінші таймда-ақ соғып үлгерді. 7 минутта Тоқтар Жаңғылышбай есеп ашса, араға 10 минут сала Жоао Пауло гол авторы атанды. Ойын аяқталар тұста Май Сифиве Махлангу шымкенттік команданың үшінші голын соқты. 20 ұпай жинаған «Ордабасы» турнир кестесінде 4-орынға көтерілді. Ал «Тараз» 10 ұпаймен 9-орында келеді. ХІ тур ойындарының нәтижелері 18 мамыр «Оқжетпес» – «Қайсар» 1:2 (1:1) Гол соққандар: Барсегян Тигран 10 (0:1) , Алмейда Алвес Данило 37 (1:1) , Джон Джошуа 74 (1:2) «Тобыл» – «Атырау» 3:0 (1:0) Гол…

Read More

Қалтасына ақша түссе, қыз-келіншектердің базар аралайтын әдеті бар. Бұл үрдіс қазір, тіпті үдеп кетті. Мәселен, Алматыдағы ірі сауда орындарында жасөспірім қыздардың да киім-кешек іздеп, тамақтану орындарында тапжылмай әңгімелесіп отырғанын жиі көруге болады. Мұны бүгінгі тілмен айтқанда – шопинг дейді. Ағылшын тілінен аударғанда «бос уақытта керек заттарыңды алу үшін дүкен аралау» деген мағынаны білдіреді. Ал қарапайым базардың жөні бір бөлек. Айталық ел арасында қалыптасқан атауы бар «қара базар» нақты тауар алуға келген кісілер үшін қайнаған қазан секілді. Осы жерге келетіндер қаланың қалталы азаматтары деуге болмайды. Негізінен табысын талғажау етуге жетерлік немесе өзге аймақтардан келген ағайын. Олардың бір бөлігі – той-томалақ қамымен…

Read More

Көкшетау. Қарғын су шаһарға таңғы сағат төрт жарым шамасында жайылған. Қаланы қақ жарып өтетін Қылшақты өзені аяқ астынан қыңыр мінез танытты. Қаланың байырғы тұрғындары жаз бойы жылап қана ағатын, арнасы тар, суы аз өзеннің соңғы рет қашан мінез көрсеткенін естеріне түсіре алмады. «Бақсақ бақа екен» дегендей, қала жұртшылығын таң сәріден естерінен тандыра жылы көрпелерінен жұлып алған – Ивановка су қоймасынан босатылған қарғын су екен. Оның үстіне, дәл сол күні қызыл асықтан келетін қырбақ қар жауған. Ауаның температурасы 7 градус шамасында. Қар бірден еріп кетті де, су қоймасынан аққан қызылсумен бірге Қылшақты өзенінің аңғарына құйылды. Өзен мұзы әлі еріп үлгермеген. Сол…

Read More

Еліміз егемендік алғаннан бергі ширек ғасырдан астам уақытта жол апатынан көз жұмғандар Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерден әлдеқайда көп. Бұл ел ішіндегі еспе әңгіме. Шындыққа қаншалықты жанасымды? Оған көзіміз жетпейді. Алайда қара жолда дәм-тұзы таусылғандардың қатары өте көп. Жол жөнделіп, қауіпсіздік қатайса да қала мен далада жол апаты жиілеп, бейбіт күнде азаматтардан айырылып жатырмыз. Мәселен, соңғы бір аптада темір көлікте тынысы тоқтап қалғандардың санын саусақ бүгіп санауға тура келеді. Елорданың өзінде автобус апатынан екі адам көз жұмып, 36 жолаушы ауруханаға түсті. Оның ішінде 4 азамат ауыр халде жатыр. Жазымнан кейін амалсыз аяғын кестіргендер бар. Дәл сол мезгілде Алматыда бір үйлі…

Read More

Қызметіне жаңа кіріскен кез келген президенттің алғашқы ресми сапары аса маңызды. Сол арқылы қай елдің басты стратегиялық серіктес екені айқындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Ресейге барды. Айта кеткен жөн, президент В. Путиннің шақырумен. Мемлекет басшысы Мәскеу сапары қарсаңында «Российская газета» басылымына берген сұхбатында мұны айрықша атап өтті. Бұдан мынадай ой түюге болады: бізбен жақын қарым-қатынасқа терістік көршіміз ерекше мүдделі. Себебі де белгілі. Батыспен арадағы тоқтаусыз текетірес, салмағы барған сайын ауырлап жатқан санкциялар, шетелдік инвестиция мен заманауи технологиядан қағылып, тек мұнай мен газға иек артқан экономика. Тегі бір туысқандардың теріс бұрылып, кәрі құрлыққа ұмтылуы… Мұндай жағдайда, сөз жоқ, өзара сыйластықты, тең…

Read More

Атырау облысының бас имамы Батыржан Мансұров кісі қайтыс болған кезде үйіндегі қоштасу түнінің «күзеттің» форматын өзгертуді ұсынды. Имамның пікірінше, қазіргі таңда соңғы сапар ысырапқа айналып барады. Jas qazaq: Дүниеден өткен кісіні өз үйінде «күзету» қайдан шыққан, оның шариғаттағы және дәстүрлі негізі қандай? Б.Мансұров: Бұрынырақта ата-бабаларымыз қайтқан кісіге жеке киіз үй тігіп, оның сүйегін оңашада күзеткен. Марқұмды екі күн күзетудің екі себебі болған. Біріншіден, «Ажал адамға айтып келмейді». Яғни адам баласы «бүгін яки ертең өлім келеді» деп, еш уақытта ажалға дайын отыра алмайды. Мысалға, отбасында адам қайтыс болған кезде, ол әулет жайлауда отыруы мүмкін. Қазақтың бұрынғы тұрмысына үңілер болсақ, мұндай жағдайда кісінің ұл-қызы,…

Read More

Радикалды бағыттағы сәләфизмнің жетегінде кеткен Ержанның (есімі өзгертіліп алынды) жазасын өтеп жатқанына биыл екінші жыл. Терроризмді насихаттағаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырылған азамат ақиқатты интернеттен іздеп, бүгінде оңбай қателескеніне өкініп отыр. Жас жігіт жүрек түкпіріндегі сырын оқырманмен бөлісуді жөн көрді. Ата-әжем бұған шыдай алмас еді… Жұмақты уәде ететін Дарын Мүбәров сияқтылар талай адамның өміріне балта шапты. Қаншама қазақ баласы Ауғанстан, Пәкістан, Сирия жерінде көз жұмып, қаншама ана зар жылап қалды», – деп әңгімесін бастаған Ержаннан өзі туралы көбірек білуге тырыстық. Ержан – Ресейде туған. «Бастауыш сыныпты да сол жақта оқыдым. Ата-анам әжептәуір жұмыста болды. Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдары…

Read More

Англияның Кингстон-апон-Халл қаласының тұрғыны жарты сағат бойы күн астында тұрамын деп күйіп қалды. Оның қолын үшінші дәрежелі күйік шалған, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. Венди Сеннетттің айтуынша, ол 4 мамырда Бирмингем қаласындағы пейнтбол клубқа барғанда қолын күйдіріп алған. «Мен күн астында жарты саған қана жүрдім. Кейін қарасам, қолыма қараудың өзі қорқынышты. Оң қолымнің ісіп кеткені сонша, саусақтарымның сүйегі көрінбей қалды», – дейді ол. Бұған дейін 58 жастағы әйел көмейдің қабынуын емдеу үшін бірнеше апта бойы стероидті препарат қабылдаған болатын. Ал, сол дәрілердің әсерінен оның терісі өте сезімтал болып қалған. Бірақ, ол дәрі-дәрмектертің қаптамасын дұрыстап оқымағандықтан, одан жағымсыз әсерлер болатынын білмеген. Енді…

Read More

Бұдан бұрын Димаш әлемдік музыканың аңызымен дуэт құратынын айтқан болатын. Димаш Құдайберген өзінің Istagram-дағы парақшасында италиялық аңыз әнші Андреа Бочеллимен кездескені туралы жазды, деп хабарлайды Zakon.kz. – Андреа Бочелли ағамызбен сахна сыртында көрістік. Ағамыз менің шығармашылығымды қолдап жүретіндігін айтып,батасын берді. Көргеніме қуаныштымын, аңыз тұлға, – деп жазды ол. Ұлы тенор Бочелли Димашқа сәттілік тілеп, оның дауысын керемет деп бағалады.

Read More

Маэстро Ержанды ұнатып, өзінің музыкалық академиясына шақырды. Ресейлік композитор, продюсер Игорь Крутой қазақстандық жас әнші Ержан Максимді өзінің музыкалық академиясына шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz. – Достар, Мәскеуге жасаған сапарым сәтті болды. Неге дейсіз ғой, мен ең алдымен, еліміздің аптал азаматы Иманғали Нұрғалиұлымен кездестім. Сол кездесуіміздің нәтижесі ретінде көптен бері армандап жүрген атақты композитор, продюсер Игорь Крутоймен таныстым. Мені студияда тыңдаған маэстро мені ұнатып, өзінің музыкалық академиясына шақырды. Мен қуана келістім. Енді достар, күзден бастап сол жерде вокал бағыты бойынша өнерімді шыңдайтын боламын. Әрине, мұның барлығы Иманғали ағамыздың арқасы деп білемін. Осындай азаматтардың арқасында шығармашылығым жалғасып, жемісін беретініне сенімім мол, – деп жазды әнші…

Read More

Ол «World music award» жүлдесінің жеңімпазы. Сурет : Getty Images/Steve Granitz15 Мамыр 2019, 08:55 Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өз жанкүйерлерін қызықтырып қойды, деп хабарлайды Zakon.kz. Әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялағандай, қазір ол әлемдік деңгейдегі бір аса қызықты жоба дайындауда. – Әлемдік музыканың аңызымен дуэт дайындап отырмыз… «World music award» жүлдесінің жеңімпазы, керемет әнші. Оны бүкіл әлемде миллиондаған адам сүйсініп тыңдайды. Кім екенін кейін білесіздер, – деп жазды Димаш. Қазақстандық әншінің жанкүйерлері енді ол кім екен деген болжамдарын жасауда.

Read More

Құдайберген Кремльде өнер көрсетті. Қазақ әншісі Димаш Құдайберген Кремльде концерт қойды, деп хабарлайды Zakon.kz. Видеоның бір бөлігі әншінің YouTube-тегі каналында жарияланды. Концерт 2 сағат 20 минутқа созылады. Әншінің жеке концерті Кремльде 22 наурызда өткен болатын Димаштың келесі жеке концерті 29 маусымда Нұр-Сұлтанда өтеді.

Read More

Ол енді «Қазақконцерттің» шығармашылық қызметін басқарады. Әнші Мөлдір Әуелбекова «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы шығармашылық қызметінің басшысы болып тағайындалды. Мекеменің директоры Жеңіс Сейдуллаұлы тиісті бұйрыққа қол қойды, деп хабарлады Sputnik. «Эстрада, классика, фольклор, театр бағытындағы еліміздің үздік шығармашылық ұжымдарын бір арнаға тоғыстырып, қазақ өнерінің қарашаңырағына айналған «Қазақконцерттің» шығармашылық қызметіне енді Мөлдір Әуелбекова басшылық жасайды», – деп жазылған мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. Ведомствоның мәліметінше, бұдан бұрын ол «Қазақконцерттің» эстрадалық топтарына жетекшілік етіп, шығармашылық ізденістерінде жаңа идеялар мен тың бастамаларға бейім екендігін көрсеткен. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының түлегі 2011 жылы эстрадалық өнер магистрі атанған. Мөлдір Әуелбековаға мəдениет жəне ɵнер…

Read More

Германия туралы орыс эмигранты бірден байқайтын 14 қызықты дерек. Немістің үнемділігі мен ұқыптылығын бәріміз білеміз. Тәртіп қанында бар халық. Германия дегенде орыс эмигранттарын таң қалдыратын 14 ерекшелік мынау: 1. Банкроттық. Қарыз Фото: museumsdorf.info. Германия қарызы бар адамдарға кешіріммен қарайды. Миллиондаған қарызы барлар да емін-еркін бостандықта жүреді. Тек банкрот болдым деп жариялап, кез-келген тұрақты жұмысқа орналасып алсаңыз – ай сайын сізге 1000 евро төленеді, қалған ақша қарызды өтеуге жұмсалады. 2. Заттарды жөндеу Германияда жөндеу деген өте қымбат. Сағат болсын, тұрмыстық техника, автокөлік болсын – жөндеу құны арзан болған емес. Бұл елдің адамдары сынған затты жөндеуге апарғанша, лақтырып жібергенді жөн санайды. 3. Сыра…

Read More

Оның айтқаны ұлттық дәстүріміздің аясынан шығып, өте жаман – анайы, көріксіз қылықтарды санамызға сіңіріп тұр. Мына бейнеролик уатцаптан келіпті, деп жазды facebook-тегі белсенді Геройхан Қыстаубаев. «Жалпы, бір қарағанда, бұл ролик анаға деген адалдықты паш етеді. Тіпті кейіпкер де, оны тыңдап отырған жүргізушілер де көздеріне жас алып отыр. Көрермендердің де сондай күйде отырғандары бар болар. Алайда, ойланып қарағанға, бұл ұлттық дәстүріміздің аясынан шығып, салдарынан, өте жаман – анайы, көріксіз қылықтарды санамызға сіңіріп тұр! Кәмпиттің жылтырақ қағазына боқты орап бергендей… Болмаса, «анамның аяғын сүйемін, қолымды салып жіберіп көкірегін ұстаймын, сүйемін» деген не масқара?! «Бір бірімізге ұзақ қарап тұрамыз, қимай» деген не сөз? Осы жағдайларды көз…

Read More

Әншінің айтуы бойынша, одан туфли мен нәскиін шешуді талап еткен, дау содан шықты. Дос Мұкасан тобының әншісі Мұрат Құсаинов мен әуе компаниясы қызметкері арасындағы әуежайдағы даудың себебі белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz. Оқиға 17 сәуірде Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшатын КС 852 рейсіне отырғызу кезінде орын алған. Мұрат Құсайынов жайсыз оқиға болғанын растады. Әртістің сөзінше, әуежайда одан туфли, нәскиін шешуді талап еткен. Ол шешпеймін деп қарсылық білдірген. Дауысы қатты шығып кетіп, оны рейстен түсіріп алған. Сонымен қатар, Мұрат Құсайынов ешкімді ұрмағанын, итермегенін атап өтті. – Ешкімнің маңдайынан ұрғаным жоқ, – дейді ол.

Read More

Сіз көктемсіз, ал мен күз… Жаңа таныс, жаңа жүз, Сіз көктемсіз, ал мен күз. Өлең оқып берейін, менен күдер үзбеніз… Жанарымда жүзбеңіз, езуімде күлмеңіз. Жүрегімнен орын ап, бекер жалғыз жүрмеңіз. Мен туралы білмеңіз, өмір шіркін, жыр- теңіз! Жүрегімді абайсыз, Ұрлап кетіп жүрменіз… Әсел Назаралы, ақын

Read More

Кабаева өзінің жеке өмірі туралы тіс жарып ештеңе айтпайды. Алина Маратқызы Кабаева 1983 жылы 12 мамырда Ташкентте дүниеге келген. Көркем гимнастикамен Алина 3,5 жасында айналыса бастады, 11 жасында спорттық әлеуетін дамыту үшін шешесімен бірге Мәскеуге көшкен. Кабаеваның денесі толып кетуге тым бейім. Соның әсерінен жастайынан жаттығуда алдына жан салмайтын әдет қалыптастырған. 2001 жылы допингпен ұсталып, екі жылға спорттан шеттетілді. Спорттық карьерасын 2007 жылы аяқтаған. 2008 жылдың 12 сәуірінде Московский корреспондент басылымында Кабаева мен Владимир Путин үйлену тойын жасайды деген жаңалық шықты. Ол жаңалықты Spiegel, Stern, Die Welt, Die Presse көшіріп басқан. New York Post және Paris Match басылымында Кабаева мен Путиннің…

Read More

Кабаеваны ең мықты деген мамандар босандырып, жейтін тамағы аса қымбат мейрамханалардан жеткізіледі. Олимпиада чемпионы, ресейлік танымал спортшы Алина Кабаева 7 мамырда Мәскеуде егіз екі ұл тапты, деп хабарлайды Рамблер. Баспасөзден тым қатты тығылып өмір сүретін Алина Кабаева туралы алып-қашпа өсек-аяң әңгімелер жиі айтылады. Алты жыл бұрын Кабаева бір журналистке берген сұхбатында ешқашан бала тумағанын айтқан болатын. «Егіз ұлдың салмағы, аты-жөні белгісіз. Кабаеваны ең мықты деген мамандар босандырып, жейтін тамағы аса қымбат мейрамханалардан жеткізіледі. Оның палатасының есігіне күзет қойылып, бөтен ешкімді кіргізбеген», – деп жазады dom2lifeбасылымы. Кабаеваның жақын-туыс, дос-жарандарының ешқайсысы бұл ақпаратты растауға әзірге батпай отыр. Алинаның жанындағы көмекшілердің бірі бұл туралы ештеңе айта алмайтынын…

Read More

Windows Phone-мен жұмыс істейтін смартфондардың күні қараң. 2019 жылдың 31 желтоқсанында WhatsApp ескірген операциялық жүйелерде жұмыс істеуін толық тоқтатады, деп хабарлайды Zakon.kz әзірлеушінің ресми сайтына сілтеме жасап. Windows Phone негізіндегі смартфондардың бәрінде WhatsApp ашылмайтын болды. Сондай-ақ, 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап мессенджер Android 2.3.7 және одан жоғарылары орнатылған смартфондар мен iOS 7 орнатылған ескі гаджеттерде ашылмайтын болады.

Read More

Көтеріп алып, баспен қадады деген осы. Рио-де-Жанейродағы UFC 237 турнирінің басты кездесуінде Роуз Намаюнас пен Джессика Андраде төбелесті. Бұл жекпе-жек ауыр нокаутпен аяқталды, деп хабарлайды РИА. Екінші раундта Андраде чемпион атағы бар қарсыласын көтеріп алып, баспен жерге қадап тастады. Рефери кездесуді тоқтатты, өйткені Намаюнас біраз уақыт есін жия алмай жатты. Абырой болғанда Джессика тірі қалды. Қазір дәрігерлер оның омыртқасына қандай зиян келгенін анықтауда. Andrew Joseph ✔@AndyJ0seph That looked painful. #UFC237 1,750 10:38 AM – May 12, 2019 865 people are talking about this

Read More

Ол бұған дейінде істі болған. Мәскеуде полицейлер қоғамдық орында спирттік ішімдік ішкен аралас жекпе-жек шебері Александр Емельяненко ұстады. Бұл туралы РИА Новости-ге құқық қорғау органдарының өкілі хабарлаған, деп жазады Zakon.kz. Спортшы тұтқындалған соң полиция бөлімшесіне жеткізіліп, оған қатысты хаттама толтырылады. Емельяненко наурыз айында Кисловодскте жол апатына тап болып, артынша ЖКО із суытқан. Бірақ, Жол қозғалысының қауіпсіздігі мемлекеттік инспекциясы қызметкерлері оның автокөлігін тоқтатады. Ішімдікке сылқия тойып алған спортшы көлік есіктерін ішінен құлыптап алып, өзін ашулы ұстаған. Медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан оны әлемдік сот 1,5 жылға жүргузуші куәлігінен айырып, 30 мың рубль (100 мың теңгеден астам) айыппұл салды.

Read More

«Сити» 98 ұпай жинап, «Ливерпульден»1 ұпайға озып кетті. Осылайша қатарынан екінші жыл чемпион атанды. Ағылшын премьер-лигасының соңғы турында «Манчестер Сити» 4:1 есебімен «Брайтонды» жеңіп, өз тарихында тұңғыш рет Англия чемпионы атағын сақтап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz. «Сити» 98 ұпай жинап, «Ливерпульден»1 ұпайға озып кетті. Осылайша қатарынан екінші жыл чемпион атанып отыр. Бұған дейін «Сити» 1936/37, 1967/68, 2011/12, 2013/14 және 2017/18 маусымдарда чемпион атанған. Биыл сондай-ақ Англия Лигасының кубогын жеңіп алған «Манчестер сити» 18 мамырда Англия кубогының финалында «Уотфордпен» кездеседі.

Read More

Үйлердің болашақ иелеріне сатып алынған үйге бір жылдың ішінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы талап қойылған. Сицилияның оңтүстігіндегі Муссомели қаласының жергілікті билігі құны бір еуро (427 теңге) болатын жүздеген ескі үйді сатылымға қойды, деп хабарлайды Zakon.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап. Үйлердің болашақ иелеріне сатып алынған үйге бір жылдың ішінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы талап қойылған. Олар үшін аталған жөндеу жұмыстарының әрбір шаршы метрі 95 еуро (шамамен 40 мың теңге) болады, деп жазады The Sun. Ал, керісінше жағдайда үй иесі кепілдік ретінде салынған жеті мың еуро (шамамен үш миллион теңге) депозит қаражатынан айырылады. Жергілікті билік көмек ретінде сәулетшілер мен инженерлер ұсынуға дайын екендіктерін жеткізді. Таяу…

Read More

Барлық оқушылар мектеп аумағынан автобустармен шығарылған. Американың Денвер қаласындағы мектепте болған атыстың нәтижесінде сегіз оқушы аурухана төсегіне таңылды, деп хабарлайды Zakon.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап. Оқиға Хайлендс Рэнч ауданындағы STEM білім беру мекемесінде орын алған. Дуглас округінің шерифі Тони Сперлоктың айтуынша, бірнеше оқушы ауыр халде жатқан көрінеді. Ол сондай-ақ, екі күдіктінің ұсталғанын атап өтті. Олар да оқушылар екен. Білім беру мекемесінің ғимаратында үшінші атқыштың болуы мүмкін екендігі хабарланып отыр. Барлық оқушылар мектеп аумағынан автобустармен шығарылған. 2018 жылы наурыз айында Флорида штатының сенаты жергілікті мектептердің бірінде оқушы атыс шығарған соң, адамдардың жаппай қырылуының алдын алуға бағытталған мектептердегі қауіпсіздік туралы құжатты бекіткен болатын. Аталған оқиғаның нәтижесінде 17…

Read More

Бүгін екінші жартылай финалда «Тоттенхэм» мен «Аякс» финалға шығуға таласады. «Барселона» бірінші кездесуде «Камп Ноу» стадионында «Ливерпульді» 3:0 есебімен ұтып, істі тындырғандай болған еді, деп хабарлайды Zakon.kz. Қарымта кездесуде «Ливерпульдің» ерлік жасайтынына сену қиын болған. Жарақатына байланысты Мохамед Салах пен Роберто Фирмино болмады. Олардың орнына негізгі құрамда Джердан Шачири мен Дивок Ориджи шықты. «Ливерпуль» алдымен жылдам доп соғып алды. Ориджи көзге түсті. Екінші таймда голландиялық ойыншы Жоржиньо Вейналдум 54-ші және 56-шы минуттарда есепті 3:0 етті. 79-ші минутта Дивок Ориджи бұл кездесудің нүктесін қойды. Бүгін екінші жартылай финалда «Тоттенхэм» мен «Аякс» финалға шығуға таласады. Чемпиондар лигасының финалы 1 маусымда Мадридтегі «Ванда Метрополитано» стадионында өтеді.

Read More

Мұны Бақыт Сұлтанов көпбалалы аналармен кездесуінде айтты. Бүгін қалалық әкімдікте Бақыт Сұлтановтың көпбалалы аналармен кездесуі өтіп жатыр. Кездесуде халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына әлеуметтік қолдау көрсету және оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz елорда әкімдігінің ресми сайтынасілтеме жасап. Қала әкімімен қатар кездесуге Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің өкілдері қатысты. Елорда әкімімен кездесуге 70-ке жуық қала тұрғыны келді, олардың әрқайсысы толғандырған сұрақтарын ортаға салды. Көпбалалы аналардың айтуынша, бірінші кезекте оларды тегін тұрғын үй беру, атаулы әлеуметтік көмек беру, жұмысқа орналастыру мәселелері қызықтырады. Қала әкімінің мәліметінше, соңғы уақытта бейінді басқармалар азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша үлкен жұмыс жүргізді. Нәтижесінде көмекке аса…

Read More

Халық қалаулылары назарына атқарушылық іс жүргізу мәселелеріне қатысты түзетулерді бірінші оқылымда қарау ұсынылмақ. Бүгін, 17 мамыр, Палата Спикері Н. Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды. Ол бойынша халық қалаулылары назарына атқарушылық іс жүргізу мәселелеріне қатысты түзетулерді бірінші оқылымда қарау ұсынылмақ, деп хабарлайды Zakon.kzМәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген заң жобасы «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру аясында әзірленген. Құжат атқарушылық іс жүргізу тиімділігін арттыруға, заманауи технологияларды енгізуге, атқарушылық құжаттар тізбесіне «Астана» халықаралық қаржы орталығы» сот актілерін енгізуге басқа да осы саладағы маңызды сұрақтарды шешуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ,…

Read More

Әрі қарай не болатыны белгісіз. Жағдайы бірқалыпты ұсталып отыр Небәрі 2-дегі қыз екінші қабаттан бетонның үстіне құлап түскен. Ал ашық тұрған терезенің жақтауына оны тәрбиешісі шығарыпты, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. Қос кішкентай қызды сонда тұрғызып қойған әйел біреуін құлатып алған. Зардап шеккен баланың миына қан құйылып, ес-түссіз ауруханада жатыр. Балабақшадағы сұмдық жайт таспаға түсіп қалған. Кадрде көрініп тұрғандай, тәрбиеші екі бірдей бүлдіршінді ашық тұрған терезенің жақтауына тұрғызып қойған. Сөйтіп, біреуін жазалап тұрғанда, екіншісі жұқа тордан жерге құлап түседі. Екінші қабаттан құлдилаған сәбидің миына қан құйылып, ес-түссіз күйде ауруханада жатыр. Марат Досқалиев, Алматы облыстық көпсалалы балалар ауруханасы бас дәрігері: – Әрі қарай не…

Read More

2019 жылғы 18-20 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды. Алдағы демалыс күндері де Оралдан келетін суық атмосфералық фронттармен республиканың көптеген аймақтарында жаңбыр және температураның кезекті төмендеуі күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. – Сенбі күні оңтүстікте, жексенбі күні оңтүстік-шығыста, дүйсенбі күні солтүстік және орталықта кей жерлерде қатты жаңбыр болуы ықтимал. Республиканың батысына Ресейдің Еуропалық бөлігінен біртіндеп антициклон жылжиды, сондықтан мұнда жауын-шашынның тоқтап, солтүстік тропосфералық ағындармен ауа температурасының төмендеуі күтіледі, – делінеді ақпаратта.

Read More

Қажет кадрларды біздің өңірге шақыру керек – Ноғаев. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев білім басқармасы басшыларын педагог кадрларды тарту жұмыстарын жандандыруға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz. Қазір өңірдегі оқу орындарына 472 мұғалім қажет болып отыр. Негізінен орыстілді мектептерге, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі. – Бұл мәселе бойынша жұмыс істеп отырмыз. Облыстағы бірқатар жоғары оқу орнындарына бардық. Биыл 174 жас маман келеді деп күтілуде, – деп нақтылады Атырау облыстық білім басқармасы жетекшісінің міндетін атқарушы Жансұлу Төремұратова.

Read More

Сөндіру жұмыстары ерте таңнан қайта басталды. Алматы түбінде орналасқан қоқыс полигонындағы қалдықтардың бықсып жануы әлі тоқтар емес. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлады, деп жазады Zakon.kz. Ведомство өрт сөндіру автоцистерналарының, су тасығыш және арнайы техникалардың қоқыс полигонындағы қалдықтардың жануын жою жұмыстарын 17 мамыр күні сағат 03:00 дейін жалғастырып, осы күні сағат 06:00 қайта басталғанын айтып, есеп берді. – Дәл қазіргі уақытта бықсымаларды сумен өшіріп, өрт ошағының аумағын топырақпен көму жұмыстары жүріп жатыр. Сағат 07:00 су тасу құрылғылары бар екі тік ұшақ 30 рет су шашып, жалпы көлемі 90 шаршы метр су жеткізді. Сонымен қатар өрт шыққан орынды әуеден бақылап тұру үшін оқиға…

Read More

2018 жылдың 1 сәуірімен салыстырғанда халық саны 235,8 мың адамға немесе 1,3%-ға көбейген. Сурет : Public Domain Pictures17 Мамыр 2019, 11:14 2019 жылдың 1 сәуірінде елдегі халық саны 18448,6 мың адамды құрады, оның ішінде 10734,2 мың адам (58,2%) қалада, 7714,4 мың адам (41,8%) ауылда тұрады,деп хабарлайды Zakon.kz Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап. 2018 жылдың 1 сәуірімен салыстырғанда халық саны 235,8 мың адамға немесе 1,3%-ға көбейген. Жыл ішінде халқы ең көп көбейген қалалар Шымкент (52,7 мың адамға), Нұр-Сұлтан (50,3 мың адамға) және Алматы (49,9 мың адамға.

Read More

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, найзағай, тұман күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Синоптиктер 17 мамырында болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Zakon.kz. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, отүстік шығыста, орталықта және шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, найзағай, тұман күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстіктің кей жерлерінде шаңды дауыл, солтүстікте – дауыл күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел күшейеді. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, басым бөлігінде 15-20 жел, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с артады, бұршақ жаууы мүмкін. Қызылорда облысының кей жерлерінде дауыл,…

Read More

Тек жүргізуші ғана аман қалды. Сурет : Zakon.kz17 Мамыр 2019, 09:31 Бейсенбі, 16 мамыр күні кешқұрым, Алматы маңындағы автожолда жан түршігерлік жол-көлік оқиғасының нәтижесінде екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі. «МАЗ» ұзын өлшемді жүк көлігі жүргізушсінің айтуынша, жол апаты сағат 17:30 шамасында орын алған. Ұзын көлік Алматы-Нұр-Сұлтан трассасында колона құрамында келе жатқан. Кенет, жүргізуші Алматыға қарайғы бағыттың 87 шақырымында серіктестерінің тоқтағанын байқайды. Ер адам да жол шетіне шығып, тоқтайды, сосын көлігінен түсе бастаған. Дәл осы сәтте артқы жағында келе жатқан Toyota Carina E автокөлігі де жол шетіне ығыса бастапты, бірақ оның жүргізушісі алдында жүк көлігінің тұрғанын байқап, қайтадан жол ортасына қарай өтпекші…

Read More

Қазақстан Президенті 66 жасқа толды. Қасым-Жомарт Тоқаев 66 жасқа келді, деп хабарлайды Zakon.kz. Қазақстанның екінші президенті 1953 жылдың 17 мамырында Алматыда дүниеге келген. 1975 жылы Мәскеудегі мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген, 1992 жылы РФ Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген (халықаралық қатынастар маманы). Қазақстанның Тәуелсіздігіне дейін КСРО сыртқы істер министрлігі мен Союздың елшіліктерінде жұмыс істеген. 1993 жылдың желтоқсанынан 1994 жылдың қазанына дейін Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары, 1994-тен 1999-ға дейін елдің сыртқы істер министрі. Одан кейін премьер-министрдің орынбасары, премьер-министр, мемлекеттік хатшы болды. 2011 жылдың наурызынан бастап 2013 жылдың қазанына дейін БҰҰ Бас хатшысының орынбасары болды, БҰҰ-ның Женевадағы еуропалық бөлімін басқарды. 2013 жылдың…

Read More

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіздік жылдарында кедейшілік 40-тан 3 пайызға дейін қысқарғанын тілге тиек етті. Бұл туралы XII Астана экономикалық форумында айтты. «Мен Қазақстанға  сенген және бүгінгі күні де сенім артып отырған серіктестеріміздің, мемлекеттердің, достас инвесторлардың сенімін жоғары бағалаймын. Мұндай прагматикалық оптимизмді Қазақстанның саяси және экономикалық жүйесіне сенімділіктің маңызды көрсеткіші санаймын. Біздің еліміз әлемдік қоғамдастықтың құрметті мүшесіне айналды. Тәуелсіздік  жылдарында экономика 20 есе артып, кедейшілік 40-тан 3 пайызға дейін қысқарды. Біз бұл бағытты нығайтуды жалғастырамыз», деді Нұрсұлтан Назарбаев. Н.Назарбаев еліміздің Сыртқы істер министрлігі шетел инвестициясын тарту мәселесінде негізгі орган екенін, ал шетелдегі Елшіліктер Қазақстанда жұмыс істеуге ниет танытқан…

Read More

Жамбыл облысы Байзақ ауданында 10 жастағы қыз қырым-конго қанды безгегінен көз жұмды, – деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. Оның кенеден келетін кеселді қалай және кімнен жұқтырғаны белгісіз. Жақында ғана Өзбекстаннан келгені айтылады. «Мекенжайлары жоқ және мына Өзбекстан азаматтары. Қайыр сұрап күн көріп отырған адамдар. Бірақ өзінің кеш қаралуына байланысты және аурудың асқынуын өткізіп жіберуіне байланысты оны аман алып қалу мүмкін болмады. Залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді», – дейді Жамбыл облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Күмісбек Рахимов. Мамандардың айтуынша, жыл басынан бері облыс бойынша 481 адамды кене шаққан. Қауіпті қансорғыштар шаққан жамбылдықтар қатаң бақылауға алынып, тыңғылықты тексеру жүргізілген. https://youtu.be/RSmv_-6D5kU

Read More

Таразда алғаш рет жас мектеп директорлары арасында байқау өтті, – деп хабарлайды «Хабар 24». Шараға аудандар мен облыс орталығынан 10 білім ошағының үздік деген жетекшілері қатысты. Олар жергілікті ауыл-аймақтарда ақпан және сәуір айларында іріктеу кезеңінен өткен. Жоба жас басшылардың бір-бірімен тығыз байланыс орнатып, өзара креативті идеяларымен бөлісуге бағытталған. Байқау барысында мамандар 5 минуттық бейнеролик арқылы өздерін таныстырды. Сондай-ақ басқарып отырған мектептерінің стратегиялық даму жоспарын қорғап, білім беру тиімділігі тақырыбында эссе жазды. Мамандар мұндай бастама мұғалімдердің қызметін насихаттап, жастардың тәжірибе жинақтауларына үлкен мүмкіндік дейді. «Біз бұл жерде шектеу қойдық. Жұмыс өтілі директорлық лауазымында 5 жылдан аспауы керек. Эмоционалдығы, халықтың алдында өзін…

Read More

ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақшасын баспанаға немесе кредитті жабу үшін пайдалануға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. «Мен өзім зейнетақы жинақтарын кредитті жабу үшін пайдалануға қарсымын. Бұл – менің жеке пікірім. Иә, неше түрлі жағдайлар болады. Қаржылай қиындықтар болғанда несие алуға тура келеді. Кепілдік те бар. Ал кредитті ақшамен, я болмаса, кепілдікпен өтеу керек. Бірақ БЖЗҚ-дағы жинақтар зейнетке шыққаннан кейін керек қой. Мәселен, ол ақшаны пайдалануға рұқсат берілсе, несие алған адам зейнетақы жинақтарын жұмсап, кепілдіктен де айрылуы мүмкін. Меніңше, ондай жағдайда зейнетақы жинақтарын кредитті жабу үшін пайдаланған қисынсыз сияқты», – деді Смоляков журналистерге…

Read More

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу 3 маусым күні сағат 18:00-ге дейін жалғасады Кезектен тыс президент сайлауына 67 халықаралық байқаушы аккредитттелді. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдина мәлімдеді. Орталық сайлау комиссиясы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы қаулы қабылдады. Бүгінгі таңда президент сайлауына 67 халықаралық байқаушы аккредиттелген. Олардың 22-сі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының құрамындағы байқаушы. «2019 жылы 8 мамырда Сыртқы істер министрлігінен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы миссиясының 22 ұзақ мерзімді байқаушысын аккредиттеуге ұсыныс келіп түсті. Олардың барлығы аккредиттеуге шығарылып отыр», – деді Баймолдина ОСК отырысында.…

Read More

Сириядан 231 Қазақстан азаматы елге жеткізілді. Бұл ақпарат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында жария еткен Мемлекет басшысының мәлімдемесінен белгілі болды. «Менің тапсырмам бойынша 7 және 9 мамыр күндері Сириядан 231 Қазақстан азаматы елге жеткізілді, оның 156-сы балалар, дені мектеп жасына дейінгілер, соның ішінде 18-і – жетім балалар. Бұл ауқымды гуманитарлық акция – Тұңғыш Президент –Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен биыл қаңтар айында жүргізілген «Жусан» операциясының жалғасы болды. Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар елімізге қайтарылған азаматтармен оңалту шараларын жүргізді. Оларға медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетілді» дейді Қасым-Жомарт Тоқаев өз мәлімдемесінде. Сонымен қатар Мемлекет басшысы қазірдің…

Read More

Қазақстан Президентінің сайлауына жеті кандидат қатысатын болды. Орталық сайлау комиссиясы кеше үш үміткерді кезектен тыс Президент сайлауына кандидат ретінде ресми түрде тіркеп, кандидат куәлігін тапсырды. Бұған дейін төрт үміткер кандидат куәлігін алған еді. ОСК мүшесі Ақылбек Ихда­новтың айтуынша, «Ауыл» ха­лық­тық-демократиялық пар­тиясы ұсынған Төлеутай Рахым­беков заң бойынша барлық құ­жатын тапсырды. Лингвис­ти­ка­лық комиссия отырысында мем­лекеттік тілді еркін меңгергенін дәлелдеді. – Президенттікке кандидат Төлеутай Рахымбековтің кірістері мен мүлкіне қатысты декла­ра­ция­ны тапсырғаны туралы мем­ле­кеттік кірістер органының анық­тамасы бар. Оны тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың жоқтығы туралы медициналық қорытынды берілді. Аумақтық сайлау комис­сия­ларының канди­дат Төлеутай Сатайұлын қолдап жиналған аза­маттардың қолын тексеру нәти­жесі туралы хатта­малар ұсынылды: Қазақстанның…

Read More

Мектепте оқушыларға ағылшын тілінде пәндер тек 10 және 11 сыныпта, баланың тілдік қабілеті жеткілікті болған және мектеп дайын болған жағдайда, мектептің шешімімен ғана берілетін болады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова мәлім етті. «Үштілділікке байланысты: ең бірінші мәселе – қазақ тілін оқыту мәселесі. Екінші орыс тілі, ағылшын тілі мәселелері. Яғни тілдерді оқыту бұл деңгейге байланысты төрт дағдыны дамытуға бағытталады. Олар – тыңдау, айту, сөйлеу және жазу дағдылары. Сондықтан ағылшын тілінде балаларға пәнді беру тек 10 және 11 сыныпта, баланың тілдік қабілеті жеткілікті болған жағдайда және мектеп дайын болған жағдайда, мектептің шешімімен ғана жүретін болады. Қазіргі…

Read More

Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі бөлімі, «ЮНЕСКО» 2020 жылды Тоныкөк ескерткішінің 1300 жылдығына арнайтын болды. Бұл хабарды Халықаралық түркі академиясының президенті, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі жеткізді. «UNESCO-дан сүйінші хабар: Келесі 2020 жыл түгел түркінің абызы Тоныкөк бабамыздың жазба ескерткішінің 1300 жылдығына арналады. Құтты болсын!»,-деп жазды Дархан Қыдырәлі өзінің Facebook-парақшасында. Мәдени мұралар – ұлт игілігі Орхон-Енисей жазбасы — Орхон және Енисей өзен бойларында табылған көне түркі жазуымен жазылған жазбалар. Оның ішінде әйгілісі – Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк құлпытастарындағы жазбалар. Көп уақытқа дейін сыры беймәлім, қай тілде жазылғаны белгісіз болып келген. Орхон-Енисей жазбаларын руналық жазбалар…

Read More

Жамбыл облысында арнайы акция аясында жалпы құны 8 миллион 779 мың 425 теңгені құрайтын  161 бірлік қару тапсырылды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жамбыл облысында тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруы мен оқ-дәрілер және жарылғыш заттар сатып алу акциясы жалғасуда. Осы акцияны өткізу үшін республикалық бюджеттен 11 миллион  168 мың теңге қарастырылған. Облыстық полиция департаментінің мамандары акция барысында атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарын тапсырған адамдар  әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын айтады. Департаменттің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше екі аптада құны 9 миллион теңгеге жуық  болатын қару-жарақ тапсырылыпты. «Бүгінгі күні заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын тапсыруға ниетті  тұлғалардан 101 өтініш түсіп, барлығы 161 қару тапсырылды.…

Read More

Индонезия президенті Йоко Видодо ел астанасын Джакартадан өзге қалаға ауыстыру туралы жоспарын айтты. Бұл туралы мемлекет басшысы үкімет отырысы кезінде хабарлаған. – Джакарта бір мезетте екі бірдей маңызды істің (қаржы және саясат) орталығы бола алмайды, – деген президент. Сондай-ақ Йоко Видодо ел астанасын ауыстырған үш елді мысалға келтіре кеткен. Оның бірі – Қазақстан. – Біз де осылай жасай аламыз. Ол үшін тыңғылықты дайындалуымыз керек, – деген елдің басшысы. Жаңа астана болатын аймақты барлық фактор тұрғысынан дұрыс таңдау туралы бұйрық берген. Қазіргі таңда ел билігі таңдауы үш аймаққа түсуде. Олар – Паланкарая қаласы (Орталық Калимантан), Танах Бумбу округы (Оңтүстік Калимантан) және Пенаджам провинциясы (Шығыс Калимантан). Елдегі ұлттық…

Read More

Қазақстанда алғаш рет бір жылда 29 студенттік жатақхана пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР білім және ғылым вице-министрі Б. Асылова студенттер жатақханаларын салу жұмыстары туралы айтып берді. Б. Асылова Қазақстан тарихында алғаш рет биыл 9 196 орынға арналған 29 жатақхана пайдалануға берілетінін айтты. «Еліміздің тарихында бұған дейін осындай көрсеткіш болған жоқ. Ұзақ уақыт бойы салынған жатақханалардың мақсатты құрылысы жүргізілді. Жылына көп дегенде 2-2,5 мың орын пайдалануға берілетін. Аталған жобаны іске асыруда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін қолдану өз тиімділігін көрсетті», — деді ҚР вице-министрі. Сонымен қатар, ол жобаны іске асырудың алдында өңірлер бойынша барлық қажеттілікке…

Read More

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елорданы одан әрі дамыту жоспарымен танысты. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды. Қала әкімі Б. Сұлтанов Нұрсұлтан Назарбаевқа елорданы одан әрі дамыту және қала құрылысын жүргізу жоспары жөнінде мәлімет берді. Елбасы тұрғындар үшін қолайлы жағдайлар жасаудың және әлеуметтік инфрақұрылымның қол жетімділігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті елорданы бой көтеруін әлемдік тәжірибені және қала құрылысындағы заманауи трендтерді ескере отырып, жалғастыру қажеттігін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев елорданы газбен қамту және қала көшелерін көгалдандыра түсу үдерісіне ерекше тоқталды. Сондай-ақ, қала көшелеріндегі көлік жүктемелерін төмендету, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі, экологиялық проблемаларды…

Read More

Бүгін елордада ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясының кезектен тыс ХІХ сьезі өтуде. Сьезд кезінде партия атынан сайлауға Қасым-Жомарт Тоқаев түсетіні белгілі болды. Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. – Жаңа басшылыққа халықтың сенімі жоғары. Партия басшысы ретінде мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынамын. Ол Сенат төрағасы болып қызмет жасағанда парламенттік жұмыстардың дамуына зор үлес қосты. Осы жылдар аралығында ол менің сенімді қызметтесім болды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сьездге Саяси кеңес мүшелері, соның ішінде ҚР Парламентінің депутаттары, атқарушы мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, кәсіпкерлер, дәрігерлер, білім, мәдениет, спорт саласының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қатысуда. Nur Otan…

Read More

Бүгін «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Нұртай Әбіқаев пен «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев әлем елдеріндегі қандастарымызға көмек көрсету мақсатында өзара әріптестік және серіктестік қатынастарды нығайту туралы меморандумға қол қойды. Аталған меморандумның мәні шетелдегі және Отанына оралған қазақтарға көмек көрсетуге арналған Бірегей Байланыс-орталығы бірыңғай қызметін құру болып табылады. Құжат тараптардың арасындағы серіктестік қатынастарды, жобаны жүзеге асыру және Байланыс-орталыққа техникалық қолдау көрсету бойынша өзара ықпалдастықты көздейді. «Қазақтелеком» АҚ ақпараттық-коммуникациялық серіктес рөлін атқара отырып, Байланыс-орталығын ұйымдастыруға арналған бағдарламалық және аппараттық жарақтандырудың қажетті спектрін ұсынды, атап айтқанда: байланыс телефондары желілері, бағдарламалық жарақтандыру, Байланыс-орталықтың операторларын ұсыну, жаңа технологияларды қолдану мүмкіндіктерін есепке ала отырып, кеңестік…

Read More

Орталық сайлау комиссиясының отырысында сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа қол қою рәсіміне орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев пен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев қатысты. Елімізде 680 мың мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оның 500 мыңы дауыс беруге құқылы. Сондықтан еңбек министрі сайлау учаскелерінде мүгедек жандарға қолайлы жағдай жасау үшін жергілікті органдармен бірігіп жұмыс істейтінін атап өтті. «Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығы туралы конвенцияны мақұлдай отырып, Қазақстан өзіне міндеттемелер алды. Сондықтан 2 жыл бойы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірігіп, жұмыс жүргіздік», – деді орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев. Кезектен…

Read More

Биыл Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында тегін медициналық кепілдендірілген көмек бойынша  құны 781 млн. теңгеден асатын 1940 операция  жасалды. Дәрігерлер нейронавигация қолданып омыртқаға – 24, вертебропластика бойынша  – 34,  торакопластика – 11, артроскопия – 380, эндокорректор спондилодез – 34 операция, 161 адамның ұршық буынын,  129 науқастың тізе буынын толық ауыстырды. Елімізде жоғарытехнологиялы медициналық қызметтер ТМКК аясында азаматтарға тегін көрсетіледі.  Негізі,  бір операцияның құны 170 мыңнан басталып, 1,7 млн теңгеге дейін жетеді. 2015-2018 жылдары «Травматология және ортопедия» бойынша жоғарытехнологиялы медициналық қызмет саны 3360-тан 3813 өсті.  Мысалы, тізе  буынын эндопротездеу – 470-тен 594, жамбас буыны – 712-ден 741, артроскопиялық операция – 1247-ден 1288 артқан.…

Read More

С мая в Жамбылской области установлен самый высокий – пятый – класс пожарной опасности. И ни разу за эти месяцы он не снижался. Отсутствие осадков и высокие среднесуточные температуры воздуха стали причиной критической ситуации с природными пожарами, которая сложилась сегодня сразу в нескольких районах Жамбылской области. Возгорания здесь фиксируются практически каждый день. Местные лесхозы перешли на чрезвычайный режим работы, спасатели ведут активное воздушное патрулирование особо охраняемых территорий. Озёра в Мойынкуме образованы грунтовыми водами / фото Григория Беденко Обширные территории, расположенные к юго-западу от озера Балхаш, известны своим особым микроклиматом и богатым биологическим разнообразием. Наибольший интерес представляет Мойынкум – песчаная пустыня…

Read More