Автор: admin
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов БАҚ өкілдерімен кездесуде өңірдің ағымдағы жылдың 6 айындағы негізгі даму көрсеткіштері мен алдағы жоспарларына кеңінен тоқталды, — деп хабарлайды Tarazy.kz порталы. — Бірінші жарты жылдықта облыстың экономикалық өсімі 104,1 пайыз құрады. Өнеркәсіп (108,1%), ауыл шаруашылығы (102%), құрылыс (105,7%), тұрғын үй құрылысы (103,7%), сауда (105,3%), байланыс (101,9%)салаларында оң динамика қалыптасты. 155,8 миллиард теңге инвестиция тартылды(92,9%). 255 млрд. теңгеге көлік қызметі көрсетілді (98,5%). Инфляция деңгейі жыл басынан(2021ж .желтоқсанына)110%-ды құрады (ҚР–110,5%). Өзіндік кірістер 60 млрд. теңгеге (жоспар – 46,9 млрд. теңге)орындалып, 25,7%-ға артты (ҚР–119,2%),. Бюджет қаражаты 99,9%-ға игерілді (ҚР – 99,2%). Облыс әкімі лауазымына тағайындалған күннен бері Тараз қаласы, аудан…
Қарағанды облысындағы полигонда балалар жылына және Қазақстан Қарулы күштерінің 30 жылдығына арналған «Айбын» республикалық жиынының салтанатты жабылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен бүгінде қазақстандық жастарға ерекше көңіл бөлініп отыр. Жарысқа белсенді түрде қатысып, әскери іспен айналысуды құптадыңдар. Өздеріңнің жетістіктеріңді, білімдерің мен дағдыларыңды көрсеттіңдер, жаңа достар таптыңдар. Төзімділік сыналды», – деді Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов жиынға қатысушыларға. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Jas Sarbaz (@jassarbaz_qozgalysy) Жиынға Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әскери-патриоттық клубтарының, Қарулы күштердің, басқа да әскер мен әскери құралымдардының әскери колледждерінің, мектеп-интернаттарының, «Жас ұлан»…
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Жуалы ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар нысандардың жай-күйімен танысып, құрылыстардың барысын тексерді. Ең алдымен аймақ басшысы Теріс ауылындағы ескі Мәдениет үйінің бос ғимаратын көрді. Бірнеше жыл жеке меншікте болып, қараусыз қалған нысан бүгінде тозығы жетіп, жөндеуге жарамсыз күйге түскен. Бұған дейін бұл мәселені көтерген тұрғындардың өтінішін ескерген облыс әкімі ескі ғимаратты бұзып, орнына жаңа нысан салу қажеттігін атап өтті. Ол бойынша құжаттама жұмыстарын уақыт созбай пысықтау үшін аудан әкімдігіне нақты міндеттер жүктеді. Бұдан соң іргедегі дүкенге тосыннан кірген Нұржан Нұржігітов азық-түлік бағаларын тексерді. Дүкен иесіне үстеме ақыны талапқа сай 15 пайыздан асырмау керектігін ескертті. Келесі…
Аким Жамбылской области Нуржан Нуржигитов провел очередное заседание инвестиционного штаба во фронт — офисе «Правительство для бизнеса»,— передает Тarazy.kz. Принимали участие руководители ряда управлений, представители АО «НК «СПК-Тараз», регионального филиала АО «НК «Kazakh Invest». В ходе заседания рассмотрены проекты по строительству завода по производству керамических плиток, производству и установке в медицинских организациях инновационных систем обеззараживания и очистки воздуха, строительству оптово-распределительных центров, установке солнечных панелей. С представителями зарубежных компаний детально обсуждены вопросы, связанные с поставкой сырья, логистикой. Инвесторам разъяснены меры государственной поддержки в части обеспечения необходимой инфраструктурой, преференции в системе налогообложения. — Необходимо всемерно поддерживать новые инвестиционные проекты. Ни одна инициатива…
Жамбыл облысында ауылдық мәдениет үйлеріндегі штат бірліктерін ұлғайту бойынша шаралар қабылдануда. Бұл туралы аймақ басшысы Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Басқосуда алдымен шомылу маусымындағы қайғылы оқиғалардың орын алуы және олардың алдын алу мәселесі талқыланды. Облыс әкімінің кеңесшісі Нұрмұхаммед Ниязбеков әлеуметтік желіде айтарлықтай тарап, талқыға түскен 23 шілде күні Талас өзеңінде орын алған қайғылы оқиға туралы тоқталып өтті. Ол атасы мен немересінің бірдей суға кеткенін, марқұмдардың денелерін табу бойынша атқарылған жұмыстарға жергілікті тұрғындардың көңілі толмағанын білдірді. Сондай-ақ, тиісті алгоритмнің жоқтығын, кері байланыс орнату мәселесінде ТЖД басшылығы жұмысының әлсіздігін атап көрсетті. ПД және аудан, ауылдық округі әкімдігінің немқұрайлылығын жеткізді. Іздеу жұмыстарына…
Жамбыл облысындағы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде оқитын 23 618 студенттің жартысы, нақты айтқанда 11 784 жас мемлекеттік грант аясында білім алады. Биылғы оқу жылында 9-шы сынып бітірген оқушыларға арналған мемлекеттік тапсырыс санын 70 пайызға арттыру көзделіп отыр екен. Айталық, өткен оқу жылында 3 216 орынға мемлекеттік білім гранты бөлінсе, биыл 5 734-ке көбейіпті, — деп хабарлайды Tarazy.kz ақпараттық агенттігі. «Жамбылдағы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің жалпы саны 44. Аталған білім ошақтарының 20-сы мемлекеттік болса, 24-і жекеменшік. Бұл ретте колледждердің материалдық базасын жетілдіріп, сапалы білім беруге қол жеткізу шаралары күн тәртібінен түскен емес. Осы мақсатта «Жас маман» жобасын қолға алдық, бұған…
Бүгінде әлемде волонтер саны 1 миллиардқа жуықтапты. Қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің қатары елімізде де жыл санап артып отырғаны байқалады. Бейресми дерек бойынша, әрбір сегізінші қазақстандық еріктілер қатарын толықтыруда екен, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Бұл ретте Жамбыл облысында да бірнеше волонтерлік қауымдастықтар жұмыс істеп, жақсылық жасап жарысып жүр. Соның бірі – «Қазақстан волонтерлер лигасы». Қазіргі таңда қозғалыстың бір филиалы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде жұмыс істейді. Ұйым жастары «мен қоғамнан не аламын деп емес, мен қоғамға не бере аламын» деген ұстаныммен мұқтаж отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз етіп, қарт кісілердің үй шаруасына жәрдемдесіп, қамқорлық көрсетуде. Одан бөлек әртүрлі жәрмеңке, акция, квест ойындарын өткізіп…
2022 жылдың 24 шілдесінде Тараз қаласы Полиция басқармасына облыс орталығының тұрғындары жалпы сомасы 2 620 000 теңге қаражатын бейтаныс азаматшаның аз пайызбен несие шығарып беремін деген сылтаумен сенімдеріне кіріп, алаяқтық жолмен иеленіп кеткені туралы арызданған. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар 34 жастағы Тараз қаласының тұрғыны анықталды. Күдікті кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте азық-түлік тауарларының бағаларын бақылау, мониторинг жұмыстары, әлеуметтік дүкендердің қамтылуы, сақтау қоймаларының дайындық барысы туралы жан-жақты сараланды,- деп хабарлайды Tarazy.kz ақпараттық агенттігі. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын бақылауда ұстау, тұрақтандыру жұмыстары – басты талап. Ол үшін бізде қажетті шаралар қабылданып, жоспар әзірленген. Бұл тұрғыда әлеуетіміз де жеткілікті. Дегенмен, осы орайдағы жауаптылардың жұмыстары ойдағыдай дей алмаймыз,-деген облыс әкімі бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысын сұрады. Жиында сөз алған ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Көкөніс сақтау қоймаларының ағымдағы жағдайы және шаруашылықтармен жасалған форвардтық келісім шарттар жөнінде баяндады. Облыс әкімінің шаруашылықтармен сауда орындары арасында делдалсыз өнімді өткеру…
Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 19 шілдесі мен 18 тамызы аралығында Жамбыл облысының аумағында «Қауіпсіз жол»жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Рейдтік іс-шаралар шеңберінде әкімшілік полиция қызметкерлері кәсіпорындарда және еңбек ұжымдарында жүргізушілермен, оның ішінде автобус, маршруттық көлік құралдары мен такси жүргізушілерімен профилактикалық әңгімелер жүргізеді. Ал облыс орталығы мен қала сыртындағы жолдардың апатты-қауіпті учаскелерінде полицейлер бүктемелер, брошюралар мен жадынамалар таратуды ұйымдастырды. Жүргізушілерге жол-көлік оқиғасының негізгі себептері туралы айтып, жол ережесін сақтауға шақырды. Апаттар санын азайту үшін жол қозғалысын бақылау процесін автоматтандыру бойынша шаралар кешені жүзеге асырылады. Мысалы, облыстағы…