Close Menu
    Оқылып жатыр

    Алматы тұрғыны бір бөлмелі пәтеріне 109 адамды тіркеген

    13.01.2026

    «Пайдалы тағам қымбат». Қазақстандағы фастфуд нарығы өсіп келеді

    13.01.2026

    Атыраудағы қайғылы жағдай: марқұмның туыстары оқиғаға қатысты пікір білдірді

    12.01.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 13 января
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алматы тұрғыны бір бөлмелі пәтеріне 109 адамды тіркеген

      13.01.2026

      «Пайдалы тағам қымбат». Қазақстандағы фастфуд нарығы өсіп келеді

      13.01.2026

      Атыраудағы қайғылы жағдай: марқұмның туыстары оқиғаға қатысты пікір білдірді

      12.01.2026

      Қарағанды облысында 50 жолаушы отырған автобус жол апатына ұшырады

      12.01.2026

      Астанада жедел жәрдем станциясынан 850 млн теңге жымқырылған

      12.01.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

      17.11.2025

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025

      Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

      16.10.2025

      «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

      28.09.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Дамудың сапалы кезеңі

    Дамудың сапалы кезеңі

    Өңір тынысы 02.09.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты мемлекет басшысы Қасым- Жомарт  Тоқаевтың халыққа Жолдауы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  басшылығымен әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналған еліміздің Тәуелсіздігін нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартудың жаңа сапалы кезеңінің мүмкіндіктері және міндеттері айқындалып отыр. 5 институционалдық реформа және Ұлт жоспарын толық жүзеге асыру қажеттілігін көздейтін Жолдау Президенттің сайлау алдындағы бағдарламасының негізі болып табылады.

    Саяси жүйенің «Күшті Президент — ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы мемлекет тұрақтылығының негізі болып табылатының атап көрсеткен мемлекет басшысы  азаматтық қоғамды қолдау және нығайту қажеттілігіне тоқталды. Осы мақсатта құрылған  Қоғамдық сенімнің ұлттық кеңесі ротациялық қағидатпен  жұмыс жасайтын болады. Партия құрылысының процесін жалғастыру және еліміздегі көппартиялық, саяси бәсекелестік және пікірлер   ұстанымы саяси жүйенің тұрақтылығы  үшін өте маңызды екендігіне баса назар аударды. Алдағы Парламент Мәжілісі және мәслихаттар сайлауы еліміздегі көппартиялық жүйенің ары қарай дамуына ықпал ететіндігін атап көрсетті.

    Мемлекеттік органдар қызметіндегі басымдықтар қоғамық диалог,  ашықтық, азаматтардың мұң – мұқтажын жылдам қабылдау тұрғындармен кері байланыстың тиімділігін арттырады. Жолдауда дамудың жаңа кезеңіндегі әлеуметтік саладағы басымдықтар айқындалған. Білім беру сапасын жақсарту мақсатында оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатын жүргізудің өте өзекті. Жолдауда атап көрсетілгендей, елімізде мамандар даярлаудың отандық жүйесі нақты еңбек нарығынан тыс қалған. Оның дәлелі, орта мектепті аяқтаған түлектер техникалық және кәсіптік және жоғары оқу орындарына қабылданбай қалып, жұмыссыздар және маргиналдар қатарын көбейтуі бүгінгі күннің шындығы. Салдарынан олардың қылмыстық топтарға, экстремистік діни ағымдардың ықпалына түсіп кетуі орын алуда.

    Сондықтан да, Жолдауда көрсетілгендей,  орта білім берудің ұлттық стандарты оқушыларға кәсіби бағдар беру тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Жолдауда айтылған  өзекті мәселенің бірі  — мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайы. Президент тамыз конференциясында алдағы 4 жыл ішінде мұғалімдердің еңбекақысын 2 есе арттыруды тапсырған болатын. Келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 20  пайызға өсетіндігі бүкіл ұстаздар қауымы үшін үлкен қолдау деп санаймын. Өз кезегінде педагогтар болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуы үшін үлкен жауапкершілікпен қызмет атқаруы тиіс. 2020 жыл – Еріктілер жылы деп жарияланды.

    Мемлекет басшысы атап айтқандай, жастардың бойында белсенді өмірлік ұстаным дағдыларын қалыптастыру арқылы азаматтық қоғамды нығайту біздің жұмысымыздың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Сындарлы қоғамдық диалог – татулық пен тұрақтылық негізі.  Реформалаудың жаңа кезеңіне қадам басқан еліміз үшін Жолдауда айқындалған міндеттерді сапалы орындауға әрбір азамат өз үлесін қосуы тиіс.

    Президент атап көрсеткендей, осы мақсатта мемлекеттік органдардың жұмысты жедел атқарып, нақты нәтижеге қол жеткізуі талап етіледі. Тиісті реформаның жүзеге асырылуы үшін мекеме басшыларына дербес жауапкершілік жүктеліп, аймақтардағы халықтың жағдайы сауалнама негізінде нақты бағалануы Жолдаудың сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі болып табылатындығын дәлелдеп отыр. Халықты толғандыратын барлық мәселелердің шешілуін көздейтін жаңа Жолдау ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артады.

    Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің проректоры Джолдасова Орынқыз Көпбосынқызы.

    Жолдау

    Оқылып жатыр

    Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

    17.11.2025

    Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

    28.10.2025

    Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

    25.10.2025

    Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

    16.10.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Алматы тұрғыны бір бөлмелі пәтеріне 109 адамды тіркеген

    13.01.2026

    «Пайдалы тағам қымбат». Қазақстандағы фастфуд нарығы өсіп келеді

    13.01.2026

    Атыраудағы қайғылы жағдай: марқұмның туыстары оқиғаға қатысты пікір білдірді

    12.01.2026

    Қарағанды облысында 50 жолаушы отырған автобус жол апатына ұшырады

    12.01.2026

    Астанада жедел жәрдем станциясынан 850 млн теңге жымқырылған

    12.01.2026

    Алматыда «әдемі» нөмірлерге сұраныс күрт артты

    12.01.2026

    Ораза қашан басталады? ҚМДБ 2026 жылғы күнтізбені жариялады

    12.01.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.