Close Menu
    Оқылып жатыр

    Алматыда Тәуелсіздік күніне орай тоғызқұмалақтан ашық турнир өтті

    15.12.2025

    Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алған Еркебұлан Тоқтар сынға жауап берді

    15.12.2025

    Ұлттық ұланды соққыға жыққан спортшы Дәулет Шабанбай 3 жылға сотталды

    15.12.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 17 декабря
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алматыда Тәуелсіздік күніне орай тоғызқұмалақтан ашық турнир өтті

      15.12.2025

      Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алған Еркебұлан Тоқтар сынға жауап берді

      15.12.2025

      Ұлттық ұланды соққыға жыққан спортшы Дәулет Шабанбай 3 жылға сотталды

      15.12.2025

      Алматы жолдарына қолданылған материал үлгілерінің үштен бірі талапқа сай емес

      15.12.2025

      2026 жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі?

      15.12.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

      17.11.2025

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025

      Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

      16.10.2025

      «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

      28.09.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Грузияда наразылық акциялары жалғасты

    Грузияда наразылық акциялары жалғасты

    Жаһан 22.06.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    21 маусымда кешкі уақытта Грузияның опозициялық саяси қозғалысының өкілдері және оның жақтастары Тбилисидегі Руставели даңғылының бойындағы парламент ғимаратының алдында наразылық акциясын жалғастырды, — деп хабарлайды Sputnik Грузия.

    Оқиға орнында «ұлттық қозғалыс» төрағасы Григорий Вашадзе, «Еуропалық Грузия» көшбасшыларының бірі, Тбилиси экс-мэрі Гиги Угулава және басқа да оппозициялық көшбасшылар бар. Осы жерге құқық қорғау органдары жұмылдырылды.

    Көптеген адамдар жиналуына байланысты Руставели даңғылы жабылды. Наразылық білдіргендер ІІМ басшысы Георгий Гахарияның отставкаға кетуін, ұсталғандарды босатуды және зорлық-зомбылық деректерін тергеуді, сондай-ақ кезектен тыс парламенттік сайлау өткізуді талап етеді.

    Наразылық білдірушілер кейбір оппозициялық партиялардың өз мақсатында осы акцияны саяси мақсатта пайдалануға тырысып жатқанына шағымданды. Осыған байланысты митингіге шыққандар Тбилисидің бұрынғы мэріне шөлмектерді лақтырды.

    «Тбилиси орталығында жиналған адамдар ұялы телефондардағы шамдарын жағып, ара-тұра грузин әнұранын айтты. Парламент ғимаратының алдындағы жағдай тыныш», — деп хабарлайды басылым тілшісі.

    Жұма күні кешке Владимир Путин 8 шілдеден бастап ресейлік авиакомпанияларға Ресейден Грузияға жолаушылар тасымалдауына тыйым салатын жарлық шығарғаны белгілі болды. Ресей үкіметіне Грузия аумағында уақытша жүрген ресейліктердің қайтып оралуын қамтамасыз ету тапсырылды.

    Сонымен қатар, президент туроператорларға Ресейден Грузияға жолдамаларды уақытша сатпауға кеңес берді. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков әуе қатынасын тоқтату туралы жарлық — Тбилисиде экстремистік әрекеттер аясында ресейліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мәжбүр шара деп мәлімдеді.

    Наразылық акциясына қатысушылар Грузия астанасында Путиннің әуе қатынасына тыйым салу туралы шешіміне қатысты пікір білдірді.

    «Грузия-Онлайн» порталының ақпараты бойынша, осы күні Тбилиси мемлекеттік университетінің студенттері оқу орны ғимаратының жанында наразылық акциясын ұйымдастырды. «Путин, ну погоди», «Ресей-оккупант», » Кімнен, не үшін??», «Грузия жастарына жол беріңдер» — осындай ұрандармен студенттер акция өткізді.

    «Біз — студенттер, Ресей оккупациясына бейбіт түрде наразылық білдіреміз, оған ешкімді араластырмаймыз», — деп мәлімдеді жастар.

    Жастардың бір бөлігі Батуми көшелерінде «зорлық — зомбылыққа жол жоқ», «Ресей-оккупант» деген ұрандармен наразылық шеруін ұйымдастырды. «Біздің саяси талабымыз жоқ. Біз елдің абыройын қорғаймыз, біз зорлық — зомбылық пен ресейлік басқыншылықты айыптаймыз», — деп мәлімдеді акция қатысушысы Акакий Цецхладзе.

    Бейсенбі, 20 маусымда Тбилисиде наразылық акцияларыбасталды, митингіге шыққандар православ Парламентаралық Ассамблеясының сессиясына ресейлік делегаттардың қатысуына қарсы шықты. Күндіз митингке шыққандар ресейлік өкілдер болған Парламент ғимаратын басып алды, кешке олар қайтадан Парламентті шабуылдауға тырысты. Оларға оппозиция қосылып, үкіметтің отставкаға кетуін талап етті. Митингке шыққандарды көзден жас ағызатын газ, резеңке оқ пен суды қолдану арқылы арнайы жабдықталған әскерлер таратып жіберді. Соңғы мәліметтер бойынша, зардап шеккендер саны 240 адамға жеткен. Елдің ІІМ өкілдері бұл наразылықтарды жаппай төңкеріс жасау әрекеті деп атады.

    Грузия президенті Саломе Зурабишвили наразылықтардың аясында Ресейдің «елдің қақ жарылуына» мүдделілігі туралы мәлімдеген. «Бұл бүгінгі күні орын алған өте үлкен қылмыс болды. Алайда, бұл мемлекет ішінде де, одан тыс жерлерде де жасалған, Парламентке басып кіруге және үкіметті құлатуға бағытталған мемлекеттік іс-әрекеттердің, шақырулардың жасанды түрде көтерілген толқынын ақтамайды. Ресей — біздің жауымыз және оккупант. Оның басқаруындағы «бесінші колонна» бүгін ашық агрессияға барғанына қарағанда аса қауіпті болуы мүмкін», — деп жазды Зурабишвили Facebook желісінде.

    Грузин басшысы мемлекетке барлық заң бұзушылықтарға жауап беретін және тәртіп орнататын уақыт келгенін, сондай-ақ Мәскеудің деструктивті күштеріне өз жоспарларын жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтінін айтты.

    «Мен тағы да ақайталап айтамын, қоғамның қақ бөлінуі Ресейден басқа ешкімге тиімді емес, бүгінде бұл өте қауіпті қару болып отыр. Ішкі қарама-қарсы тұруды көтермелейтін және ықпал ететін адамдар Ресей саясатының жолсерігі және оның жоспарларын іске асырушысы болып табылады», — деді ол.

    Грузия

    Оқылып жатыр

    Гонконгтағы тұрғын үй кешенінде алапат өрт: қаза тапқандар саны 94-ке жетті

    28.11.2025

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    Өзбекстанда мешітте жарылыс болды

    01.04.2025

    Әзірбайжан ұшағына ресейлік зымыран тиген — Euronews

    26.12.2024
    Соңғы жаңалықтар

    Алматыда Тәуелсіздік күніне орай тоғызқұмалақтан ашық турнир өтті

    15.12.2025

    Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алған Еркебұлан Тоқтар сынға жауап берді

    15.12.2025

    Ұлттық ұланды соққыға жыққан спортшы Дәулет Шабанбай 3 жылға сотталды

    15.12.2025

    Алматы жолдарына қолданылған материал үлгілерінің үштен бірі талапқа сай емес

    15.12.2025

    2026 жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі?

    15.12.2025

    «Әлия. Мәңгілік ерлік» – елдің мақтанышы

    15.12.2025

    Алматы облысында Тәуелсіздік күніне орай тоғызқұмалақтан облыстық турнир өтті

    13.12.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.