Қазақстанда смартфондардың IMEI-кодын верификациялауға өтінім беру қызметі eGov Mobile қосымшасында қолжетімді болды. Енді жеке тұлғалар мобильді қосымша немесе portal.imei.gov.kz порталы арқылы өтінім бере алады, деп хабарлайды Tarazy.kz
Жаңа қызметті пайдалану үшін қосымша құжаттар жинаудың қажеті жоқ. Қажетті мәліметтер, оның ішінде шекарадан өту туралы ақпарат жүйе арқылы автоматты түрде алынады.
Өтінім беру үшін eGov Mobile қосымшасындағы «IMEI верификациясына өтінім беру» қызметін таңдау қажет. Одан кейін дербес деректерді өңдеуге келісім беріп, Digital ID арқылы биометриялық сәйкестендіруден өту керек.
