Close Menu
    Оқылып жатыр

    Түркияда “Евразия кубогы” жарыстары басталды

    18.04.2026

    Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

    17.04.2026

    Қазақстанда тегін берілетін дәрілер сатылып келген

    17.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 18 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Түркияда “Евразия кубогы” жарыстары басталды

      18.04.2026

      Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

      17.04.2026

      Қазақстанда тегін берілетін дәрілер сатылып келген

      17.04.2026

      Зейнетақы жинағына қатысты жаңа ереже: бүгіннен бастап талап өзгерді

      17.04.2026

      Жолға асфальт төселмес бұрын құрылыс материалдары зертханадан өтуі тиіс

      17.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

      17.04.2026

      «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

      14.04.2026

      Атыраудағы полиция басшысы қызметтен кетті

      13.04.2026

      Атырау облысында сиырлар жаппай ауырып жатыр

      09.04.2026

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Халық Қаһарманы Ғ.Байтасовты еске алу шеруі өтті

    Халық Қаһарманы Ғ.Байтасовты еске алу шеруі өтті

    Өңір тынысы 12.11.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Бүгін Жамбыл облысы Полиция департаментінде полиция капитаны, Халық Қаһарманы Ғ.Байтасовты қаза болғалы 8-ші жыл салтанатты түрде еске алу шеруі өткізілді, — деп хабарлайды Жамбыл облысы Полиция департаменті Баспасөз қызметі.

    Еске алу іс-шарасына облыстық Полиция департаменті басшылығы және жеке құрамы, Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев, ішкі істер органдары ардагерлері мен батырдың туған-туыстары және Төле би атындағы №8 мектеп-гимназиясының кадеттік сынып оқушылары қатысты.

    Салтанатты гүл қою рәсімінен кейін сөз алған Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Арман Оразалиев: Ел бейбітшілігі мен қауіпсіздігі жолында қаза болған әрбір полиция қызметкері Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары тарихында ерекше құрметпен сақтаулы. Олардың ішінде террористі құрықтау кезінде өз кеудесін оққа тосып, көзсіз ерлік көрсеткен полиция капитаны Ғазиз Байтасов есімі айрықша орын алады.

    Бүгінгі күні ІІМ-нің барлық құрылымдық бөлімдерінде Ғ.Байтасов ерлігіне арналған бұрыш қойылған. Оның жанқиярлығы кейінгі ұрпаққа, ішкі істер органдарына жаңа аяқ басқан әрбір қызметкерге, әріптестеріне мәңгілік үлгі-өнеге болып қала бермек.

    Сондай-ақ, ағымдағы жылдың сәуір айында Тараз қаласындағы батырдың есімі берілген көшеде мемориалдық тақта орнатылды. Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастамасымен және Ғ.Байтасов білім алған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басшылығының қолдауымен Заң факультетінің аудиториясына есімі берілді. Бүгінде аталған жоғары оқу орнында батырдың ұлы Арманжан білім алуда. – деп атап өтті.

    Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың жары Гүлжамал Тажиева жиналғандарға бейбітшілік пен тыныштық, ал полиция қызметкерлеріне – қызметтерінде абыройлы болып ,аман болуға тілектестігін білдірді.

    Шара барысында сөз алған Облыстық ішкі істер органдары ардагерлер кеңесінің және Ұлттық Ұлан төрағасы, отставкадағы полковник Тұрдалы Шералин өз сөзінде алдағы күндері ҚР ІІМ-нің ғимараты алдында Даңқ Аллеясы ашылатынын және сол жерде Ұлы Отан Соғысы батырларымен қатар Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың бюсті де қойылатынын баяндады.

    Іс-шара соңында Полиция академиясының жас мүшелері салтанатты түрде ант қабылдап, Департамент бастығының қолынан куәліктерін алуы да ерекше маңызды болды. Олар да алдағы уақытта ержүрек полицейлердің лайықты ізбасарлары болып, барлық жамбылдық полицейлердің даңқты дәстүрлерін жалғастыратын болады деп сеніммен айтуға болады.

    Оқылып жатыр

    Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

    17.04.2026

    «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

    14.04.2026

    Атыраудағы полиция басшысы қызметтен кетті

    13.04.2026

    Атырау облысында сиырлар жаппай ауырып жатыр

    09.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Түркияда “Евразия кубогы” жарыстары басталды

    18.04.2026

    Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

    17.04.2026

    Қазақстанда тегін берілетін дәрілер сатылып келген

    17.04.2026

    Зейнетақы жинағына қатысты жаңа ереже: бүгіннен бастап талап өзгерді

    17.04.2026

    Жолға асфальт төселмес бұрын құрылыс материалдары зертханадан өтуі тиіс

    17.04.2026

    Бес жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Қарағандыда ұсталды

    16.04.2026

    Жаңа партиялар пайда болса, бәсекелестік болады — Мәулен Әшімбаев

    16.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.