Close Menu
    Оқылып жатыр

    Жетісу мен Алматы облысында мың шақырымнан астам жолға тексеру жасалады

    31.03.2026

    Сотта прокурор Жақсылық Омарға 6 жыл жаза сұрады

    31.03.2026

    Усть-Лугадағы төбелес: оқиғаның мән-жайы және жанжалдың астарында не жатыр?

    30.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 1 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Жетісу мен Алматы облысында мың шақырымнан астам жолға тексеру жасалады

      31.03.2026

      Сотта прокурор Жақсылық Омарға 6 жыл жаза сұрады

      31.03.2026

      Усть-Лугадағы төбелес: оқиғаның мән-жайы және жанжалдың астарында не жатыр?

      30.03.2026

      Ғылым ордасында реставрация саласының мамандарына арналған тәжірибелік семинар өтті

      30.03.2026

      Ормуз дағдарысы: мұнай бағасы 200 долларға дейін өсуі мүмкін

      30.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Мойынқұмда Абайдың 175 жылдығына арналған әдеби кеш өтті

    Мойынқұмда Абайдың 175 жылдығына арналған әдеби кеш өтті

    Өңір тынысы 21.07.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәдениет үйінде Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Қазақ халқы-Абайдың халқы» атты онлайн әдеби кеші өтті, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі.

    Кеш барысында мәдениет үйі қызметкерлерінің дайындауымен Ұлы ақынның «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» т.б лирикалық әндері орындалып, қара сөздерінен үзінділер оқылды.

    Кеш соңында «Абай жол» эпопеясынан көрініс қойылды. Абайдың 175 жылдығына орай ауданда жыл соңына дейін жоспарға сәйкес түрлі шаралар жалғаса бермек.

    Айта кетейік, 2019 жылы 30 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде мерекелеу туралы жарлыққа қол қойды. Жарлықтың мәтіні Ақорда сайтында жарияланды. Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы 2020 жылы өтеді.

    Осыған байланысты мемлекет басшысы үкіметке бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда, биыл 1 шілдеге дейін Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылуы тиіс. Ал 1 қазанға дейін мерейтойдың жалпыреспубликалық жоспарын бекіту керек.

    Бұдан бөлек, президент Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық музейін кешенді жаңғырту үшін тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

    Жарлыққа сәйкес 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

    Тоқаев Абайдың шығармаларының кең таралған негізгі шет тілдеріндегі сапалы аудармасын баспадан шығарып, халықаралық деңгейде насихаттауға тапсырма берді.

    Сонымен қатар, Абайдың 175 жылдығын ЮНЕСКО мен ТҮРКСОЙ (Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы) аясында тойлау мәселесі пысықталуы тиіс.

    Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан президентінің әкімшілігіне жүктелді. Құжат қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.

    Биыл жыл басында Ш.Уәлиханов атындағы  Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай  жыл бойы өткізілетін іс-шаралардың ашық есік күні өтті.

    Биыл Шыңғыстаудан шыққан қазақ әдебиетінің асқар биігі Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын атап өту үшін мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылуда.

    Дана да, дара да, кемелді кемеңгер, ғұлама ойшылдың шығармашылығын насихаттауда қоғамның рухани жағынан дамуына, мәдениетін көтеруге ықпал ететін мәдени орта – кітапханалардың алатын орны ерекше.

    Осындай игі шаралар легі Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханада жалғасын тапты. Кітапханада «Абай мұрасы» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда Абай Құнанбаевтың шығармалары, ақын жайлы жазылған кітаптар, мақалалар, ғылыми зерттеулер, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан», Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәлидің «Абай мен Алаш» атты мақаласы да қойылды.

    Сонымен бірге, кітапхана қызметкерлері  Абай Құнанбаевтың өлеңдері, қара сөздері, әндерін орындап, #Абай 175 хэштегімен Жамбыл облыстық кітапханаларына челлендж эстафетасын жолдап, жыл бойы қызметкерлер Абай өлеңдері мен қара сөздерін оқып,  #Абай 175 хэштегімен фейсбук, инстаграм әлеуметтік желілеріне жариялайды.

    Абай Құнанбаев Мойынқұм ауданы

    Оқылып жатыр

    Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

    30.03.2026

    Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

    25.03.2026

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026

    Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

    15.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Жетісу мен Алматы облысында мың шақырымнан астам жолға тексеру жасалады

    31.03.2026

    Сотта прокурор Жақсылық Омарға 6 жыл жаза сұрады

    31.03.2026

    Усть-Лугадағы төбелес: оқиғаның мән-жайы және жанжалдың астарында не жатыр?

    30.03.2026

    Ғылым ордасында реставрация саласының мамандарына арналған тәжірибелік семинар өтті

    30.03.2026

    Ормуз дағдарысы: мұнай бағасы 200 долларға дейін өсуі мүмкін

    30.03.2026

    Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

    30.03.2026

    Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақпен шабуыл жасалды

    30.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.