Close Menu
    Оқылып жатыр

    «Болашақ» бөлген күмәнді миллиардтар

    27.04.2026

    Метродан жылыстаған миллиондар: бірнеше тұлға жемқорлық бойынша жауапқа тартылды

    27.04.2026

    Бейжай қарамайық: белгілі заңгер даулы видео иесін жауапқа тартуға шақырды

    27.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 28 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      «Болашақ» бөлген күмәнді миллиардтар

      27.04.2026

      Метродан жылыстаған миллиондар: бірнеше тұлға жемқорлық бойынша жауапқа тартылды

      27.04.2026

      Бейжай қарамайық: белгілі заңгер даулы видео иесін жауапқа тартуға шақырды

      27.04.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026

      Әлемдік нарықта мұнай бағасы 107 доллардан асты

      27.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026

      Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

      27.04.2026

      Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

      17.04.2026

      «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

      14.04.2026

      Атыраудағы полиция басшысы қызметтен кетті

      13.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Талғарда аяусыз соққыдан қаза болған жігіттің әкесі мәлімдеме жасады

    Талғарда аяусыз соққыдан қаза болған жігіттің әкесі мәлімдеме жасады

    Басты тақырып 08.10.2024
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Бірнеше күн бұрын Талғар қаласында бір топ азаматтыңарасында төбелес болып, 16 жастағы Шерзат көз жұмған еді. Қоғам назарын ерекше аударған жайттан кейін Талғар орталығына халық жиналып, қылмыскерлер жазалансын деген талап қойды. Ал марқұм жеткіншектің әкесі әділ сотты талап етуде, деп хабарлайды Tarazy ақпарат.

    «Мен Бас прокурор Берік Ноғайұлына тікелей үндеу айтқым келеді. Талғардағы төбелесте қаза тапқан Шерзат Болаттың әкесімін. Талғар әкімдігі, прокуратурасы мен ішкі істер департаментінің басшысы ешқандай әрекет жасамай отыр. Қылмысты бұрмалап отыр. Менің марқұм болған баламның аты-жөнін де білмейді. Қал-жағдайымызды сұрауға да шамалары жетпей тұр. Түнде бізді тергеуге шақырып, өзімізді қорқытып, арыз жаздыртып отыр. Сізден сұрайтыным: ашық сот болуын талап етемін. Өлетін балам өлді, мені де алсын, мені де қамасын, бірақ әділ шешім үшін ашық сот болсын», — дейді Шерзаттың әкесі Болат.

    Баланың әкесі жалға дүкен алып, сауда жасаған. Төбелес осы дүкеннен басталған. Бір жас жігіт дүкенге келіп, бір құты сыра алып, ақшасын төлегіс келмеген. Болат сыраның ақшасын төлеуді талап еткен. Арада жанжал туындаған. Болаттың інісі мен ұлы, 16 жастағы Шерзат клиенттен кетуді сұраған. Бірақ сыра алған жігіт достарына қоңырау соғып, дүкенге үш көлікпен бір топ жігіт келген. Арасында үш-төрт қыз да болыпты.

    Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. 10 сыныпта оқитын Шерзат Болат ата-анасының дүкеніне кездейсоқ келген. Суық қарумен келген бұзақылар ешкімді аямапты.

    Қансыраған бір отбасының мүшелері ауруханаға жеткізілген. Көп ұзамай жасөспірім жансақтау бөлімінде көз жұмған. Төбелеске қатысқан Шерзаттың ағасына үш рет пышақ салғаны белгілі болды. Қазір ер адам ауруханада ем қабылдап жатыр.

    Бұған дейін Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Мәлік Қабдуалиев қылмыс жасағандар қамалғанын айтқан еді.

    Алматы облысы қылмыс талғар Шерзат

    Оқылып жатыр

    «Болашақ» бөлген күмәнді миллиардтар

    27.04.2026

    Метродан жылыстаған миллиондар: бірнеше тұлға жемқорлық бойынша жауапқа тартылды

    27.04.2026

    Бейжай қарамайық: белгілі заңгер даулы видео иесін жауапқа тартуға шақырды

    27.04.2026

    Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

    27.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    «Болашақ» бөлген күмәнді миллиардтар

    27.04.2026

    Метродан жылыстаған миллиондар: бірнеше тұлға жемқорлық бойынша жауапқа тартылды

    27.04.2026

    Бейжай қарамайық: белгілі заңгер даулы видео иесін жауапқа тартуға шақырды

    27.04.2026

    Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

    27.04.2026

    Әлемдік нарықта мұнай бағасы 107 доллардан асты

    27.04.2026

    Тұңғыш президенттің жары Астанадағы кештердің бірінде көзге түсті

    27.04.2026

    Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

    27.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.