Close Menu
    Оқылып жатыр

    Алдағы жылыту маусымына 384 млрд теңге бөлінді

    27.07.2026

    Каспийдегі шабуылдан кейін Иран Украинаға қатаң ескерту жасады

    27.07.2026

    Мұнай бағасы күрт төмендеді

    27.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 29 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алдағы жылыту маусымына 384 млрд теңге бөлінді

      27.07.2026

      Каспийдегі шабуылдан кейін Иран Украинаға қатаң ескерту жасады

      27.07.2026

      Мұнай бағасы күрт төмендеді

      27.07.2026

      Қызылордадан Алматыға келген келіншек жоғалып кетті

      27.07.2026

      Алматыда жеке кәсіпкер футбол академиясын салып жатыр

      25.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Тараз қаласында химия саласы — өнеркәсіп өндірісінің негізін құраушы

    Тараз қаласында химия саласы — өнеркәсіп өндірісінің негізін құраушы

    Өңір тынысы 21.10.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Тараз қаласында химия саласы қаладағы жалпы өнеркәсіп өндірісінің негізін құраушы болып табылады. Бұл саладағы «Казфосфат» ЖШС-нің Жаңажамбыл фосфор және минералды тыңайтқыштар зауытын қоса алғанда, жалпы 94 млрд. 931,8 млн. теңгенің өнімдерін өндірген немесе өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 24 млрд. 157,2 млн. теңгеге артық өнім өндіріп отыр. Жалпы өнеркәсіптегі шығарылған өніміндегі олардың үлес салмағы 51,6 пайызды құрады, – деп хабарлайды Tarazy.kz.

    Есепті кезеңде өнім көлемінің нақтылай көрсеткіші  бойынша 1 млн. 3,1 мың тоннаға өнім өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 196 мың тоннаға артып отыр. Оның ішінде, негізгі өнімдерін атап өтетін болсақ, майда таратылған фосфор 41,3 мың тонна, сары фосфор  7,9 мың тоннаға, аммофос 50,8 мың тоннаға артса, натрий триполифосфаты 2,9 мың тоннаға,  фосфор қышқылы 3,3 мың тоннаға және азық трикальций фосфаты 6,5 мың тоннаға кеміген, фосфос калий тыңайтқышы өткен жылдың деңгейінде сақталған. Ал, күкірт қышқылын 2018 жылы өндірмесе ағымдағы жылдың есепті кезеңінде 108,7 мың тонна өндірген.

    Айта кетейік, Тараз химия-технологиялық колледжінің базасында өңірдің химиялық кәсіпорындарына маман дайындайтын заманауи оқу орталығы ашылады. Бұл туралы Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының «Бірлескен химия өнеркәсібі» ЖШС, Kazakhstan Petrofac B.V, Жамбыл облысы әкімдігі, өңірдің химия саласы компаниялары («Қазфосфат» ЖШС, «ЕуроХим – Тыңайтқыш» ЖШС, «Talas Investment Company» ЖШС), колледждер мен БАҚ өкілдерімен кездесу барысында белгілі болды, — деп хабарлайды Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

    Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қаулысына сай өңірдегі химия саласының жоғары даму әлеуетін ескере отырып Жамбыл облысы Шу ауданында «Тараз» химия паркі» еркін экономикалық аймағы құрылмақ. Онда әлемдік талаптарға жауап беретін химиялық өнім шығаратын 20 шақты жаңа өндіріс салынбақ.

    Осыған орай химия саласының мамандарын дайындау мәселесі өте өзекті болып отыр.

    «Облыстағы жеті колледж химия өнеркәсібінің 9 түрлі мамандықтарын оқытады. Қазіргі таңда колледждердегі 30 мың студенттің 1500-і химия саласы бойынша мамандық меңгеріп жатыр», — дейді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов.

    Оның айтуынша, химия саласы мамандықтарының биылғы жылғы түлектерінің 60 пайыздан астамы жұмыспен қамтылған.

    Биыл Таразда Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған 600 орындық Тараз химия-технологиялық колледжі пайдалануға берілді. Кездесу барысында аталмыш колледж базасында химия саласының мамандарын дайындайтын заманауи орталық құру туралы келісім жасалды.

    «Жобаны қаржыландырумен аталмыш салаға – Kazakhstan Petrofac B.V. компаниясына кәсіби мамандарды тартқан «Бірлескен химия компаниясы» ЖШС «Самұрық» құзірет орталығы айналысатын болады. Олар 30 жылдан астам уақыт бойы әлем бойынша осындай орталықтар ашып жүр. Сингапурда да мұнай-химия саласының мамандарын дайындайтын орталық ашты», — делінген хабарламада.

    «Самұрық» құзірет орталығы» ЖШС бас директоры Жангелді Сейітовтың айтуынша, орталықтың ашылуы жарты жылдан астам уақытты алады. Ғимаратта оқу корпустарынан бөлек тренингтер өткізуге арналған шағын зауыт пен төтенше жағдайлар кезінде студенттерге не істеу керектігін үйрететін орталықтар салынбақ.

    өнеркәсіп Тараз химия

    Оқылып жатыр

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07.07.2026

    Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

    29.06.2026

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Алдағы жылыту маусымына 384 млрд теңге бөлінді

    27.07.2026

    Каспийдегі шабуылдан кейін Иран Украинаға қатаң ескерту жасады

    27.07.2026

    Мұнай бағасы күрт төмендеді

    27.07.2026

    Қызылордадан Алматыға келген келіншек жоғалып кетті

    27.07.2026

    Алматыда жеке кәсіпкер футбол академиясын салып жатыр

    25.07.2026

    Алматы облысында тоғызқұмалақтан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды

    25.07.2026

    Даму қорының басшылары 315 млн теңге сыйақы алған

    25.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.