Close Menu
    Оқылып жатыр

    Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

    01.04.2026

    Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

    01.04.2026

    Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

    01.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 2 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

      01.04.2026

      Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

      01.04.2026

      Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

      01.04.2026

      Қырғызстанда Тәшиевтің туған бауыры тұтқындалды

      01.04.2026

      Жүсіпбек Қорғасбек роман жазып 15 млн жеңіп алды

      01.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Тараздықтар ыстық суды жыл бойына тұтынатын болады

    Тараздықтар ыстық суды жыл бойына тұтынатын болады

    Өңір тынысы 17.09.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Тараздықтарға ыстық суды жыл он екі ай бойы пайдалануға жағдай жасалуда. Осылайша, жылдар бойы күрмеуі тарқатылмай келе жатқан мәселелер шешімін таппақ, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі.

    Бұл мақсатта шетелдік инвесторлар тартылып, жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Аталған шаруаның төңірегінде жұмыс барысын энергетика саласының мамандары «Тараз энерго орталығында» өткен жиында шетелдік компания өкілдерімен талқылады.

    Айта кетейік, 55 жылдан бері жұмыс атқарып келе жатқан «Тараз энерго орталығындағы» қондырғылардың едәуір бөлігінің тозығы жеткен. Барлық құрылғылар мен жабдықтар жаңалауды қажет етеді. Басқосу барысында да модернизациялау мәселесі қаралып, алдағы он жыл ішінде қайта құру жұмыстарын шет елдік компания өкілдерімен бірлесе отырып шешу мәселесі қаралды.

    «Тараз энерго орталығымен» бірлесе іс атқаруға «Sterling And Wilson» компаниясының өкілдері қызығушылық танытып отыр. Жаңадан келіп жатқан арабиялық компаниядан бөлек, мекеме Ресей және қытайлық әріптестерімен де жақсы байланыс орнатқан.

    «Жан-жақты жұмыс жасайтын біздің компания энергожүйелердің құрылысымен айналысады. Біз энерго жүйелерін құрып тарататын, сонымен қатар халықаралық деңгейде жұмыс жасайтын бірден-бір өндіріс орнымыз. Қазір әлемнің түкпір-түкпірімен бірлесіп жасайтын мекемелеріміз бар. Ал, бүгінгі Таразға келу мақсатымыз – осындағы энергоорталықты жаңарту», – дейді инвесторларды бастап келген компания өкілі Рашид Хан.

    Жалпы жылу жүйелерін жөндеуге 2018 жылы республикалық бюджеттен 9,6 миллиард теңге бөлінді. Оның 1,7 миллиард теңгесі өткен жылы игерілсе, 7,6 миллиард теңге ағымдағы жылға қаралды. Республика деңгейінде жылу жүйесін қалпына келтіруге ең қомақты қаржы Жамбыл облысына бөлініп отыр. Сонымен қатар осы уақытқа дейін мұнша көп қаржы және ұзақ шақырымды құрайтын жаңғырту жұмыстары жүргізілмеген.

    Ағымдағы жылы 18,6 шақырым жылу жүйесін толықтай жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Негізі Тараз қаласындағы жылу жүйелерінің ұзындығы 188,8 шақырымды құрайды. Оның ішінде 40 шақырымы – магитстральді желі. Қазіргі таңда қаладағы жылу жүйесінің 80 пайызға жуығының тозығы жеткен.

    Одан бөлек ауызсу бойынша 10 шақырым магистральді желіні ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Оған республикалық бюджеттен 1,4 миллиард теңге қаржы бөлінген. Сонымен қатар Тараз қаласындағы 37,4 шақырымды құрайтын газ тарату жүйесін модернизациялау жұмыстарын жүргізуде», — деді Нұрлан Жанұзақұлы.

    Осылайша, шаһардағы энерго орталық толықтай жөндеу көріп, жаңа технологиялар қолданысқа беріледі. Нәтижесінде, коммуналдық төлемдер бағасының айырымы төмендеп, тұрғындарға да тиімділік қарастырылады.

    Айта кетерлігі, алдағы уақытта Жамбыл өңіріндегі 437 қазандықтың 11-не жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Сонымен қатар, көп қабатты тұрғын үйлер мен бюджеттік мекемелердің қысқа әзірлігі пысықталмақ. Облыс орталығындағы 240 шақырым жылу құбырларының 25 шақырымға жуығы қайта жаңғыртудан өткізілмек. Оған «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша биыл 7 миллиардтан астам қаражат бөлінген. Осының арқасында тозған жылу жүйелерінің деңгейін 60 пайызға дейін төмендету көзделіп отыр.

    су Тараз

    Оқылып жатыр

    Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

    30.03.2026

    Таразда кәсіпкер өз-өзін атып тастады

    30.03.2026

    Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

    25.03.2026

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

    01.04.2026

    Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

    01.04.2026

    Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

    01.04.2026

    Қырғызстанда Тәшиевтің туған бауыры тұтқындалды

    01.04.2026

    Жүсіпбек Қорғасбек роман жазып 15 млн жеңіп алды

    01.04.2026

    Қазақстанда өмір сүруге қанша ақша қажет?

    01.04.2026

    Қазақстанда алғаш рет студенттердің AI жобаларына арналған республикалық конкурс ұйымдастырылды

    01.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.