Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 6 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026

      Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

      26.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Тоқаев Президент қызметіне кірісті

    Тоқаев Президент қызметіне кірісті

    Ел іші 12.06.2019
    © Мұхтар Холдарбеков
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Нұр-Сұлтанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті. Tengrinews.kz салтанатты шараны онлайн бақылады.

    Кейінірек Tengrinews.kz тілшісі ұлықтау рәсімінің толық видеосы мен Президенттің сөйлеген сөзін жариялайды.

    11.40

    Президентті ұлықтау рәсімі аяқталды.

    11.32

    Алаңда Қазақстанның Қарулы күштерінің салтанатты шарасы өтіп жатыр.

    11.30

    Қасым-Жомарт Тоқаев залдан шықты. Президент енді Тәуелсіздік сарайы алдындағы алаңға барады.

    11.24

    Қазақстанда Қоғамдық сенім ұлттық кеңесі құрылады. Кеңестің алғашқы отырысы тамызда өтеді.

    11.19

    «Биліктің халық алдындағы жауапкершілігін арттыруымыз керек».

    11.17 

    Тоқаев қазақстандықтарға үнемі есеп беруге, тек уәде бермей, оны іс жүзінде жүзеге асыруға уәде берді. Сондай-ақ, Президент халықты не мазалайтынын айтты.

    «Халықты толғандырып отырған басты мәселе — табыс көлемінің азаюы. Халықаралық қаржы нарықтарының тұрақсыздығы, теңгенің девальвациясы халықтың табысына кері әсер етті. Миллионнан астам азаматымыз банктен несие алуға мәжбүр болды. Табысы жоғары және төмен азаматтардың арасындағы алшақтық — қоғамды мазалайтын тағы бір өзекті мәселе. Әрине, мұндай құбылыстар бүкіл әлемде бар. Дегенмен, тоқмейілсіп отыра беруге болмайды. Сондықтан, дәл осы өткір әлеуметтік, экономикалық және саяси мәселені шешу, ортақ мерзімді кешенді шаралар қабылдау қажет. Қоршаған ортаның қазіргі мүшкіл халі — көпшіліктің көкейіндегі мәселе. Сондықтан елімізге бірыңғай экологиялық саясат қажет», — деді Мемлекет басшысы.

    11.14

    Дәл қазір Мемлекет басшысы қазақстандықтар алдында сөз сөйлеп жатыр.

    «Қазақстан азаматының әрқайсының құқықтарын қорғауға, елімізді қауіпсіздікпен қамтамасыз етіп, бірлікке шақыруға ант беремін. Әрқашан және әр жерде қазақстандықтардың мүддесін қорғаймын», — деді Тоқаев.

    11.09

    Президентті ұлықтау рәсіміне орай Қазақ елі алаңында зеңбірек атылды.

    11.07

    Тоқаев ант берді. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Президентке куәлік пен Мемлекет басшысының символдарын берді.

    11.05 

    Қасым-Жомарт Тоқаев келді.

    11.04 

    Тәуелсіздік сарайына Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев келді.

    11.02

    Салтанатты іс-шараға келгендер Мемлекет басшысын күтіп тұр.

    10.53

    Тоқаев Қазақстан халқына ант беріп, ресми түрде Қазақстан Президенті қызметіне кіріседі. Ант 31 сөзден тұрады.

    10.47

    Залға Мемлекеттік туды, Конституцияны және президент символдарын әкелді.

    Салтанатты іс-шараға Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысатыны айтылады. Залда Парламент депутаттарын, Конституциялық Кеңестің мүшелерін, Жоғары сот судьяларын, министрлерді, сондай-ақ, шетелден келген елшілерді көруге болады.

    Еске салайық, 9 маусымда Қазақстанда Президент сайлауы өткен болатын. Сайлау қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76 пайыз дауыспен жеңіске жетті. Бұл 6 миллион 504 мың 54 дауыс.

    Қасым-Жомарт Тоқаев

    Оқылып жатыр

    Елді дүр сілкіген қылмыс: Атыраудағы қанды оқиғаға қатысты сот басталды

    18.05.2026

    Алматы облысында “Тәңіртау таланттары” атты өнер байқауы өтті

    04.05.2026

    Шымкент соты Арай Есенбекті 5 жылға соттады

    24.04.2026

    Алматыда Шахановқа көше беру мәселесі көтерілуде: петиция жарияланды

    24.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Қазақстанда 7000-дай зиянды сайт бұғатталды

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.