Close Menu
    Оқылып жатыр

    Казино кіріс көзі: Алматы облысында ойын бизнесінен 25 млрд салық түсті

    29.07.2026

    Алматы — «ақылды қалалар» тізімінде

    29.07.2026

    ФСБ Павел Дуровқа іздеу жариялады

    29.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 30 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Казино кіріс көзі: Алматы облысында ойын бизнесінен 25 млрд салық түсті

      29.07.2026

      Алматы — «ақылды қалалар» тізімінде

      29.07.2026

      ФСБ Павел Дуровқа іздеу жариялады

      29.07.2026

      Астанаға бір уақытта үш елдің президенті келе жатыр

      29.07.2026

      Алдағы жылыту маусымына 384 млрд теңге бөлінді

      27.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Үкімет басшысы Арыс қаласындағы Жамбыл облысы штабының жұмысына ризашылық білдірді

    Үкімет басшысы Арыс қаласындағы Жамбыл облысы штабының жұмысына ризашылық білдірді

    Өңір тынысы 11.07.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Арыс қаласына арнайы келді. Қаланы қалпына келтіру бойынша өңірлердің штаб жұмыстарын барлаған үкімет басшысы Жамбыл облысының штабына да бас сұқты. Штабтың белсенділігін, жамбылдық құрылысшылардың жемісті жұмысын атап өтіп, жоғары бағасын берді. Сондай-ақ, өзге де өңірлердің штабтарының жоспарлы шараларымен танысқан Асқар Ұзақбайұлы қаланы қалпына келтіру жұмыстары уақытылы әрі сапалы орындалуы керектігіне көңіл бөлді.

    Айта кетейік, Арыс қаласын қалпына келтіру бойынша Жамбыл облысының штабы жемісті жұмыстар жүргізуде. Нәтижесінде кешеге дейін 21 жеке тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Сондай-ақ, қазіргі таңда жамбылдық 300-ден астам құрылысшы 180 жеке тұрғын үйдің демонтаж жұмыстарын жүргізуде.

    Бұған дейін xабарлағанымыздай өңірімізге тиесілі бөліністе 11 көше бар. Онда 312 жеке тұрғын үй, 14 әлеуметтік және коммерциялық нысан анықталған.

    Зерделеуден өткен жеке тұрғын үйдің барлығының ақау актілері толтырылып, сметалау жұмыстары жүргізілді.

    Қираған 3 үйдің екеуі қайта соғылып, біреуі толық жаңғыртылмақ. Қажетті құрылыс материалдары күн сайын жеткізілуде. Тиісті шығындар республикалық бюджет пен арнайы қорға жинақталған қаржыдан бөлінуде.

    Сонымен қатар, жамбылдықтардың Арысқа гуманитарлық көрсетуі әлі де жалғасуда. Жуырда ғана Тараз қаласындағы Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясынан Арыстағы құрылысшылар мен жергілікті тұрғындар үшін азық-түлік жөнелтілді. Демеушілпердің есебінен жіберілген үш камаз азық-түліктің ішінде картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, күріш, сиыр еті, ауызсу, макарон, сұйық май, алма, шұжық және 16 тонна ұн бар.

    Арыс соңғы жаңалықтар

    Оқылып жатыр

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07.07.2026

    Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

    29.06.2026

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Казино кіріс көзі: Алматы облысында ойын бизнесінен 25 млрд салық түсті

    29.07.2026

    Алматы — «ақылды қалалар» тізімінде

    29.07.2026

    ФСБ Павел Дуровқа іздеу жариялады

    29.07.2026

    Астанаға бір уақытта үш елдің президенті келе жатыр

    29.07.2026

    Алдағы жылыту маусымына 384 млрд теңге бөлінді

    27.07.2026

    Каспийдегі шабуылдан кейін Иран Украинаға қатаң ескерту жасады

    27.07.2026

    Мұнай бағасы күрт төмендеді

    27.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.