Close Menu
    Оқылып жатыр

    Шымкент соты Арай Есенбекті 5 жылға соттады

    24.04.2026

    Жазда АҚШ доллары күрт қымбаттауы мүмкін

    24.04.2026

    Ақылы жолдан 120 млрд: министр жаңа меже қойды

    24.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 25 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Шымкент соты Арай Есенбекті 5 жылға соттады

      24.04.2026

      Жазда АҚШ доллары күрт қымбаттауы мүмкін

      24.04.2026

      Ақылы жолдан 120 млрд: министр жаңа меже қойды

      24.04.2026

      ҚТЖ қарызы 3 трлн теңге: депутаттар дабыл қағуда

      24.04.2026

      Алматыда Шахановқа көше беру мәселесі көтерілуде: петиция жарияланды

      24.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

      17.04.2026

      «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

      14.04.2026

      Атыраудағы полиция басшысы қызметтен кетті

      13.04.2026

      Атырау облысында сиырлар жаппай ауырып жатыр

      09.04.2026

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысы экономиканың барлық саласында жақсы нәтижеге қол жеткізді

    Жамбыл облысы экономиканың барлық саласында жақсы нәтижеге қол жеткізді

    Өңір тынысы 31.12.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    2019 жылдың қаңтар-қараша аралығында Жамбыл облысы экономикасының барлық салаларында оң нәтижелерге қол жеткізілген. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

    Ағымдағы жылдың 11 айында Жамбыл облысы экономикасының барлық салаларында оң нәтижелерге қол жеткізілген. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды. Жиынның күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова  баяндама жасады.

    Ол үстіміздегі жылдың қаңтар-желтоқсан айларында облыс экономикасының барлық салаларында оң көрсеткіштер сақталып отырғанын жеткізді. Атап айтқанда өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік, байланыс секілді алты негізгі саланың даму динамикасын қамтитын қысқа мерзімді экономикалық индикатор  он бір айдың қорытындысымен 105,2 пайызды құраған. Жыл қорытындысымен де экономикалық көрсеткіш  осы деңгейде сақталады деп күтілуде. Ал, жалпы өңірлік өнімнің өсім динамикасы жоспардағы 104,2 пайыз деңгейінде қалыптасады деп жоспарлануда. Ағымдағы жылдың он бір айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп 6,3 пайызға өссе, оның 74 пайызы өңдеу саласына тиесілі.

    Асқар Исабекұлы он бір айлық көрсеткіш бойынша облыстың экономикалық дамуы Үкіметте оң бағаланғанын айтып, жыл соңына дейін осы жоғары динамиканы сақтап тұруға барынша күш салу керектігін ескертті.

    Жиын барысында облыс әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы Роза Исаева, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Алдамжаров, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Тимуржан Нұрымбетов, ауылшаруашылық басқармасының басшысы Берік Нығмашов баяндама жасап, өз бағыттары бойынша күтіліп отырған көрсеткіштерге тоқталды.

    Сондай-ақ, басқосуда салалардағы жетістіктермен қатар, жылдық жоспардың орындалмауы мүмкін көрсеткіштер де айтылды. Ол бойынша селектрлік режимде қатысып отырған аудан әкімдерінен сауалдар жолданып, жауаптар алынды.

    Аймақ басшысы Асқар Мырзахметов жылыту маусымының ойдағыдай өту барысына, сатып алынған көмірлердің сапасына, азық-түлік бағаларын қатаң бақылауда болуына, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа талаптары бойынша түсіндіру шараларының жүйелі жүргізілуіне айрықша көңіл бөліп, тиісті тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

    Жамбыл облысы көрсеткіш экономика

    Оқылып жатыр

    Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

    17.04.2026

    «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

    14.04.2026

    «Бұл — уақытша тиімділік»: саясаттанушы мұнай бағасының өсуіне қатысты пікір білдірді

    14.04.2026

    Жыл басынан бері Қазақстанда мұнай өндіру күрт төмендеген

    14.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Шымкент соты Арай Есенбекті 5 жылға соттады

    24.04.2026

    Жазда АҚШ доллары күрт қымбаттауы мүмкін

    24.04.2026

    Ақылы жолдан 120 млрд: министр жаңа меже қойды

    24.04.2026

    ҚТЖ қарызы 3 трлн теңге: депутаттар дабыл қағуда

    24.04.2026

    Алматыда Шахановқа көше беру мәселесі көтерілуде: петиция жарияланды

    24.04.2026

    Ауқымды рейд: Шымкенттегі айыптұрақтар көлікке толды

    24.04.2026

    Ресейге көмектесем деп Қырғызстан санкция астында қалды

    24.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.