Close Menu
    Оқылып жатыр

    Тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты Алматыда өтіп жатыр

    18.11.2025

    Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

    17.11.2025

    Абай университетінде агробиостанция ашылды

    11.11.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 21 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты Алматыда өтіп жатыр

      18.11.2025

      Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

      17.11.2025

      Абай университетінде агробиостанция ашылды

      11.11.2025

      Саяси элитадағы ағайындылар

      10.11.2025

      Атақты әнші Jah Khalibтің Ақтөбедегі концерті өтпейтін болды

      06.11.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

      17.11.2025

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025

      Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

      16.10.2025

      «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

      28.09.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысында қарулы адамдар тобын ұстау сәті видеоға түсірілді

    Жамбыл облысында қарулы адамдар тобын ұстау сәті видеоға түсірілді

    Өңір тынысы 20.02.2023
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбылдық полицейлер қарулы қылмыскерді ұстау барысының видеосын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

    19 ақпанда Сарысу аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері жедел ақпаратты жүзеге асыру мақсатында қару сақтады деген күдікпен Жаңатас қаласының 26 жастағы тұрғынын анықтаған. Арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті Mercedes-Benz автокөлігінен шығу туралы полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай қарсылық көрсетіп, қашпақ болып, нәтижесінде көше бойында тұрған көлікті соғады.

    «Сол мезетте жүргізушінің алдыңғы есігін ашып, сыртқа шығармақ болған полиция қызметкерін көлігімен бірге асқан жылдамдықпен сүйреп алып кетеді. Оны тоқтату мақсатында полиция қызметкерлері алдымен ауаға, одан соң көліктің дөңгелегіне оқ атқан соң автокөлік аялдамаға соғылады. Соған қарамастан, күдікті және көлікте бірге болған үш танысы (Жаңатас қаласының 31, 29 және 26 жастағы тұрғындары) бой тасаламақ болған, алайда полиция қызметкерлерімен олардың барлығы ұсталды», — делінген хабарламада.

    Ведомство мәліметінше, күдіктінің көлігінен 12 калибрлі МР-153 тегіс ұңғылы мылтығы 4 дана оғымен, 1 ауызды 410 калибрлі Сайга-410 тегіс ұңғылы мылтығы 13 оғымен, 5,6 миллиметр калибрлі Марголин тапаншасы 7 дана оғымен, 1 дана оққағар (бронежилет), 1 дана газды-дыбысты гранатасы және асхана пышағы тәркіленген.

    Одан бөлек, оның Жаңатас қаласындағы тұрғылықты мекенжайы бойынша тінту жүргізу барысында пневматикалық BORNER тапаншасы, 6 оқ және матаға оралған ерекше иісі бар шөп тәрізді зат табылған.

    «Күдікті медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, есірткі тұтынғаны анықталды. Дерек бойынша ҚР ҚК-нің 380-бабы 1-бөлігі («Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері»), ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі («Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары басталды», — делінген хабарламада.

    Сот-медициналық және сот-баллистикалық сараптамалары тағайындалды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Тергеу жалғасып жатыр.

    Оқылып жатыр

    Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

    17.11.2025

    Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

    28.10.2025

    Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

    25.10.2025

    Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

    16.10.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты Алматыда өтіп жатыр

    18.11.2025

    Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

    17.11.2025

    Абай университетінде агробиостанция ашылды

    11.11.2025

    Саяси элитадағы ағайындылар

    10.11.2025

    Атақты әнші Jah Khalibтің Ақтөбедегі концерті өтпейтін болды

    06.11.2025

    «Заң және тәртіп»: Жетісу университетінде құқықтық мәдениетке бағытталған кездесу өтті

    06.11.2025

    Абай универсиеті әлемдік марапатқа ие болды

    06.11.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.