Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Елжас Отышиевтің ұсталғанын растады, деп хабарлайды Tarazy.kz
«2026 жылғы 11 қарашада ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылқызметі Самұрық-Қазына АҚ басқармасының төрағасы Н. Жақыпов пен ҚТЖ ҰК АҚ басқармасының төрағасы Е. Отыншиевті және сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен басқа да адамдарды ұстады. Істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деп хабарлады бейсенбі күні ҰҚК.
Еске салайық, бұған дейін журналист Михаил Козачков Жақыпов пен Отышиевке қатысты тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқаны туралы хабарлаған болатын. Кейін саясаттанушы Ербол Еділов «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ-ның бірқатар топ-менеджерлерінің ұсталғаны туралы хабарлады. Әлеуметтік желілерде чемодан мен сөмкелерден шашылған долларлардың видеосы кең тарады.
