Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 6 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026

      Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

      26.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысында қызылшаға қарсы міндетті егу жұмыстары басталды

    Жамбыл облысында қызылшаға қарсы міндетті егу жұмыстары басталды

    Өңір тынысы 18.09.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша Еуропа елдерінде қызылша ауруының кең таралуы және өсуі екпенің дер кезінде салынбағандығынан деп танылған болатын.

    Жамбыл облысында қызылшаға қарсы екпе егу науқаны басталды. Екпе 20 мен 29 жас аралығындағы жастарға міндетті. Бұл туралы Жамбыл облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі және сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғазиз Надуев айтты.

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша Еуропа елдерінде қызылша ауруының кең таралуы және өсуі екпенің дер кезінде салынбағандығынан деп танылған болатын. Мұндай қолайсыздық Қазақстанды да айналып өтпеді. Мамандардың айтуынша, 2018 жылдың қараша айынан бастап біздің елде де қызылша ауруына шалдығушылар саны артқан.

    — Қызылша аурушаңдығы көбінесе 0-1 жасқа дейінгі екпе егілмеген бүлдіршіндердің арасында тіркелуде. Осыны ескере отырып, ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап 9-10 айлық 11 мыңнан аса балаға егу жұмыстары жүргізіледі. Бұған 3 мыңға жуық дәрігер қамтылған. Ал енді қызылша аурушаңдығының алдын алу мақсатында өңірде 20 мен 29 жас аралығындағы топтарға қызылша мен қызамыққа қарсы қосымша иммундау науқаны басталды,- Ғазиз Надуев.

    Жамбыл облыстық денсаулық басқармасының жұқпалы ауруларды тәуекелдерін басқару консультативті-әдістемелік орталығының басшысы Гуля Мирзабекова облыс бойынша 428 науқас осы инфекциямен ауырып, ем алып шыққанын айтады.

    Осы ретте қызылша қандай ауру деген сұраққа да мамандар жауап қатты.

    — Басты белгілері денеге бөртпелер шығып, жөтел пайда болады. Көз шырышты қабаты тітіркеніп, адамда дене қызуы көтеріледі. Індеттің алдын алмаса пневмония, жүйке тамыр жүйелерінің бұзылуы сияқты асқынуларға соқтырады. Ауа тамшылары арқылы жұғады. Алайда, аурудың алдын-алуда таптырмас құрал — балаға екпе салдыру, — дейді Гуля Мирзабекова.

    Өз кезегінде Гуля Мирзабекова облыстағы ата-аналарды қызылшаға қарсы міндетті егу жұмыстарына жауапкершілікпен қарауға, сондай-ақ балалардың салауатты өмір салтын сақтауын қадағалауға шақырды.

    вакцина екпе Тараз

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Қазақстанда 7000-дай зиянды сайт бұғатталды

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.