Close Menu
    Оқылып жатыр

    Абай университетінде мамандықтар жәрмеңкесі өтті

    30.04.2026

    ЖИ және жемқорлық: қайсысы жеңеді?

    28.04.2026

    “Байтақ” партиясының басшысы Азаматхан Әміртайды Ресейге кіргізбей қойды

    28.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 30 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Абай университетінде мамандықтар жәрмеңкесі өтті

      30.04.2026

      ЖИ және жемқорлық: қайсысы жеңеді?

      28.04.2026

      “Байтақ” партиясының басшысы Азаматхан Әміртайды Ресейге кіргізбей қойды

      28.04.2026

      Жетісу университетінде қазақ тілінің цифрлық ресурстары талқыланды

      28.04.2026

      «Болашақ» бөлген күмәнді миллиардтар

      27.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026

      Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

      27.04.2026

      Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

      17.04.2026

      «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

      14.04.2026

      Атыраудағы полиция басшысы қызметтен кетті

      13.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жұманқұловты жазадан «жекжаттары» аман алып қалды ма?

    Жұманқұловты жазадан «жекжаттары» аман алып қалды ма?

    Өңір тынысы 11.04.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link


    Басшыларының немкеттілігінен өзіне коронавирус індетін жұқтырдым деп санайтын Меркі аудандық ауруханасының инфекционист дәрігері Толқынай Ордабаеваның әлеуметті дүр сілкіндірген әлеуметтік желідегі жазбасы негізінде Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев жүргізген тексеру кезінде ауруханадағы басқа да былық-шылықтар анықталыпты. Нәтижесінде ауруханада ойларына келгендерін істеп келген Меркі аудандық ауруханасы бас дәрігердің міндетін атқарушы мен Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының балдыздары, Меркі аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары мен бас есепші қызметтерінен қуылды.

    — Комиссия аудандық аурухана жұмысының, оның ішінде дәрігерлер Т.Ордабаева мен Қ.Төреқұлдың өтініштерінде көрсетілген фактілер бойынша тексеру шараларын жүргізді. Көптеген мәліметтер расталды. Ұжымда жағымсыз моральдық-психологиялық жағдай қалыптасқан десек, оған бірінші кезекте емдеу мекемесі басшылығының өз кәсіби міндеттеріне жауапсыз қарағандығы себеп болған,- деді Е.Жылқыбаев.

    Жол берілген заң бұзушылықтар негізінде Меркі аудандық ауруханасы бас дәрігердің міндетін атқарушы Д.Нүсіпбаев, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Шойбекова және бас есепші Қ.Мұқаева қызметінен босатылған. Біз бұған дейін бас дәрігердің орынбасары мен бас есепшіні Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жұманқұловтың балдыздары екенін жазған болатынбыз.

    Бұған дейін «Нұр Отан» да тексеріп, олар Меркі ауданы әкімінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасары мен Меркі аудандық ауруханасы бас дәрігердің міндетін атқарушыға тәртіптік жаза қолданған.

    Жалпы, жамбылдық көзі ашық азаматтар Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов жайында «жақсы адам, бірақ білікті маман, мықты ұйымдастырушы емес» деген пікірде. Оның өзіне қарасты шалғайдағы аурухана-емханадағы жағдайларды, дәрігерлерге қатысты кейбір шиеленісті мәселелерді жасырып-бүркемелеп келген, не өзі шешпей жүрген жайттардан хабардармыз. Ол жайында алдағы уақытта арнайы тоқтала жатармыз.

    Осы орайда айта өтерлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Жамбыл облысының әкімдігі және «Нұр Отанның» Жамбыл облыстық филиалы Жұманқұловқа «әй» дей алмай отырғанының басқа да себептері бар сияқты. Олай дейтініміз –Жұманқұловтың тамыр-танысы, әйгілі әнде шырқалатындай «бекзаттары-жекжаттары», жалпақ тілмен айтқанда байланысы тереңде екенімен байланыстыратындар көп.
    Яғни, бұл шудан Жұманқұловтың басын аман алып шығуын – береулер оның Денсаулық сақтау министрі Е.Біртановтың жерлесі, руласы екенімен байланыстырса, енді береулер «екі аяқты да бажа тату» демекші, бажасы Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы Б.Қарашолақовтың «қамқорлығы» деп біледі.

    Нұрболат ӘЛДИБЕК,
    Жамбыл облысы

    Жамбыл облысы

    Оқылып жатыр

    Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

    27.04.2026

    Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

    27.04.2026

    Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

    17.04.2026

    «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

    14.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Абай университетінде мамандықтар жәрмеңкесі өтті

    30.04.2026

    ЖИ және жемқорлық: қайсысы жеңеді?

    28.04.2026

    “Байтақ” партиясының басшысы Азаматхан Әміртайды Ресейге кіргізбей қойды

    28.04.2026

    Жетісу университетінде қазақ тілінің цифрлық ресурстары талқыланды

    28.04.2026

    «Болашақ» бөлген күмәнді миллиардтар

    27.04.2026

    Метродан жылыстаған миллиондар: бірнеше тұлға жемқорлық бойынша жауапқа тартылды

    27.04.2026

    Бейжай қарамайық: белгілі заңгер даулы видео иесін жауапқа тартуға шақырды

    27.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.