Жамбыл облысында құрылысы 2018 жылы аяқталып, қожайындарын күтіп тұрған барлығы 380 пәтер «7-20-25» бағдарламасы арқылы сатылымға қойылған болатын. Жыл басынан бері «7-20-25» бағдарламасы арқылы осы үйлердің бүгінге дейін 67 пәтері сатылды, — деп хабарлайды Tarazy.kz..
Осыған сәйкес, қалған 313 пәтер (Арай-2 шағын ауданында — 66 пәтер, Сүлеймен көшесінің соңындағы 15 шағын ауданда – 247 пәтер) «7-20-25» бағдарламасы арқылы қазіргі таңда сатылу үстінде. 2019 жыл қорытындысымен 1460 пәтерлі 21 кредиттік тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарланған. Осыған орай келер жылы 1460 пәтерді болжамды 60/40 пайызбен алған жағдайда, 584 пәтерді «7-20-25» бағдарламасы арқылы сату жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтары үшін ірі қалаларда жалдамалы тұрғын үй құрылысын ұлғайту қажет.
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2018 жыл қорытындысымен тұрғын үй құрылысы саласында 13 үй немесе 953 пәтер (Таразда–3, Сарысу-2, Шуда-1,Талас-6,Жамбыл-1) сатып алу құқынсыз жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, халық игілігіне берілді.
Ал, 2019 жылы 658 пәтерлі 9 тұрғын үйдің құрылысы және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілу үстінде. Оның 130 пәтерлі 2 үйі 2020 жылға өтпелі болса, 528 пәтер жыл қорытындысымен аяқтау жоспарланып отыр. Оның ішінде (жаңа құрылыс Таразда- 400 пәтерлі 5 үй (оның 80 пәтерлі 1 үй — 2020 жылға өтпелі), Қордай ауылында 50 пәтерлі 1 үй (4261 шаршы метр) 2020 жылға өтпелі, Жамбыл ауданы Аса ауылында 18 пәтерлі 1 үй (1152), қайта жаңғырту Сарысуда-190 пәтерлі 2 үй (9 568), 187 пәтер кезектегі көпбалалы отбасыларына тұрғын үйді сатып алу.
Мұндай тұрғын үй сертификаттарын беру біліктілігі жоғары педагогтер, медицина қызметкерлері, полицейлер және өңірге қажетті басқа да мамандар үшін ипотеканың қол жетімділігін арттырады.
Тұрғын үй сертификаттарын берудің қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрық жобасы бекітілгеннен кейін Жамбыл облысы бойынша 1 (бір) миллион теңгеге дейінгі әлеуметтік көмек және әлеуметтік қолдау түрінде тұрғын үй сертификаттарын алушылар тізбесінің жобасы дайындалу үстінде, бұйрық жобасы бекітілгеннен кейін жұмыстар атқарылатын болады.
«7-20-25» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасына қатысуға ниет білдірген Білім, Мәдениет, Денсаулық сақтау және Спорт басқармаларының қызметкерлерін алдын-ала тексеруден өткізудің қорытынды есебі жүргізілді. Нәтижесінде кездесуге жолданған қызметкерлердің жалпы 1 795 адам. Қабылдауға келген – 1 247 адам. Оның ішінде несие алуға мүмкіндігі бар деп танылғандар – 417 адам. Несие алуға мүмкіндігі бар деп танылғандардың ішінде несие рәсімдеуге келісім бергендер – 121 адам.
Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтары үшін ірі қалаларда жалдамалы тұрғын үй құрылысын ұлғайту қажет.
Бұл шаралар 250 мыңнан астам отбасы үшін тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
Бюджет есебінен салынатын жаппай құрылыс алаңдарына арналған инженерлік инфрақұрылым жүргізуді қоса алғанда, мемлекет бес жыл ішінде 650 мың отбасыға немесе 2 миллионнан астам азаматтарымызға қолдау көрсетеді.
Кредиттік тұрғын үйге мәселесі бойынша, 2019 жылы 1 460 пәтерлі(111 175 шм) 21 тұрғын үйдің құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Оның 800 пәтерлі 10 үй (59 725 шм) 2018 жылдан өтпелі. Ал, 660 пәтерлі 11 үйдің (51 450 шм) құрылысы 2019 жыл басталып соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Аталған 1460 пәтерлі 21 үй ТҮҚЖБ және 7-20-25 бағдарламасы арқылы сатылатын болады.
Тұрғын үй сертификаттарын берудің қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрық жобасы бекітілгеннен кейін Жамбыл облысы бойынша 1 (бір) миллион теңгеге дейінгі әлеуметтік көмек және әлеуметтік қолдау түрінде тұрғын үй сертификаттарын алушылар тізбесінің жобасы дайындалып, жұмыстар атқарылатын болады.