Close Menu
    Оқылып жатыр

    Алдағы жылыту маусымына 384 млрд теңге бөлінді

    27.07.2026

    Каспийдегі шабуылдан кейін Иран Украинаға қатаң ескерту жасады

    27.07.2026

    Мұнай бағасы күрт төмендеді

    27.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 28 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алдағы жылыту маусымына 384 млрд теңге бөлінді

      27.07.2026

      Каспийдегі шабуылдан кейін Иран Украинаға қатаң ескерту жасады

      27.07.2026

      Мұнай бағасы күрт төмендеді

      27.07.2026

      Қызылордадан Алматыға келген келіншек жоғалып кетті

      27.07.2026

      Алматыда жеке кәсіпкер футбол академиясын салып жатыр

      25.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Алматыда түнде болған оқиғаның мән-жайы айтылды

    Алматыда түнде болған оқиғаның мән-жайы айтылды

    Ел іші 11.06.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Алматы полиция департаменті маусымның 10-нан 11-не қараған түні қоғамдық тәртіпті бұзу туралы, атап айтқанда, түнгі уақытта қала бойынша санкцияланбаған митинг және кейінгі шеру фактісі бойынша мәлімдеме жасады.

    Полиция мәліметінше, кеше, 2019 жылы 10 маусымда шамамен 18:00 және 2019 жылы 11 маусым 02:00 аралығында Алматы қаласында бірнеше адамдар тобы қоғамдық тәртіпті бұзды. Осы заңбұзушылықтарға қатысқандарды полиция ұстады.

    «Жақын арада аталған оқиғаларға құқық қорғау органдары тарапынан толық құқықтық баға берілетін болады. Сонымен қатар, инсинуацияны болдырмау және халықты анық хабардар ету мақсатында полиция қазіргі уақытта расталған бірқатар деректерді айтқым келеді», — деді полицейлер.

    10 маусымда 18:00 шамасында «Алғабас» ықшамауданында «Алатау» театрының алдында Р. Заитовтың шақыруымен бір топ адам рұқсат етілмеген митинг өткізу мақсатында жиналды. Тарау туралы талап етілгеніне қарамастан олар құлақ аспай, полицияға қарсылық көрсетті және ұсталды. Сондай-ақ, кейбірі Алматы Арена маңындағы жолды жапты.

    Заитовпен әңгімелесуден кейін ол босатылды. Сонымен қатар, Алматы қалалық полиция департаментінің  («Целиный» ғимараты) алдында оны қолдау үшін бір топ адам жиналды. Заитов үйінен келіп, олардың тарауын өтінді және арандатуға жол берілмеуін сұрады.

    Жиналғандар бірнеше топқа бөлініп, қаланың әр бөлігіне тарады. Бірақ, олардың бірі жеке автокөліктермен Төле би және Абай даңғылдарындағы қозғалысты бұғаттады. Ені үш-төрт колоннаға сапқа тұрып, дыбыс сигналдарын іске қосып, төмен жылдамдықта қозғала отырып, авто терезелерінен шығып, олар іс жүзінде қалыпты қозғалысты шектеді. Сонымен қатар, осы көшелерде жол бойында қозғалыстарды, қиылыстарды жауып, апатты жағдайларды туғызып, адамдар тобы жүрді. Адамдар өздерін агрессив, қатты айғайлап, ысқырып, өздерін бейәдеп ұстады.

    Құқық бұзушылар қандай да бір нақты талаптар қоймаған.

    «Заңсыз акция қатысушылары бірнеше қылмыстық әрекет жасады. Мәселен, түнгі уақытта Төле би даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында «Сайран» автовокзалына қарама-қарсы заңсыз акцияға қатысқан автокөлікті жол қозғалысын реттеу қызметін атқарып жүрген жол-патрульдік полиция қызметкері қағып кетті. Дәрігерлер оның оң жіліншігінің жамбас сүйегінің сынғанын анықтады. Жүргізуші қылмыс орнынан бой тасалаған, алайда ол көп ұзамай ұсталды және оған ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша іс қозғалды», — деді полицияөкілдері

    Алматы қаласының Алатау ауданында кешкі уақытта бір топ адам мас күйде полиция автокөлігіне зақым келтірген. Олар көлікке тас лақтырып, терезесін шаққан. Тәртіп бұзушылар ұсталды.

    Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

    «Аталған құқық бұзушылықтар бойынша кешкі және түнгі уақытта полицияның жедел басқару орталығына «102» пультіне қалалықтардан 1250 өтініш келіп түсті. Оның 70 пайызы түнгі оқиғалар болды. Тұрғындар түнгі уақытта шу мен айғайлардан үрейленген. Жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғандарға наразы болды. Полиция органдары заңсыз іс-әрекеттердің жолын кесу бойынша тиісті шаралар қабылдады. Құқық бұзушылар ұсталды», — делінген полиция мәлімдемесінде.

    Қазіргі уақытта Алматыдағы жағдай толығымен бақылауға алынды. Көлік және барлық қызметтердің қалыпты жұмыс істеуі қамтамасыз етілді. Көшелерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша барлық шаралар қабылданды.

    Полиция қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермейтінін, кез келген құқыққа қайшы әрекеттерге, азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төнетін заңға қайшы әрекетке барғандар заң аясында жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді. Қосымша мәліметтер ақпараттың нақтылануына қарай БАҚ-та хабарланатын болады.

    Алматы митинг

    Оқылып жатыр

    Қызылордадан Алматыға келген келіншек жоғалып кетті

    27.07.2026

    Алматыдағы автобус жолағын алып тастауға петиция жарияланды

    24.07.2026

    Алматыдағы кептеліс проблемасын қалай шешуге болады?

    22.07.2026

    Алматы — әлемдегі ең қымбат қалалар тізімінде

    07.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Алдағы жылыту маусымына 384 млрд теңге бөлінді

    27.07.2026

    Каспийдегі шабуылдан кейін Иран Украинаға қатаң ескерту жасады

    27.07.2026

    Мұнай бағасы күрт төмендеді

    27.07.2026

    Қызылордадан Алматыға келген келіншек жоғалып кетті

    27.07.2026

    Алматыда жеке кәсіпкер футбол академиясын салып жатыр

    25.07.2026

    Алматы облысында тоғызқұмалақтан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды

    25.07.2026

    Даму қорының басшылары 315 млн теңге сыйақы алған

    25.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.