Close Menu
    Оқылып жатыр

    Түркияда “Евразия кубогы” жарыстары басталды

    18.04.2026

    Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

    17.04.2026

    Қазақстанда тегін берілетін дәрілер сатылып келген

    17.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 21 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Түркияда “Евразия кубогы” жарыстары басталды

      18.04.2026

      Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

      17.04.2026

      Қазақстанда тегін берілетін дәрілер сатылып келген

      17.04.2026

      Зейнетақы жинағына қатысты жаңа ереже: бүгіннен бастап талап өзгерді

      17.04.2026

      Жолға асфальт төселмес бұрын құрылыс материалдары зертханадан өтуі тиіс

      17.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

      17.04.2026

      «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

      14.04.2026

      Атыраудағы полиция басшысы қызметтен кетті

      13.04.2026

      Атырау облысында сиырлар жаппай ауырып жатыр

      09.04.2026

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Алакөлдің туристік әлеуетін арттыруға қандай кедергілер бар

    Алакөлдің туристік әлеуетін арттыруға қандай кедергілер бар

    Басты тақырып 21.07.2024
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    2023 жылы Алакөлдің Жетісу облысына қарасты жағалауында 1,6 млн турист демалған. Бұл — елдегі ең танымал туристік бағыттардың бірі. Бүгінде Ақши және Көктұма аймағында 302 демалыс орны қызмет көрсетуде. Жыл соңына дейін сегіз орын іске қосылады. Бұл туралы Жетісу облыстық Кәсіпкерлік және инновациялық, индустриялық даму басқармасы мәлімдеді. Басқарма басшысының орынбасары Данияр Ысқақовтың айтуынша Алакөлге қатынайтын көліктің барлық түрі реттелген. Астана мен Алматыдан және Талдықорғаннан аптасына 28 рет 3 түрлі рейс жүзеге асады екен.

    «Оның ішінде 2 рейс субсидияланған, олар «Алматы-Үшарал» және «Талдықорған-Үшарал», 1 коммерциялық «Астана-Үшарал. Жекелей айтсақ, Алматыдан «Оңтүстік аспан» әуе компаниясы аптасына 10 рет ұшады. Билет бағасы 18000 теңге. Талдықорғаннан «Жетісу» әуе компаниясы аптасына 14 рет қатынайды, билет бағасы 8000 теңге. Астанадан «Qazaq Air» аптасына 4 рет ұшады», дейді Данияр Искаков.

    Жетісу облысы әкімдігінің Кәсіпкерлік және инновациялық, индустриялық даму басқармасы басшысының орынбасары Данияр Ысқақов

    Ал темір жол арқылы Алматы, Астана және Талдықорған қалаларынан Алакөлге 12 рейс қатынайды. Оның ішінде “Астана-Достық” бағытында 30 сағат жүретін Тальго пойызы да бар. Алыс аймақтан келетін туристер үшін ең танымал әрі қолайлы көлік түрі де темір жол саналады. Одан бөлек, жазғы маусымда Алматыдан Алакөлге тұрақты түрде 50 орындық жайлы автобустар жүреді.

    Талдықорған — Алакөл жолы

    Осы уақытқа дейін халық үнемі наразы болатын автожол қатынасы реттелген. Алматыдан Алакөлдің Абай облысындағы жағалауына туристер жеңіл көлікпен 12-13 сағатта жетсе, Жетісу облысындағы Ақши және Көктұма ауылдарына 8-9 сағатта баруға мүмкіндік туған. Жол жүру уақыты 3-4 сағатқа қысқарғаны туристер үшін қуанышты жайт. Себебі автомобиль жолы толық аяқталған. Бірақ жаңадан аяқталған екі жолақты автодәлізге көпшілік разы емес. Оларды жолдағы қауіпсіздік алаңдатады.

    Алакөл жағасында шешімі табылмаған мәселе көп. Ең негізгісі — елдегі барлық туристік аймаққа ортақ проблема дәретхана тапшылығы. Тіпті, жоғарыда аталған 300-ден аса демалыс аймағына ортақ кәріз жүйесі жоқ. «Meruert Resort» демалыс орнының директоры Әлішер Манниковтің айтуынша кәріз жүйесі салынған, бірақ іске қосылмаған Әр демалыс орны кәріз суы мәселесін өзі шешуге мәжбүр.

    Әлішер Манников

    Visit Zhetysu туристік ақпараттық орталығының дерегіне бойынша «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» жолына 2023 жылы 4 санитарлық-гигиеналық торап салынған. Атап айтқанда, Қызылағаш ауылының оң жағында 323 шақырым, Жансүгіров ауылының сол жағында 386 шақырым, сол жақта 472 шақырым, оң жақта 509 шақырым. Алайда жол бойы мен туристік нысандарда дәретхана мәселесі шешілді деп түбегейлі айтуға болмайды.

    Аймақтағы ең негізгі қиындықтың бірі — жағалаудағы қауіпсіздік. Тәртіп сақшыларының, туристік полицияның, құтқарушылардың, медицина қызметкерлерінің тапшылығы анық байқалады. Мысалы, Ақши ауылында шағын амбулаториялық пункт бар. Мыңдаған турист үшін тым аздық етеді. Ал ең жақын аурухана 60 шақырым жердегі Үшарал қаласында орналасқан.

    Ал Vizit Zhetysu ақпараттық орталығының басшысы Жандос Нуриевтің айтуынша, аймақтың туристік әлеуетін арттыру, демалушылар санын ұлғайту, аймақтың танымалдығын жоғарылату үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Осы маусымда Алакөлдің Жетісу облысында орналасқан жағалауында күніне 20 мыңдай адам демалып жатыр.

    “Туристердің демалыс уақытын одан ары қызықты ету мақсатында биыл алғаш рет біздің орталықтың бастамасымен AlakolFest фестивалін ұйымдастырдық. 20 шілде күні Ақши ауылының орталығында еліміздің эстрада жұлдыздары қатысқан үлкен кеш өтті. Алаңдағы концертті 5 мыңнан астам адам тамашалады. Бұл — музыкалық фестивальдің бастамасы ғана деп ойлаймын. Біздің мақсат — Алакөлге келетін турист санын 2 миллионға жеткізу” деді Vizit Zhetysu басшысы Жандос Нуриев.

    Vizit Zhetysu басшысы Жандос Нуриев

    Назар аударар маңызды мәселенің бірі — Ақши мен Көктұма ауылдарының айырмашылығы. Ақши туристік аймақ мәртебесіне ие. Мемлекет тарапынан қолдау бар. Ал Көктұма ауылы ондай мәртебе алмаған. Көктұмада турист күтетін кәсіпкерлер де, жергілікті тұрғындар да елдімекеннің туристік аймақ мәртебесін алғысы келеді. Сонда инфрақұрылым дамып, туристер ағыны ұлғаяды деген сенімде.

    AlakolFest Vizit Zhetysu Ақши Алакөл Алакөл ауданы демалыс аймағы Жетісу ауданы ішкі туризм отандық туризм туризм

    Оқылып жатыр

    Түркияда “Евразия кубогы” жарыстары басталды

    18.04.2026

    Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

    17.04.2026

    Қазақстанда тегін берілетін дәрілер сатылып келген

    17.04.2026

    Зейнетақы жинағына қатысты жаңа ереже: бүгіннен бастап талап өзгерді

    17.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Түркияда “Евразия кубогы” жарыстары басталды

    18.04.2026

    Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

    17.04.2026

    Қазақстанда тегін берілетін дәрілер сатылып келген

    17.04.2026

    Зейнетақы жинағына қатысты жаңа ереже: бүгіннен бастап талап өзгерді

    17.04.2026

    Жолға асфальт төселмес бұрын құрылыс материалдары зертханадан өтуі тиіс

    17.04.2026

    Бес жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Қарағандыда ұсталды

    16.04.2026

    Жаңа партиялар пайда болса, бәсекелестік болады — Мәулен Әшімбаев

    16.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.