Бұған дейін мемлекеттік туын өзгерткен Қырғызстан енді әнұранын қайта жазбақшы, деп хабарлайды Tarazy ақпарат.
Қырғызстанның мемлекеттік әнұранын қайта жазу жоспары туралы Парламент спикері Нұрланбек Шәкиев мәлімдеді. Бұл бастаманы қырғыз басшысы Садыр Жапаров қолдады.
Қазіргі әнұран 33 жыл бұрын Қырғызстан тәуелсіздік алған кезде жазылған. Қырғыз Республикасының Мемлекеттік әнұраны 1992 жылғы 18 желтоқсанда Қырғыз Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен бекітілді.
Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстан өзінің мемлекеттік туын өзгерткен болатын.