67 шақырымдық жолдың 2 жолағында астыңғы негіздемесінен бастап жоғары қабатына дейін толық жасалған. Енді қалған 2 жолақ бойынша жұмыстар жүруде. Онда топырақ негіздемесі 61,7 шақырым аумаққа салынса, 53,6 километрінде асфальтбетонның 1 қабаты төселіпті.
Сондай-ақ жолдың 51,4 шақырымына соңғы беткі қиыршық мастикалық асфальтбетон қабаты салынған. Нысанды жыл соңына дейін қолданысқа беру жоспарланып отыр.
Қайта жаңарту жұмысын «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС-і, инженерлік қызметі СП «Egis International» және ТОО «CS Consultants» мердігер ұйымы атқарып жатыр.
Аталған нысанның жұмыстары мен материалдарының сапасына «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облысы бойынша филиалы сараптама жасап, үнемі бақылайды. Жыл басынан бері мұнда 58 құрылыс материалы сараптамадан өткізілсе, оның 27-і нормаға сәйкес емес екен. Мердігер ұйыммен кемшіліктерді жою бойынша жұмыстар атқарылуда.