Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Талғарда тағы трагедия: 24 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды

    12.05.2026

    Президенттікке кандидат болған саясаткер партиядан кетті

    12.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 14 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Талғарда тағы трагедия: 24 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды

      12.05.2026

      Президенттікке кандидат болған саясаткер партиядан кетті

      12.05.2026

      «Рейдерлік туралы айтып беремін»: Мәсімовтің күйеу баласы мәлімдеме жасады

      12.05.2026

      Қара алтын құны өсіп жатыр

      12.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026

      Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Абай универсиеті әлемдік марапатқа ие болды

    Абай универсиеті әлемдік марапатқа ие болды

    Жаңалықтар 06.11.2025
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағыпедагогикалық бағыттағы көшбасшы Абай университеті QS Stars халықаралық рейтингтік жүйесі бойынша «Бес Жұлдыз» үздік белгісін иеленіп, өзінің позициясын одан ары нықтай түсті. Бұл мәртебелі марапат еліміздің тұңғыш жоғары оқу орнына академиялық, ғылыми-зерттеу, әлеуметтік қызмет және тиімді басқару бағыттарындағы жетістіктері үшін табыс етілді.

    Корея Республикасының Сеул қаласындағыKorea университетінде Азиядағы жоғары білім ордалары үшін аса әлеуетті «QS Higher Ed Summit: Asia Pacific – 2025» саммитінің өтіп жатқанына бүгін үшінші күн. Осы салтанатты жиынбарысында Абай университеті QS Stars жүйесі бойынша «Бес Жұлдыз» үздік белгісін иеленіп, Қазақстан жоғары оқу орындарына үлкен серпіліс әкелді. Бұл мәртебелі атақ – «5 Stars» үздік белгісі университеттің академиялық, ғылыми-зерттеу, әлеуметтік қызмет және тиімді басқару бағыттарындағы жетістіктері үшін беріліп отыр.

    QS Stars рейтингі – жоғары оқу орындарын оқыту сапасы, ғылыми зерттеу, түлектердің жұмысқа орналасуы, әлеуметтік жауапкершілік және басқару тиімділігі сияқты негізгі бағыттар бойынша кешенді бағалайтын халықаралық жүйе. Бұл бағалау әр университеттің бірегей артықшылықтарын айқындап, олардың жаһандық білім кеңістігіндегі орнын көрсетеді.

    Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-Ректор Болат Тілепке салтанатты түрде табыс етілді. Онда QS Starsжүйесі бойынша аудиттен сәтті өткен және жоғары нәтижелерге қол жеткізген Азияның үздік университеттері аталды.

    – Университеттің кешенді аудиттен өтуі біздің мықты және әлсіз тұстарымызды айқындауға әрі даму бағыттарымызды нақтылауға мүмкіндік берді. Ал «Бес Жұлдыз» рейтингі – халықаралық деңгейде бүкіл ұжымымыздың жүйелі, мақсатты және қажырлы еңбегінің мойындалуының айқын дәлелі», – деді ректор.

    Осылайша, Абай университеті «Болашақ жоғары білім» саммитінде жоғары нәтижеге қол жеткізіп, Қазақстанның жоғары білім саласының сапасы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

    Естеріңізге сала кетейік, білім берудегі жаңа технологиялар, демографиялық өзгерістер және Азия университеттерінің тәжірибесі биылғы саммиттің басты тақырыбына айналды. Панельдік сессияларда стратегиялық ынтымақтастық негізі тренд ретінде қаралды. Халықаралық басқосу қазіргі университеттер үшін географиялық орналасу немесе елдің экономикалық даму деңгейі басты нәрсе емес екені айқындап, ғаламдық академиялық қауымдастықты біріктіретін стратегиялық әріптестік желілері мен оларды дамыту маңызды екенін көрсетті.

    Абай университеті білім оқу орны рейтинг

    Оқылып жатыр

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Талғарда тағы трагедия: 24 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды

    12.05.2026

    Президенттікке кандидат болған саясаткер партиядан кетті

    12.05.2026

    «Рейдерлік туралы айтып беремін»: Мәсімовтің күйеу баласы мәлімдеме жасады

    12.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ұлттық қордың бүйірі бұлтия бастады ма?

    12.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.