Close Menu
    Оқылып жатыр

    Тапқан табыс пен шығын сәйкес келмесе 10% салық төлеуіңіз мүмкін

    02.04.2026

    15 жастағы қазақ баласы «Барселона» клубымен шартқа қол қойды

    02.04.2026

    Танымал журналист Дәнеш Асқарбекұлы “Жетісу” телеарнасының директоры болып тағайындалды

    02.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 2 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Тапқан табыс пен шығын сәйкес келмесе 10% салық төлеуіңіз мүмкін

      02.04.2026

      15 жастағы қазақ баласы «Барселона» клубымен шартқа қол қойды

      02.04.2026

      Танымал журналист Дәнеш Асқарбекұлы “Жетісу” телеарнасының директоры болып тағайындалды

      02.04.2026

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026

      Ақмола облысының тұрғыны 24 жылдан кейін сотталды

      02.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Атыраудағы Яна Легкодимованың қазасы: Полиция қылмысты қалай ашты?

    Атыраудағы Яна Легкодимованың қазасы: Полиция қылмысты қалай ашты?

    Жаңалықтар 24.11.2025
    видеодан кадр
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Атыраудағы 23 жастағы Яна Легкодимованың өлімі қоғамда үлкен резонанс тудырды. Бұл қылмысты полиция сегіз ай іздестіріп, тыңғылықты жедел-тергеу жұмысының нәтижесінде ашты. Polisia.kz полиция қаскөйлерді қалай құрықтағанын жазды, деп хабарлайды Tarazy.kz 

    «Бірінші адам жоғалу дерегімен іс тіркелді. Хабар түскен бойда оны іздеуге кірістік. Бірқатар жұмыс атқарылды. Адам ұрланғаны жөнінде мәліметтер жинақталған соң істі адам ұрлау дерегі бойынша жүргіздік. Одан соң іс кісі өлтіру дерегіне өзгертілді», — деді Атырау облысы криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Ерлан Құсайынов.

    20 қазанда полицияға қыздың анасынан оның хабар-ошарсыз кеткені жөнінде хабар түскен. Тәртіп сақшылары Янаның түр-сипатына, ерекшеліктеріне қарай сұрау салып, іздестіру жұмыстарын жүргізген.

    «Оның үйден шыққан сәтінен бастап жүрген бағытын қалпына келтіре бастадық. Камералар қыз мінген ақ түсті көлікті көрсетті. Жанында есікті ұстап тұрған екінші ер адам болған. Кейін ол да көлікке отырған. Одан соң олар Талдыкөлге қарай бағыт алған», — деді Атырау облысы ПД тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Темірхан Хажмұратов.

    Қаладағы бейнекамералардың жазбалары қаралып, күдікті көліктің жүру бағыты тексерілген. Осылайша қызды алып кеткен екі ер адам анықталған. Бірі қылмысты өз қолымен жасаса, екіншісі оған қылмыс ізін жасыруға көмектескен.

    «Күдіктілер екі күннен кейін ұсталды. Бірі Құрманғазы ауданына кетіп үлгерген, екіншісі көлікті жуатын орынға апарып, іздерді және марқұмның телефонын жойған», — деді  тергеуші Хажмұратов.

    Тергеу материалдарына сәйкес Хайржанов көліктің ішінде Янаны тұншықтырған, ал досы Қатимов қыз қашып кетпесін деп есікті ұстап тұрған. Бұдан кейін олар сүйекті қала сыртына апарып, өзенге лақтырған.

    «Алдымен Хайржановты анықтадық. Оның жауабы бойынша екінші күдікті Қатимовты таптық. Күдіктілер ұсталып, бірақ сүйек табылмағаны тәжірибемде алғаш рет болды. Соған қарамастан күдіктінің сөзі бойынша қылмыс болған орынды анықтадық», — деді Ерлан Құсайынов.

    Қылмыскер мен марқұм бір университетте оқыған және бірін-бірі 2022 жылдан бері білген. Қыз-жігіт ретінде қарым-қатынаста болған. Қаскөйлер бұрын-соңды сотты болмаған, қандай да бір есепте тұрмаған. Жедел уәкілдің айытуынша, мұндай жағдайларда ұсақ-түйектің өзін ескеру маңызды.

    «Қылмыс тіркелген уақытта жедел уәкіл ұсақ түйек мән-жайларға назар аударады. Оны ескермесең, қылмыс ашылмай қалуы мүмкін. Адамның сөйлегеніне назар аударамыз. Психологиялық жағдайына мән береміз. Күдіктіні сөйлетуге тырысамыз», — дейді жедел уәкіл.

    ІІМ мәліметінше, қылмыс жасалуына Янаның Хайржанов басқа қызбен кездесіп жүргенін және оған үйленбек екенін біліп қоюы, қалыңдығына шындықты айтамын деп оқталуы түрткі болған. Тергеушінің айтуынша, басты күдікті әуелде тергеуді шатастыруға тырысқан. Алайда тәртіп сақшылары тактиканы өзгертіп, қылмыскердің жауапкершіліктен жалтаруына жол бермеген.

    «Сот санкциясы бойынша біз олардың парақшаларын тексердік. Хат алмасу барысында олар кісі өлтіру жоспарын талқылаған. Сондай-ақ, ғаламтордағы іздеу жүйесінде Қазақстанда адам өлтіру үшін қандай жауапкершілік қарастырылатыны және бейнебақылау камераларындағы жазбалар қанша уақыт сақталатыны туралы сұрақтар болған», — деді тергеуші Темірхан Хажмұратов.

    Оқылып жатыр

    Тапқан табыс пен шығын сәйкес келмесе 10% салық төлеуіңіз мүмкін

    02.04.2026

    15 жастағы қазақ баласы «Барселона» клубымен шартқа қол қойды

    02.04.2026

    Танымал журналист Дәнеш Асқарбекұлы “Жетісу” телеарнасының директоры болып тағайындалды

    02.04.2026

    Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

    02.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тапқан табыс пен шығын сәйкес келмесе 10% салық төлеуіңіз мүмкін

    02.04.2026

    15 жастағы қазақ баласы «Барселона» клубымен шартқа қол қойды

    02.04.2026

    Танымал журналист Дәнеш Асқарбекұлы “Жетісу” телеарнасының директоры болып тағайындалды

    02.04.2026

    Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

    02.04.2026

    Ақмола облысының тұрғыны 24 жылдан кейін сотталды

    02.04.2026

    Ерболат Досаев “Самұрық-Қазына” қорындағы лауазымынан да айырылды

    02.04.2026

    Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

    01.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.